Іі. Заттың сапалық ҚҰрамын анықтау



бет6/124
Дата22.09.2022
өлшемі1,45 Mb.
#39819
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   124
4. Калийдің феррипериодаты литий тұздарымен сарғыш түсті тұнба түзеді:

Тәжірибе: 1 тамшы литий тұзының ерітіндісіне 1 тамшы натрий хлориді-нің қаныққан ерітіндісін және 2 тамшы реагентті қосады. Су моншасында 50оС қыздырғанда сарғыш түсті тұнба түзіледі.
Тәжірибені жүргізу жағдайлары:
1) реакцияның ортасы рН = 9-10 болуы тиіс;
2) температураны 50оС-ден арттыруға болмайды, себебі 90-100оС темпе-ратурада натрий хлориді калийдің ферропериодатымен тұнба түзеді;
3) реакцияның жүруіне ионы кедергі келтіреді.
5. Жалынның боялуы
Литийдің ұшқыш тұздарын жалында ұстағанда жалынның түсін ашық – қызыл түске бояйды.
Тәжірибе: Шыны таяқшаға дәнекерленіп бекітілген нихром немесе платина сымын концентрлі тұз қышқылына батырып, оны жалында ұстап өртеп тазалайды. Жалынның түсі өзгермей қалғанша бірнеше рет қайталайды. Тазартылған сымды литийдің құрғақ тұзына баты-рып жалында ұстайды, сонда ашық-қызыл түсті жалынды индиго ерітіндісі құйылған жалпақ шыны ыдыс немесе көгілдір әйнек арқылы байқауға болады.
К+ катионының сапалық реакциялары


1. Натрий гидротартратымен NaHC4H4О6 калий тұздары ақ кристалды тұнба түзеді:


Тәжірибе: Түбі үстік сынауыққа 4-5 тамшы калий тұздарының (КСl және KNО3) ерітіндісін және осыншама натрий гидротартраты ерітіндісін қосып, сынауықтың ішкі қабырғасын шыны таяқшамен үйкелегенде ақ кристалды тұнбаның түзілгенін байқауға болады. Ол тұнбаны араластырып, үш сына-уыққа бөліп, ерігіштігін байқау керек. Біріншісіне 1-2 тамшы күшті сілті, екіншісіне күшті қышқыл құйғанда тұнба ериді. Ал, үшіншісіне 2 тамшы дистилденген су құйып, араластырып, қыздырғанда ғана тұнба ериді.
Тәжірибені жүргізу жағдайлары:
1) реакцияның ортасы бейтарап немесе әлсіз қышқылдық болуы тиіс (рН = 5–7), күшті қышқылдық, сілтілік ортада тұнба еріп кетеді, ал сірке қыш-қылында ерімейді. Қышқылдық ортаны ерітіндісімен, ал сілтілік ортаны ерітіндісімен бейтараптайды;
2) реакцияны төменгі температурада жүргізеді, жоғары температурада тұн-баның ерігішітігі артады;
3) калий иондарының концентрациясы жоғары болуы тиіс;
4) реакцияның жүруін тездету үшін механикалық әсер ету қажет;
5) және – элементтерінің катиондары реакцияның жүруі-не кедергі келтіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   124




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет