Ііі қорытынды IV пайдаланылған әдебиеттер Кіріспе



бет1/10
Дата27.04.2023
өлшемі218,5 Kb.
#87545
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Дип.-С.-Аманжоловтың-оңтүстік-диалектісін-зерттеуі (2)




Жоспар


І Кіріспе


ІІ Негізгі бөлім

2.1. Қазақ диалектологиясының зерттелуі


2.2. С. Аманжоловтың оңтүстік диалектісін зерттеуі.
2.3 О. Нақысбековтың оңтүстік сөйленістерін зерттеу ерекшеліктері


ІІІ Қорытынды


IV Пайдаланылған әдебиеттер


Кіріспе
Халық тілінде кездесетін жергілікті тіл ерекшеліктері- тіл зерттеушілердің назарын ертеден аударып келе жатқан құбылыстардың бірі. Қай тілден болсын осы жергілікті деп аталатын тіл құбылыстарын кездестіреріміз анық. Бірінде аз, бірінде көп дегендейін, әйтеуір, мұндай жергілікті өзгешеліктердің барлық тілде бар екені рас. Қазақ тілі де осы сияқты, қазақ жұрты тараған өлкелердің бәрінде де сол жердің әрқайсысындағы қазақтардың тіліне тән сөз ерекшеліктерінің бар екені байқалып жүрген жайт. Мұны ғылымда диалектілік құбылыстар деп атайды. Диалектілік құбылыстар— халық тілінің жемісі, халық тілі дамуының кезеңі тудырған тіл құбылыстары. Әрбір өлкеде тұратын қазақтардың тілінде кездесетін бұл секілді тіл айырмашылығының пайда болуының тарихи сыры бар. Мәселен, біз осы еңбекте сез еткелі отырған қарақалпақ жерінде тұратын қазақтардың тіліндегі диалектілік айырмашылықты алатын болсақ, олардың көбінің-ақ түптеп келгенде із-өкшесі қарақалпақ тілінде, сонан кейін өзбек, түрікмен тілдеріне қатысты екенін көреміз. Мұның себебін тусіну онша қиын емес. Бұл жерде тұратын қазақтардың ежелден қарақалпақ, өзбек, түрікмен жұртымен іргелес, қоныстас, ағайындас ел болғанымен байланысып жатыр. Ұзақ жылдық тілдік қарым-қатынас нәтижесінде осы аймақ қазақтарының тіліне аталған тілдерден ауысқан сөздер аз емес. Ол сөздер өздері енген тілге әбден етене болып, сіңісіп кеткен. Демек, мұндағы біздің айтайық дегеніміз — қазақ тілінде де жергілікті тіл айырмашылығы бар екендігі, сосын оның өзі кездейсоқ пайда болмағандығы, белгілі тарихи дамудың нәтижесінде туған тіл құбылыстары екендігі. Әрине, бұл құбылыстардың көлемі барлық өлкенің қазақтары тіліне ортақ құбылыстармен салыстырғанда әлдеқайда аз. Бірақ көлем жағынан қанша шағын болғанымен, бұл өзгешеліктерді ескермеуге де болмайды.
Әдеби тіліміздің халық тілі негізінде дамып отырғаны белгілі. Халық тілі, халық диалектілері — әдеби тілді байытудың қайнар бұлағы. Бірақ әдеби тіл халық тілінің материалына талғаусыз қарамайды. Оның ішінен өіне керегін сұрыптап, елеп-екшеп алады. Жергілікті халық тілі әдеби тілмен осындай тығыз байланыста болғандықтан, оның жай-жапсарын жақсы біліп отыру, әрине аса қажет. Әдеби тілде сөйлеуге үйрену, сөз өзідеріне жаттығу мектеп қабырғасында қалыптасатын нәрсе болғандықтан, жергілікті тіл ерекшеліктері жөнінде хабардар болу — тіл пәнінің мұғалімдері үшін өте қажет. Мектептің қайсысын алсақ та, жергілікті халықтың қайнаған ортасына орналасқан мекеме екенін жақсы білеміз. Ал оқушы болса, сол жергілікті халықтың кішкене бір өкілі ғой. Оның тілінің де өзі туып-өскен ортасының тілінен, ата-анасыньщ тілінен алшақ болмайтыны түсінікті жайт. Демек, әр оқушыны әдеби тілде сейлеуге, әдеби тілде жаза білуге жастай баулитын негізгі орта — мектеп. Міне, осыдан кейін жергілікті тіл ерекшелігі деген не, оның әдеби тілге қарым-қатынасы қандай деген жайдан мұғалімдердін, әсіресе тіл пәні мұғалімдерінің хабардар болу қажеттігі туады.
Біз осы еңбекте Шымкент өлкесінде тұратын қазақтардың тілі туралы кейбір деректерге тоқталмақпыз. Әрине, мұнда беріліп отырған тікелей методикалық нұсқаулар жоқ. Алайда қазақ тілін оқытатын мұғалімдердің өз оқыту тәжірибесінде назар аударарлық кей жерлер туралы бұл еңбектен керекті мәлімет алары даусыз.
Негізгі мәселеге кіріспес бұрын осы жерде мына бір жайды ескерте кетудің қисыны бар. Халық тіліндегі жергілікті ерекшеліктерді зерттейтін ғылымда — диалектологияда мұндай әр өлкеге тән тіл құбылыстарын диалектілік ерекшелік деп атайды. Белгілі бір аймақтың тұрғын халқының тіліне тән диалектілік ерекшеліктер өзара ұқсас болады. Мұндай бір-біріне ұқсас құбылыстар белгілі ауданның, облыстың, яки жалпы бір территориялық аймақ халқының тілін қамтуы мүмкін. Мұндай бір жүйелі уқсас диалектілік құбылыстары бар территорияны тіл білімінде диалект немесе говор деп атайды. Мұның қазақ тілі білімінде көбірек қолданылып жүргені — соңғы говор деген термин. Шымкентте тұратын қазақтар тіліндегі жергілікті ерекшеліктер деп қайта-қайта айтып жатпау үшін, жұмысымызда тілі әңгімелеыіп отырған өлкедегі қазақтар тілін говор деп атап отырмыз.
Атамыз қазақ: «Тіл тас жарады, тас жармаса бас жарады» - деп бекер айтпаған. Қазақ сахарасында ер құнын бір ауыз құдіретті билер сөзі шешіп отырған. Сондықтан біздің халқымыз сөзге, оның мағынасына зор көңіл бөледі, айтқан сөздерәінде тұрады. Айтылған сөзді атқан оққа теңейді. Осындай ұлағатты халықтың ұрпағы болғандықтан, сөзге, оның мағынасының тіл мәдениетіне көңіл бөлемін. Сондықтан осы мәселелер жайлы айтып өтпекпін.
Өмірде болған құбылыстар мен заттардың бәрі де белгілі бір сөздермен аталады. Атаусыз сөз жоқ, сөз болмаған жерде атау да жоқ. Сондықтан сөз тарихы – тіл тарихымен, тіл тарихы – халық тарихымен, халық тарихы – қоғам тарихымен тығыз байланысты.
Адам баласы жаратылғаннан бастап, белгілі бір қоғамда өмір сүріп келеді. Өмір сүруге қажетті заттарды өндіруді де олар бірлесіп атқарған. Осындай бірлесіп атқарған еңбектің өзі адамзатты ойлай білуге, сөйлеуге мәжбүр еткен. Тіл адам баласының қол жеткен табыстарын сөздер арқылы көрсетеді. Әрбір тілдің сөздік құрамындағы сөздер сол халықтың басынан өткен ұзақ сонар тарихын оның саяси әлеуметтік өмірін бүкіл күн – көріс тіршілігін, тұрмыс – салтын, мәдени – рухани өмірін, экономикасын айнытпай айқын бейнелеп бере алады. Тілдегі сөз байлығын да біздің барлық білген біліміміз, ойымыз, идеямыз, ұғымымыз сақталған. Сонымен бірге біздің барлық сезіміміз, эмоциямызға дейін осында жазылып қойған.
Қазақ халқының да көш заманнан бері қарай өзімен қоса жасасып келе жатқан бай сөздік құрамы бар. Бұлар халқымыздың басынан кешкен бүкіл өмірінің шаруашылығы мен кәсібінің, материалдық байлығы мен рухани қазынасының жақсы айнасы, куәсі деп білеміз.
Сөз байлығы ұрпақтан – ұрпаққа өтіп, бірдей бірге жоғалмай сақталып келеді. Сөз - өте күрделі құбылыс.
Сөз біткеннің бәрінде де белгілі бір мағына болады. Бұл мағына зат пен құбылысты тікелей байланыстырмағанымен, сол ұғымды білдіретін баршаға танымал ортақ, белгі ретінде жұмсалады. Мәселен, нан, сүт, ет, деген сөздерді алсақ осылардың әрқайсысының әрі нақтылы, әрі жалпылық ұғымы бар. Су деп ыдысқа құйып ішкелі тұрған немесе арықтағы ағып жатқан бау – бақша суаратын нақтылы суды да, сонымен қатар дүние жүзіндегі мұхит, теңіз, көл, өзен, бұлақ, құдық біткеннің суын да су деп атай беруімізге болады. Сондықтан да сөз өзі қандай күрделі болса, оның мағынасы да сондай күрделі деп есептеледі.
Ал осы сөзді дүние жүзіндегі қазақтардың бәрі сол қалпында қолданады, бірақ тіліміздегі сөздер үнемі бұлай бола бермейді. Кейбір сөздер жергілікті тіл ерекшеліктеріне сәйкес әрі төңірек аймақтарда әр түрлі айтылып, түрліше мағынаға ие болатын да жағдайлар болады.
Ал осы (су) сөзін дүние жүзіндегі қазақтардың бәрі сол қалпында қолданады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет