Ііі қорытынды IV пайдаланылған әдебиеттер Кіріспе



бет10/10
Дата27.04.2023
өлшемі218,5 Kb.
#87545
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Дип.-С.-Аманжоловтың-оңтүстік-диалектісін-зерттеуі (2)

Лексикалық ерекшеліктер
1. Оңтүстік сөйленістерге ортақ лексикалық ерекшеліктер.
Егін, жер суландыру шаруашылығына, бау-бақша, жеміс, мал атауларына байланысты кәсіби сөздердің басым көпшілігі оңтүстік сөйленістердің бәріне тән: сүдігер, атыз, жүйек, көмбеқонақ, сота, қоза, жекелеу, оман арық, қауыншек, дембілше, пада, падашы, есек, қодақ, т.б. Күнделікті өмірде қолданылатын ортақ сөздерге мысал: ақыр — малға шөп салатын орын, асар — көмек, жәрдем, әпкіш — иін ағаш, дәйілше — 2-3 бұттық қап, жадағай астарсыз жеңіл шапан, жуалдыз - тебен ине, келімдәрі - қызылбұрыш, кірлен - шылапшын, сым — шалбар, көрпелдес — кенже туған қозы, қошна — көрші, тана — бір жасқа дейінгі бұзау, зуала — қамыр нанның үзіндісі, ақта — піштірілген мал т.б.
2. Онтүстік сөйленістердің бәріне емес, 2, 3, 4 сөйленіске ортақ лексикалық ерекшеліктер.
Жетісу, Шу сөйленістеріне ортақ сөздерге мысал: кепсер — бауырсақ сүзгіш, мият — тірек, көмек, наубай — нан пісіретін орын, себет — талдан тоқыған ыдыс, чанда-чанда — анда-санда, шынтақ — трубаның иіні, ошақ пеш — дөңгелек темір пеш.
Ташкент, Шу, Шымкент сөйленістеріне ортақ сөздерге мысал: асадал — тамға қоятын сырлы, оюлы шкаф, байтаба — жүннен тоқылған шұлық, қойқосақ - кемпірқосак, мере — сөре, сапал - үлкен кесе, таңамал - таң сәрі, шайдоз — мыс құман, тураған — етті ұсақтап турап, сорпалап жасалған тамақ, асық — артық, ашық-машық - топса.
Ташкент, Шымкент, Қызылорда сөйленістеріне ортақ сөздерге мысал: кекпір — нан сүзгіш, тәбімше — ойымша, шәйлә — қамыс қора, шолпы — тесік ожау, шопақ — қауын-қарбыз дәні, жап — егіндіктегі кішкене арық, жарма — үлкен арық.
Шымкент, Қызылорда, Шу, Ташкент сөйленістеріне ортақ сөздерге мысал: бастырма — бір жақ қабырғасы ашық, төбесі жабық қора, бәдірен — қияр, жүдә — аса, өте, тіпті, мүлде, кеуіл — көңіл, таға — нағашы, шақа — бақыр ақша, нәренжу — жүдеу, арықтау, жертөле -жер үй, еге — ие.
3. Оңтүстіктегі жеке сөйленістерге тән лексикалық ерекшеліктерге мысал.
Ташкент сөйленістерінде: аюан — үйдің алдыңғы бөлігі, әндемі -үй сылайтын темір қалақша, бақуат — қуатты, дәш - дала, жам -шылапшын, зұлпын — есіктің ілгешегі, кәм — аз, кем, қам — шикі, мәйек — жұмыртқа, өтен — туып-ескен жер, әпше — әпке, кәлет — қате, манзұр - лайық, пәкизе — таза, әчі — ащы, жегене -жалқы; тұрақты сөз тіркестері: алағаудан болу — көңіл бөліну, әуірі басылу — желігі басылу, кумәнға шыгу — ақтау, құтқару, пеш қыліу — қыр көрсету, табым жоқ — көңілім жоқ, башаны шағу -зорлық істеу.
Қызылорда сөйленістерінде: атшөлке — киіз қамыт, айырқом -
желқом ер, көпе — марқа, бағлан, әтешкір - шымшуыр, егерше -
ершік, мойыншалғы — шәрпі, күртік — еттің наны, қарғын — ағыны қатты су, мәнпағат — күнкөріс, қылды бақыр — шелек, қайыс нан -
етке салатын нан, кеусандық — үлкен сандық, әуіт — шығырдың су
жиналатын жері, мастық — шығырдың арқалығы, шану — сену; тұрақты сөз тіркестері: бақадар әлінше — өз өлінше, кес болу - бөгет болу,
қайлы болу — көңілі қалу, мыш етпеу — шімірікпеу, құлақы әңгіме -ел аузындағы әңгіме, атымы келмеу — реті келмеу.
Шымкент сөйленісінде: ақаба — қақтың суы, аң — шұңқыр, жыра, аскеді — асқабақ, әсел — бал, дәбі — дәлелі, себебі, кәшек — мал жеген шөптің қалдығы, мәшке — бөдене аулайтын ит, молақан -қарақшы, нам — ылғал, дым, сыпа — үйдің төбесі, шақтау — бұтақтау, шекі — ерсі, шебік — кебеже, мизаж — ыңгай, басқыш — самауырдың түтін сөндіргіші; тұрақты сөз тіркестері: біршек болу - бірлесу, қосылу, бірігу, дәрпі кету — атағы шығу, сүйек қас болу –тұқымымен қас болу, тәннен шығу — разы болу, ыза шығу — су шығару, ынтығын қағу - ынтық болу.
Шу сөйленісінде: астана — табалдырық, булық — самауырдың түтін өшіргіші, елет — туыс, жоңғуыр — сүргі, жұрттық — жұрт жәрдемі, забын — ауыртпалық, зәк - дым, сыз, кенайы — жеңге, күрсі — мосы, мәрт — жомарт, мелдесу — бәстесу, насыр көже -кеспе көже, өлпең — ыстық, қапырық, тәс орамал — қол орамал, шажа — таудың биік басы, чілік — ойын аты, шабара — тор, чық —тұздық; тұрақты сөз тіркестері: ежіре қылу — келісу, мелдек ату — тойып тұру, чекенелеп құю — аздап құю, қамыры ашу — жаны ашу, ұқық қылу — жер аудару, нәзім қылу — мақтау.
Жетісу сөйленісінде: абетай - таза, әйбір - бұйым, нәрсе, бұлың -бөлме, жақамау — жақтырмай, дас — деген, шылапшын, дерен — үлкен, жуан, жамбақы — ұры, жозы — аласа дөңгелек үстел, зай — дымқыл, дым, көдек — есектің кұлыны, кунәйім – күнәлі, лақажда — жуырда, манақа — мән, себеп, мүкі — жөні, реті, науан — биік, үлкен, сердебе — сірне, кембе — жүгері, ыраң — таңертең; тұрақты сөз тіркестері: желге ауу — суық тию, қыдыра асу — тік, тура асу, суретке тарту — суретке түсіру, баран қылу — жария ету.
Тәжік сөйленісікде: мәстаба — ет, күріш, майдан жасалған тамақ, палаукеді — палау асқабағы, сукеді — ыдыс жасайтын қабақ,
ғыжым — пүліш, мөкі — өкшесіз аяқ киім, нім кесе — үлкен кесе,
ләлә - жайпақ табақ, пар - құс жүні, амбыр - тістеуік, мағыз -
керпенің жиегі, обы — суармалы егін, сәрвәнт. — судың көмейі, тоғыра кепе — қамыс кепе, зият — артық, жұма — сиыр, чақ — арық түрі; тұрақты сөз тіркестері: арқада қалу — артта қалу.


Қорытынды.
Бүкіл қазағымызға тән емес, тек Шымкент аумағындағы өз халқымызға тән мұндай сөздер ауызекі сөйлеу тілінде халқымыз арасында біршама баршылық екендігіне көзім жетті, мен зерттеген азғана уақыт ішінде жоғарыдағыдай сөздермен ұшырасатын осы секілді диалектілерді әлі де іздестіріп табу алдағы уақыттың екіншісінде, әрине.
Мұндай диалектілерді іздестіріп, біліп жүрудегі мақсатым – халқымыздың келешегі болып саналатын жастарды өзі өмір сүретін жергілікті жердегі диалектілерді біле жүргеніме оны ауызекі сөйлегенде қолданбай, таза әдіби тілде сөйлеуді насихаттау, туған тілімізді келешек ғасырларға таза, әдеби қалпында жеткізу.
Жалпы әлемде 5 жарым мыңдай тіл бар екендігінен хабардармыз. Сол тілдердің ішіндегі бірден – бір таза, бай тіл болып саналатын туған тіліміз қазақ тілін өткен ғасырда – ақ әлем зиялылары мойындаған екен.
Ғалым Мешоранский «Қазақ тілі түркі тілдерінің ішіндегі ең таза, әрі бай, тілге жатады», - десе.
Клапрот: «Қазақтардың диалектісіз бір тілде сөйлетіндігіне көзім жетті» - депті.
Әрине туған тіліміздің қасиетті мәртебесі табиғаттың сыйы, әйтпесе, жаңа Гвинея сияқты 2 миллиондай ғана адамы бар арал тұрғындары 400 дей тілде сөйлейді екен, яғни көрші деревня тұрғындары бір – бірін түсінісе алмайды. Бұл, меніңше, қасірет қой.
Құдайға шүкір әлемде өмір сүретін 12 миллиондай қазақ (демограф М. Тәтімов есебі бойынша) бірімен – бір ана тілінде түсінісе алады.
Сондықтан, әр қазақтың абыройлы міндеті – ата – бабамыздың бізге аманаттап тастап кеткен сарқылмайтын да, сатылмайтын да байлығы – туған тілімізді таза, әдеби қалпында келешек ғасырларға жеткізу.
Тілімізді таза сақтауымыз үшін өзіміз өмір сүретін өңірде қандай диалектілер бар екенін біле жүріп, әдеби нормадан ауытқымай сөйлеу. Әрқайсысымыз – үлкеніміз де, кішіміз де тілге ұқыпты болуымыз керек.
Оңтүстік Қазақстанда тұратын қазақтар тілінде кездесетін диалектілік құбылыстарды зерттеу төмендегі мәселелер төңірегінде айтуға мүмкіндік береді:
1. Бұл өлкені қоныстанған қазақтардың тілінде кездесетін диалектілік құбылыстардың дені олардың тілінің ең алдымен лексикалық жүйесіне байланысты. Екінші сөзбен айтқанда, мұндағы диалектілік өзгешеліктердің көлемі жағынан молы — лексикалық құбылыстар. 2. Зерттеліп отырған говордың лексикасын тіліміздің езге говорларының материалымен салыстыру ондағы диалектілік сөздердің кәп жағдайда республиканың оңтүстік аймағы тұрғындары тіліндегі лексикалық материалмен ұқсас болып келетіндігін көрсетеді. Мәселен говорда айтылатын: шиша, ақын, жандық, қойымшылық, дай, там, шырпы, бойра, ауқат, зағара, пәтір алақшын, әбжіл, майыр, азан, пада, гәп, тәңге т.б. тәрізді диалектілік сездерді біз оңтүстік облыстарда тұрушы қазақтардың да тілінен кездестіреміз. Зерттеліп отырған говордың лексикасындағы сөздердің құрамы республикамыздың оңтүстік аймағының халқының тіліне ғана (ортақ) ұқсас емес, диалектілік материалдарды салыстырып қарағанымызда, қазақ тілінің батыс говорларымен де ұқсас екенін көреміз. Мысалы, говорда мынадай сөздер кездеседі: аламан, ашқыш, атауыз,әтешкір, бел, дыр, жарын, күртік, қызалақ, мәнет, маса-темір, шарқат, шөбік, нән т. б. Сонымен бірге, мұнда тек Шымкентте тұратын қазақтар тілінде ғана қолданылатын біраз сөздердің бар екенін айтуымыз керек. Осы өлкеде айтылатын: кетек, ағары, аударыспақ, әрем, арғыз, бітте (қазір), дегерек, есепдар, бұрнау, кешірі, көзайна, күшен, қалет, тиқы сөздері осындай сөздер.

  1. Құрамы жөнінен алғанда зерттеліп отырған говордың диалектілік лексикасы тіліміздің арғы дәуіріне тән байырғы сөздерді де, сол сияқты көрші түркі тілдерден енген кірме сөздерді де камтиды. Кірме сөздердің ішінде сан жағынан ең көбі — қарақалпақ тілінен енген
    сөздер. Гозорға қарақалпақ тілінен ауысқан сөздердің мол болу жағдайы түсінікті де, өйткені тілдің ең өзгергіш саласы лексиканың өзге тілдің әсеріне бейім келетіні — белгілі жағдай. Қарақалпақстанда тұратын қазақтар болса, бұл өлкені олар көп заманнан қоныстанып келгені тарихтан белгілі.

  2. Зерттеліп отырған говордағы фонетикалық жергілікті құбылыстардың баршасын дерлік тіліміздегі дыбыс
    алмасуы деп аталатын құбылыстың төңірегіне топтап көрсетуге болады. Мұндағы дыбыс алмасуын дауысты және дауыссыз дыбыстардың алмасуы деп екі жікке беліп, дауысты дыбыстардың алмасуынан говорға ең сипаттысы деп: а/е, о/ұ, е/ы, е/і, ұ]ы, ө/ү, о/а, е/ү, ы/а, е/і, ө/е дыбыстардың алмасуын атар едік; дауыссыздардың ішінен говорда жиірек алмасатыны — с/ш, б/м, л/н, з/с, д/л, д/т, к/г, к/ғ, б/п, б/у, м/п, шіс, д/н, т/л, ғ/к,, г/кг н/ц, й/г, һ/х дыбыстары.

  3. Грамматикалық құрылым жөнінен зерттеліп отырған говор әдеби тіліміз бен езге говорларымыздан аса оқшау тұрған жоқ. Бұл өлкеде тұратын қазақтар тілін грамматикалық тұрғыдан ерекшелейтін диалектілік белгі деп мына құбылыстарды атауға болады. Олар — етістіктің н/-ын, -ін/, -сьщыз/-сіңіз, -жақ, -сан/-сен қосымшалы тұлғалары. Бұл тұлғалардың кебі республиканың оңтүстік бәлігі мен батыс бөлігінің де тұрғындарының тіліне тән, мұның бұлай болуы — біраз лексикалық және фоиетикалык өзгешеліктердің аталған аймақтардың тұрғындары тіліне ортақ болуы — қарақалпақ жерінде тұратын қазақтардың этногенездік жағынан жақындықтарымен түсіндірілуге тиіс. Осы жөнінен алғанда Шымкентте тұратын қазақтар говорын аралас говор немесе құранды говор деп атаса да болар еді. Мұнымен қатар, зерттеліп отырған говорда, әсіресе лексика саласында, қарақалпақ тілінің әсері айқын көрінеді. Бұл соңғы жағдай да говорды аралас-ауыспалы говор деп атаудың дұрыстығын қуаттайды. Грамматикалық құбылыстар ішінен Шымкентте тұратын қазақтардың тіліне ғана тән, басқа жерде кездеспейтін, құбылыстар бар ма дегенде, мұндағы етістіктің өткен шақ көсемше түрінің қолданылуындағы ерекшелікті айрықша бөліп айтуға керек. Етістіктің бұл тұлғасы баяндауыш қызметінде келгенде әдеби тілдегідей ежелгі өткен шақ мағынасында қолданылмай, осы шақ мағынасында қолданылады. Мысалы, кино көріп отырмын деудің орнына кино көріп отырыппын деп айту — қарақалпақ қазақтары үшін норма. Бұл өлкеде ең жиі қолданылатын диалектілік форманың бірі.

  4. Зерттеліп отырған говорда кездесетін жергілікті тілдік құбылыстарды өзге тілдің материалдарымен салыстырып қарағанымызда, олардың бірқатарының өзара ұқсас болып келетінін көреміз. Мұның бәрі сол тілдердің говорға тигізген әсерімен қатар, мүндай ұқсас құбылыстардың біразы оларға ортақ тарихи белгілердің бар екендігін аңғартады, өйткені олар көне түркі жазбаларының мағлұматтарымен сәйкес келіп жатады.

  5. Біздің зерттеуімізге негіз болған материалдың көпшілігі қарақалпақ АССР-ының солтүстік-шығыс аудандарында (Мойнақ, Тақтакепір, Шымбай, Кегейлі, Қараөзек және салыстыру үшін Қоңырат ауданынан да жиналды) тұрушы қазақтардың тілінен жиналды. Солай болғандықтан, Шымкентте тұратын қазақтар тілі деп жалпылама айтып отырғанымызды көбіне осы аудандарға қатысты деп түсіну керек. Әрине, мұнда шымкентте мекендейтін қазақтардың тілінен де алынған материалдар жоқ емес.

  6. Сондай-ақ зерттеліп отырған говордың лексикалық материалын үңіле қарауда, біз оның құрамында әдеби тіліміздің қажетін өтерлік, оның лексикалық байлығын арттыруға септігін тигізер едәуір сөздердің бар екендігін байқадық. Мысалы, үшем., ағза, мәдени шертек, аударыспақ, сүзеуік, жүндіхана, жаргазеті, жатыс, қақыра, шөлкем т. б. Сөздерін әдеби тіліміздің игілігіне жаратсақ, терминологиямыздың байи тусуі сөзсіз. Ал бұл секілді сөздердің говорда талайы бар. Бұларды елеп-екшеп, әдеби тілдің кадесіне жарату — алдымызда тұрған практикалық маңызы бар парызымыз деуге болады.

  7. Жоғарыда біз халық тілінің жергілікті ерекшеліктеріндегі фонетикалық, лексикалык, грамматикалық материалдардың бірқатарының қазақ тілшің оңтүстік говорларының материалымен, ал енді бір тобын республиканың батыс аймағы тұрғындары тілінің материалымен сәйкес келетініи айттық. Мысалы, етістіктің зерттеліп отырған говорда айтылатын диалектілік тұлғалары көбіне батыс қазақтарының тіл ерекшеліктерімен ұштасып жататын болса, фонетикалық құбылыстардың көп жағдайда оңтүстік өлкенің қазақтары тіліндегі фонетикалық құбылыстарға жақын келетінін байқаймыз. Былай болуы, әрине, кездейсоқ нәрсе емес. Оңтүстік Қазақстан жерінде тұратын қазақтардың, тарихи шолуда көрсеткеніміздей, біразы батыс облыстарынан, біразы оңтүстік облыстарынан келгендігі мәлім. Демек, бұл жай говордың диалектілік жүйесін ауыспалы немесе аралас говор .деп тануымызға мүмкіндік береді. Екіншіден, зерттеліп отырған говорға қарақалпақ, өзбек (ішінара түрікмен) тілдерінін күшті әсер еткені бұрын айтылған пікірлерден белгілі. Міне, бұл жағынан да оны ауыспалы деп .айтуға әбден болады.



Әдебиеттер тізімі

  1. Айдаров Т. «Қазақ тілінің лексикалық ерекшеліктері». Алматы, 1975; «Лингвистикалық география». Алматы, 1977

  2. Балақаев С. «Қазақ тілінің мәдениеті». Алматы, 1971

  3. Досқараев Ж., Мұсабаев Ғ. «Қазақ тілінің жергілікті ерекшеліктері». Алматы, 1951

  4. Досқараев Ж. «Қазақ тілінің жергілікті ерекшеліктері». ІІ бөлім (лексика), Алматы, 1955; «Некоторые вопросы истории и диалектологии казахского языка». «Вопросы языкования», 1954, №2

  5. Жүнісов Н. И. «Халық тілінің жергілікті ерекшеліктері». Алматы, 1981.

  6. Кеңесбаев І. , Мұсабаев Ғ. «Қазіргі қазақ тілі». Лексика / фонетика. Алматы, 1975

  7. «Қазақ диалектологиясы» 1 – шығуы. Алматы, 1965

  8. «Қазақ ССР тарихы», 2 том. Алматы, 1983

  9. «Қазақ тілінің диалектологиялық сөздігі». Алматы, 1969

  10. «Қазақ тілінің жергілікті ерекшеліктері». Алматы, 1978

  11. «Қазақ тілі тарихы мен диалектологиясының мәселелері». 2 – шығуы. Алматы, 1960; 3 – шығуы. Алматы, 1960; 4 – шығуы. Алматы, 1962; 5 – шығуы. Алматы, 1963

  12. Қалиев Ғ. «Қазақ диалектологиясының мәселелері». Алматы, 1960; «Қазақ говорлары жүйесін зерттеу мәселелері». Алматы, 1977; «Қазақ говорларындағы диалектілік сөз тудыру». Алматы, 1977; «Қазақ говорларындағы диалектілік сөз тудыру». Алматы, 1985.

  13. Мұсабаев Г. Г. «Становление и развитие казахского литературного языка и вопросы казахской диалектологии». Алма – Ата, 1953

  14. Нақысбеков О. «Қазақ тілінің ауыспалы говоры». Алматы, 1972; «Қазақ тілінің оңтүстік говорлар тобы». Алматы 1982

  15. Нұрмағамбетов Ә. «Түркіменстандағы қазақтардың тілі». Алматы, 1974; «Қазақ тілі говорларының оңтүстік тобы». Алматы, 1978; «Жергілікті тіл ерекшеліктерінің төркіні». Алматы, 1985; «Қазақ говорларының грамматикасы». Алматы, 1986.

  16. Омарбеков С., Жүнісов Н. «Ауызекі тіліміздің дыбыс жүйесі». Алматы, 1985

  17. Радлов В. В. «Образцы народной литературы тюрских племен». Ч. ІІІ., СПб. 1870

  18. Сарықбаев Ш., Нақысбеков О. «Қазақ тілінің аймақтық лексикасы». Алматы, 1989


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет