Ііі. Тапсырмалар фонетика күлтегін ескерткіші (Кіші жазу)


А.Яссауи. “Дивану хикмет” (XI-XII ғ.)



бет9/13
Дата26.10.2022
өлшемі77,31 Kb.
#45496
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
А.Яссауи. “Дивану хикмет” (XI-XII ғ.)

Келиң1 йығлың закир қуллар зикир айталың


Закирларни2 худа бишик сүйар ермиш.3
‘ашықсызларни иманы йоқ ай йаранлар
Дузах ичра4 тынмай5 дайим күйар ермиш.
Махаббатлығ6 ‘ашықларни худа сүйди
Аның үчүн дунийа ‘ақибын талақ қылды.
Жандин7 кечип йашын сачып ‘ашық болды
Руз махшар дидарыны көрар8 ермиш
‘ашықларни чын9 достыға10 жаны қурбан
(Ежелгі дәуір әдебиеті. Хрестоматия.Алматы, 1991. 115-бет.
Ауд.Б.Сағындықов)


Ахмед Иүгінеки. “Ақиқат сыйы” (ХП-ХШ ғ.ғ.)

129. Ешитгил11 билиглиг12 негү13 деп айур.


130. Адаблар башы тил күдäзмäк турур.14
131. Тилиң бекта тутғыл15 тишиң сынмасун16
132. Халы чықса17 бектин тишиңни18 сыйур19
133. Санып19 сөзлäгäн20 ер сөзи сөз сағы
134. Өкүш21 йаңшаған тил ей алмас йағы.21
135. Сөзүң бошлуғ22 етма23 йыға тут тилиң.
136. Йетар башқа бир күн бу тил бошлығы.
231. Ахы (жомарт) бол сеңа24 сөз сөкүнүч(сөгіс)25 келмäсүн
232. Сөкүнүч келгү26 йолны ахылық27 тыйур
233. Егилмаз28 көңүлни ахы ер егäр29
234. Тегилмас30 мурадқа ахы ер тегäр.31
(Ежелгі дәуір әдебиеті. Хрестоматия. Алматы, 1941.134-135 бб. Ауд.Б.Сағындықов).


Тапсырмалар
1, 11, 15, 16. Берілген етістіктер қай жақ-сан және рай тұлғасында тұрғанын анықтаңыз. Қазіргі қазақ және өзге де түркі тілдерінде қолданыла ма? Мысал келтіріңіз. Түбірдің басқы дыбысына назар аударып, дыбыс алмасу заңын есіңізге түсіріңіз.
2, 7,10. Кірме сөздің мағынасына назар аударып, барыс, табыс, шығыс септіктерінің жалғану ерекшеліктеріне, тұлғасына сипаттама беріңіз.
3, 5, 8, 19, 20, 23. Берілген сөздер етістіктің қай категориясында, жақ-сан, шақ тұлғаларында тұрғанын анықтаңыз. Қазіргі тілмен салыстырғанда түбір мен қосымшаның байланысуындағы тұлғалық, мағыналық өзгешеліктерге, ұқсастықтарға түсініктеме беріңіз. Болымсыз мағынаның берілу жолына назар аударыңыз.
4. Берілген сөз қай сөз табына жатады? Көне тұлғаны түбір мен қосымшаға ажыратып, олардың қазіргі тілдерде қолданылмау ерекшеліктеріне қарай тарихи қалыптасу, даму жолына сипаттама беріңіз.
6, 12, 22, 27. Берілген туынды есімдердің қалай, қандай сөз табынан, қандай қосымша арқылы жасалып тұрғанын анықтаңыз. Олардың түбір тұлғасындағы мағынасы мен туынды мағыналарын, тұлғасын қазіргі тіл деректерімен салыстырыңыз. Кірме сөздердің мағынасын анықтаңыз.
9.Көне түркілік жалпы зат есімнің дыбыстық тұлғасын қазіргі қазақ әдеби тілі мен диалектілерде қолданылу деңгейімен салыстырып, ұқсастық пен айырмашылықтарға тарихи тұрғыдан түсінік беріңіз.
13. Берілген қай сөз табы? Тұлғасына, дыбысталу ерекшелігіне анықтама беріңіз.
14. Күрделі сөз тіркесінің жасалу жолына, тұлғасына талдау жасаңыз.
17. Етістіктің қай тұлғасы? Қай жақ-сан, рай тұлғасында қолданылған? Түбір тұлғасындағы дыбыстық өзгешелікті қалай түсіндірер едіңіз?

  1. Тәуелді тұлғалы зат есімге табыс септігі қалай жалғанып тұр? Бұл ерекшелік немен байланысты деп ойлайсыз?

  1. Қай сөз табына жатады? Өлі тұлға ма, тірі тұлға ма? Бұл сөзді қазіргі тілде қандай сөздермен алмастыруға болады?

  1. Жіктеу есімдігінің септелуіндегі өзгешелікті қалай түсіндіресіз? Қазіргі түркі тілдерінде мұндай септелу үлгісі сақталған ба? Болса, қай тілдерде?

  2. Туынды зат есімнің жасалуына назар аударыңыз. Қазіргі қазақ тілінде дәл осы тұлғасында қолданылмауының себебін белгілі тілдік заңдылықтарға сүйене отырып түсіндіріңіз.

  3. Берілген сөз етістіктің қай категориясына қатысты? -гү қосымшасының осы позициядағы мағынасын, қызметін анықтаңыз.

28, 29, 30, 31. Етістіктерді түбір мен қосымшаға ажыратып, түбірлердің мағынасын анықтаңыз. Болымды, болымсыздық мағынаның берілу тәсілі мен тұлғалық ерекшеліктеріне түсінік беріңіз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет