Ііі. Тапсырмалар фонетика күлтегін ескерткіші (Кіші жазу)


X-XII ғасырлар ескерткіштері



бет3/13
Дата26.10.2022
өлшемі77,31 Kb.
#45496
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
X-XII ғасырлар ескерткіштері
Жүсіп Баласағұни “Құтадғу біліг”



  1. Бу1 Айтолды кирди көрүнди2 сөкүб3

Ачылды4 елиг көңли5 ол көз йаруб.

  1. Йүкүнди елигкә6 көр ачты7 сөзи

Сүчитти8 сөзи хам сәвитти өзи.

  1. Елиг9 айды ким сен некү ол атың

Қайудын10 келирсен ол йатың.

  1. Амуллуқ билә ачты Айтолды тил

Силиглиг билә өз сөзин айды11 бил.


Ахмед Йүгінеки. “Ақиқат сыйы”



  1. Тат Испаһсалар бег үчүн бу китаб

  2. Чықырдым ажунда аты қалсу12 деп

  3. Китабымны13 көргү ешиткүн14 киши

  4. Шаһымны ду’а бирла йад15 қылсу деп

  5. Кединги16 келигли кишилар ара

  6. Аның17 зикри таңсуқ едиз болсу теп18

  7. Аның вудды бирла көңүллүр19 толуп

  8. Аның йады20 бирла ажун толсу деп.

  1. Билигтин айурмды сөзүмге21 ула

  2. Билиглигка йа дост22 өзиңни23 ула

  3. Билиг бирла24 билинүр са’адат йолы

  4. Билиг бил са’адат25 йолыны була.

(Ежелгі дәуір әдебиеті. Хрестоматия.Алматы, 1991. 95, 133-бб.)


Тапсырмалар
1, 5, 11, 12, 17. Дыбыстардың түсіп қалу құбылыстарын түсіндіріңіз. Қазіргі әдеби тілде қолданылу сипатымен салыстырыңыз.
1, 6. Орта түркі дәуірінде сингармонизм заңдылығының қолданылу деңгейіне анықтама беріңіз. Көне түркі дәуірі ескерткіштері тілімен салыстырыңыз.
1, 9. Б, г дыбысының қолданылу себебін қандай фонетикалық заңдылықтармен түсіндірер едіңіз?
1, 7, 8. Ч дыбысының шығу төркінін анықтаңыз. Қазіргі тілден осы сөзбен түбірлес сөздерді табыңыз.

  1. Берілген сөзді қазіргі қазақ тілінде жазып, қандай дыбыстық алмасуларға ұшырағанын анықтаңыз.

  1. 20, 22. Кірме сөздер екенін қандай фонетикалық ерекшеліктеріне қарай анықтауға болады?

  2. Сөз құрамындағы ш дыбысының қолданылуына сипаттама беріп, қазіргі қазақ тілінде қандай дыбыстық алмасуға ұшырағанын, оның себебін түсіндіріңіз.

  3. й дыбысының шығу төркініне тоқталып, оның қазіргі түркі тілдерінде қандай дыбыстық алмасуларға ұшырағанын анықтаңыз. Мысалдармен дәлелдеңіз.

  4. Берілген сөзді қазіргі қазақ тіліне аударып, ондағы дыбыстық өзгерістердің себебін түсіндіріңіз.

  1. Тen сөзінің ежелгі түркі тілі мен қазіргі түркі тілдерінде қолданылу сипатына, ондағы дыбыстық өзгерістерге анықтама беріңіз.

  1. 21, 23. Түбір мен қосымша арасындағы ассимиляция заңының қолданылуындағы айырмашылықтарға қазіргі қазақ әдеби тілі тұрғысынан сипаттама беріңіз.

  1. Ежелгі “бирла” шылауының қазіргі қазақ тілінде тұлғалық өзгерісін қандай фонетикалық заңдар арқылы түсіндірер едіңіз.

  2. Араб-парсы тілінен енген кірме сөздердің қазіргі қазақ тіліндегі фонетикалық түрғыдан өзгеру жолдары мен дыбысталу сипатына тоқталыңыз.






  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет