Ііі қорытынды IV пайдаланылған әдебиеттер Кіріспе


Кеңес дәуірінде зерттелуі



бет6/10
Дата27.04.2023
өлшемі218,5 Kb.
#87545
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Дип.-С.-Аманжоловтың-оңтүстік-диалектісін-зерттеуі (2)

2.1.Кеңес дәуірінде зерттелуі.
Қазақ тіліндегі жергілікті диалектілерді арнайы зерттеу жұмысы шын мәнінде кеңес дәуірінде ғана басталды.
Диалектология мәселелері жөнінде ең алғаш мақала жазған белгілі жазушы – ғалым Жүсіпбек Аймауытов еді.
Осы күні ғалымдар қолданып жүрген «Жергілікті тіл ерекшеліктері» деген атауды алғашқы қолданған Ж. Аймауытов.
КСРО Ғылым академиясының қазақ филиалы 1937 жылы алғаш рет Алматы облысының кеген, нарынқол; Оңтүстік Қазақстан облысының Мақтаарал; қарағанды облысының Нұра аудандарына диалектологиялық үш экспедиция шығарды. Мұндай экспедициялар 1939 жылы Мақтаарал , Маңғыстау, Торғай аудандарында, 1940 жылы Сарысу, Арал, Орда аудандарында болып, материал жинады. Міне, осы кезден бастап күні бүгінге дейін Қазақстанның әрбір аудандарына жылма – жыл диалектологиялық экспедициялар шығарылып келді. Тіпті Ұлы Отан соғысы жылдарында да бұл жұмыс біржола тоқтап қалған жоқ. 1943 жылы академияның кейбір ғылыми қызметкерлері Түлкібас, Жуалы, Талдықорған аудандарында болып, материал жинаған. 1944 жылы Ж. Досқараев «Оңтүстік диалектісінің кейбір мәселелері» деген тақырыпта кандидаттық диссертация қорғады.
Қазақ диалектологиясы қазақ тіл білімінде кейін қалыптасқан салалардың бірі болғандықтан, оның кейбір мәселелері тіл мамандары арасында көпке шейін пікір таласын туғызып келді.
19 ғасырдан, әсіресе оның екінші жартысынан бастап, орыс туркологиясы түркі тілдерін зерттеуде алғашқы қадам жасап, елеулі нәтижелерге жетті. Бірақ соның өзінде түркі тілдерінің әлі де белгісіз, ашылмаған сыры аз емес еді. Бірсыпыра түркі тілдерінің ревалюцияға дейін жеке тіл ретінде танылмай, тек наречие дәрежесінде қаралып келуі бұған айғақ бола алады. Профессор П. М. Мелиоранский алғашында қазақ тілі диалектісіз деп, соңынан кейбір ерекшеліктерімен таныса келе басқаша пікір айтуы да осыны көрсетеді.
Дәл осындай жағдайда ғасырлар бойы келе жатқан диалектілер бірден сіңіп, жоғалып кетті деу, әрине, артық болады. қайта жоғарыда айтылған жағдай диалектілік ерекшеліктердің белгілі мөлшерде сақталып қалуына мүмкідік берді.
Қазақ тілінде диалект бар ма, жоқ па деген пікір таласы 1953 жылға дейін созылды.
Қазақ диалектологиясының тарихында 1937 жылдан 1950 жылдың орта тұсына дейінгі зерттеу жұмыстарының ерекше орны бар.
Ж. Досқараев 1955 жылы «Қазақ тілінің жергілікті ерекшеліктері» (лексика) деген атпен диалектологиялық сөздік шығарды.
С. Аманжоловтың ғылыми мұрасында қазақ тілінің диалектологиясы туралы еңбектері басты орын алды. Оның 1959 жылы шыққан «Вопросы диалектологии и истории казахского языка» атты күрделі еңбегі автордың диалектология мен тіл тарихы саласында көп жылдар бойы жүргізген зерттеу жұмысының нәтижесі еді.
Қазақ диалектологиясы үшін көп еңбек сіңірген ғылымның бірі – филология ғылымының кандидаты Ж. Досқараев. Оның әсіресе халық тіліндегі мол байлықты – диалектілік ерекшеліктер мен кәсіби сөздерді – жинаудағы еңбегі ерекше атап өтуді керек етеді. Бірнеше жылдар бойы экспедиция ісіне тікелей қатыса жүріп, Қазақстанның көптеген аудандарынан материал жинады. Әсіресе, оңтүстік өлкедегі халық тілі ерекшелігін жете зерттеп, оның жүйелі құбылыс екенін ғылыми дәлелдеп брді. Ж. Досқараев бұл іске үнемі басшылық етіп, бірнеше жылдар бойәы Қазақстан Ұлттық Ғылыми академиясында Тіл білімі институтының диалектология бөлімін басқарды. Қазақ тіліндегі диалектілік ерекшеліктері жинау әдістері жайында мақалалар жариялап, сұраулық жасауға қатысты.
Ж. Досқараевтың қазақ диалектологиясына сіңірген еңбегі мұнымен ғана бітпейді. Оның 1955 жылы шыққан «Қазақ тілінің жергілікті ерекшеліктері»(лексика) деген еңбегі тек қазақ тіл білімінде емес, туркология ғылымының диалектология сөздіктердің бірі болып табылады.
Ж. Досқараев қазақ тілі сөйленістерін зерттеуде салыстырмалы тарихи принципті қолданудың алғашқы үлгілерін көрсетті. Бұдан басқа Ж. Досқараев қазақ тілі диалектологиясы мәселелеріне арнап бірнеше мақала жазды.
Қазақ диалектолгиясы мәселелерімен профессор Нығмет Тінәліұлы Сауранбаев та шұғылданды. Қазақстан Ғылым академиясының тарих және диалектология бөлімін басқарды. Оның «Диалекты в современном қазахском языке» және басқа ғылыми мақалаларында қазақ тілі тарихына байланысты қазақ диалектологиясының тероиялық мәні бар мәселелері сөз болды. қазіргі сөйленістерді тіл тарихындағы елеулі кезеңдермен байланыста қарап, қазақ диалектологиясының қалыптасу, даму тарихы туралы ілімді тереңдетті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет