1.Тоқуз оғуз беглері, будуны бу сабымын едгүті есід3
Қатығды1 тыңла.
Ілгерү - күн тоғсыққа
Біргерү - күн ортусыңару
Анта4 ічрекі будун қоп маңа2 Көрүр, анча5 будун (КТк, 2)
2.Ол йіргерү12 барсар, түрк будун елтечісісін6 Өтүкен йір олурып, арқыш-тіркіш Ысар,
нең бунуғ7 йоқ,
Өтүкен йыш олурсар15, бегү8 іл
тута олуртачысен,
Түрк будун13 тоқ, арық оқсен14,
ачсық, тосық емессен9, бір тодсар10,
ачсық11 емезсен16 (КТк, 8)
(Ғ.Айдаров. Орхон ескерткіштерінің тексі Алматы, 1990. 53-55 бб).
Тапсырмалар 1,2. Берілген сөздердің түбірлерін тауып, оның тұлғасының қандай фонетикалық процестер нәтижесінде өзгергенін түсіндіріңіз.
3.Тілдің алғашқы даму дәуірінде қай дыбыс қатаң т әрпімен берілген. Транскрипциясын жазыңыз. Д дыбысының шығу төркінін анықтаңыз.
4,5. Түркітанушылар дыбыс тіркестерін (сонор мен қатаң дыбыс тіркестері) тілдің қай кезеңімен байланыстырады? Қазіргі түркі тілдерінің қайсысында осы құбылыс сақталған, мысал келтіріңіз.
7,8. Берілген сөзде түркі тілдеріне тән қандай дыбыстық алмасуды көріп отырсыз. Түркі тілдеріне ортақ өзіңіз білетін дыбыстық алмасуларға мысалдар келтіріңіз.
9,10. Берілген сөздердің түбірлерін қазіргі қазақ тіліндегі тұлғасымен салыстырып, қандай дыбыстық ерекшеліктерге ұшырағанын анықтаңыз. Себебін түсіндіріңіз.
6,11. Ч дыбысының шығу төркініне, ежелгі, қазіргі, түркі тілдерінде қолданылу сипатына тоқталыңыз.
12, 13, 14, 15. Көне түркі тілінде лингвальды, лабиальды сингармонимзмнің қолданылуы, үндестік заңының сақталу, сақталмау ерекшеліктерін анықтаңыз.
Берілген сөздерде ассимиляция заңының сақталмау себебін түсіндіріңіз.