Ііі. Тапсырмалар фонетика күлтегін ескерткіші (Кіші жазу)



бет7/13
Дата26.10.2022
өлшемі77,31 Kb.
#45496
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13
Тапсырмалар

  1. Берілген сөз қандай сөз табы екенін анықтаңыз. Қазіргі қазақ тілінде қолданыла ма? Мысал келтіріңіз. Түбірлес сөздерді табыңыз.

  2. Етістіктің қандай тұлғасы? Қазіргі қазақ тіліндегі қолданылу сипаты қандай? Тұлғалық, мағыналық дербестігі бар ма?

3, 4. Етістіктердің қай жақ, шақта тұрғанын, сандық көрсеткішін анықтаңыз. Өлі қосымшаларды анықтаңыз, олардың қазіргі тіліміздегі көрінісіне сипаттама беріңіз.
5,7. Есімдіктердің екі вариантын салыстырыңыз, әрқайсысының қалыптасу тарихын анықтаңыз.

  1. Етістіктің қай тұлғасы? Қазіргі қазақ тілінде қолданыла ма? Егер қолданылса, мағыналық, тұлғалық ерекшеліктеріне тоқталыңыз.

  1. Берілген туынды сын есім қандай сөз табынан жасалған? Синтаксистік қызметі қандай? Қазіргі қазақ тілінде қолданыла ма?

  2. Берілген етістік қай жақ, шақта тұр? Синтаксистік қызметі қандай?

  3. Берілген сөз қандай сөз табы? Қай септікте, қай жақта тұрғанын анықтаңыз. Зат есім мен септік жалғауы қазіргі қазақ тілінде қолданыла ма?

  4. Зат есімнің қай септікте, қай жақта тұрғанын анықтаңыз. Қазіргі қазақ тілінен осы зат есімге түбірлес сөздерді тауып, олардың құрамына, сөз табына қарай талдау жасаңыз.

  5. Қандай сөз табына жатады? Осы қалпында қазақ тілінде қолданыла ма? Өзге түркі тілдеріндегі қолданылу сипаты қандай?

  6. Қандай сөз табы екенін анықтап, қай септікте тұрғанын ажыратыңыз. Қазіргі қазақ тілінде дәл осы тұлғасында қолданыла ма?

14, 15. Берілген етістіктер қай жақ, сан, шақта тұрғандығын анықтаңыз. Түбірлес сөздерді анықтап, олардың қазіргі тілде қолданылу деңгейін ажыратыңыз.
16, 17, 18. Берілген зат есімдер қай септікте тұрғанын анықтаңыз. Қазіргі тілмен салыстырғанда зат есімдер мен септік жалғауларында болған фонетикалық өзгерістерге, қолданысына талдау жасаңыз.

  1. Жалқы есімнің қай жақта, қандай септік жалғауында тұрғанын және синтаксистік қызметін анықтаңыз.

  2. Қандай сөз табы? Морфологиялық талдау жасаңыз. Аталған сөз табының қазіргі қазақ тіліндегі қолданысы қандай?

  3. 22. Мына сөздер қай сөз табына жатады? Толық морфологиялық сипаттама беріңіз.

23, 24, 25, 26. Көне түркі тілдеріндегі сан есімдерді қазіргі қазақ тілінде жазып, тұлғалық ерекшелігі мен мағыналық айырмашылықтарына түсінік беріңіз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет