Iii тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың спецификациясы



бет1/4
Дата25.11.2023
өлшемі114,9 Kb.
#126455
түріБағдарламасы
  1   2   3   4
Байланысты:
ТЖБ матем ІІІ тоқсан (1)

III тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың спецификациясы



  1. Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мақсаты


Тоқсан бойынша жиынтық бағалау білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы оқу бағдарламасының мазмұнына сәйкес білім алушылардың оқу мақсаттарына жеткендігін тексеруге және тоқсан барысында меңгерген білім, білік және дағдыларын анықтауға бағытталған.
Спецификация 4-сыныпта «Математика» пәнінен тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мазмұны мен өткізу рәсімін сипаттайды.


  1. Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мазмұнын анықтайтын құжаттар


Бастауыш білім беру деңгейінің 1-4-сыныптарына арналған «Математика» пәнінен үлгілік оқу бағдарламасы

  1. ІІІ тоқсан бойынша жиынтық бағалауға шолу


    1. Ұзақтығы 40 минут

Балл саны - 16





    1. Жиынтық бағалаудың құрылымы

Тоқсан бойынша жиынтық бағалауда білім алушылардың білім, білік, дағдыларын өлшеу құралы ретінде көп таңдауы бар тапсырмалар, қысқа және толық жауапты қажет ететін тапсырмалар қолданылады..
Қысқа жауапты қажет ететін тапсырмаларда білім алушы сандық мән, сөздер немесе есептің қысқа шешімі түрінде жауап береді.
Толық жауапты қажет ететін тапсырмаларда максималды балл жинау үшін білім алушы тапсырманың толық шешімін және шешімін табудың қадамдарын көрсетуі қажет. Білім алушылардың математикалық мәнмәтіндер қатарындағы математикалық тәсілдерді қолдану және іріктеу қабілеттері бағаланады.
Тапсырма бірнеше құрылымдық бөліктерден/ сұрақтардан тұруы мүмкін. Берілген нұсқа қысқа және толық жауапты қажет ететін 5 тапсырмадан

  1. Тоқсан бойынша жиынтық бағалауды өткізу ережелері

Тоқсан бойынша жиынтық бағалау кезінде кабинетіңіздегі көмек ретінде қолдануға мүмкін болатын кез келген көрнекі құралдарды (диаграммалар, кестелер, постерлер, плакаттар немесе карталарды) жауып қойған дұрыс.
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау басталмас бұрын алғашқы бетінде жазылған нұсқау оқылып, білім алушыларға жұмыстың орындалу ұзақтығы хабарланады. Білім алушыларға жұмыс барысында бір-бірімен сөйлесулеріне болмайтындығы ескертіледі. Нұсқаулықпен таныстырып болғаннан кейін білім алушыларға тоқсан бойынша жиынтық бағалау басталғанға дейін түсінбеген сұрақтарын қоюға болатындығы туралы айтылады.
Білім алушылардың жұмысты өздігінен орындап жатқандығына, жұмысты орындау барысында көмек беретін қосымша ресурстарды, мысалы: сөздіктер немесе калькуляторлар (спецификацияда рұқсат берілген жағдайлардан басқа уақытта) пайдалануларына мүмкіндіктерінің жоқ екендігіне көз жеткізіледі. Олардың жұмыс уақытында бір-біріне көмектесулеріне, көшіріп алуларына және сөйлесулеріне болмайтындығы ескертіледі.
Білім алушыларға дұрыс емес жауапты өшіргішпен өшірудің орнына, қарындашпен сызып қою ұсынылады.
Жұмыс барысында нұсқаулыққа немесе жұмыстың ұзақтығына қатысты білім алушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беруге болады. Жекелеген білім алушыларға көмек беруге негізделген кез келген ақпаратты оқуға, айтуға, өзгертіп айтуға немесе көрсетуге тыйым салынады.
Тоқсандық жиынтық бағалаудың аяқталуына 5 минут уақыт қалғандығын үнемі хабарлап отыру қажет.
Тоқсандық жиынтық бағалау аяқталғаннан кейін білім алушылардан жұмыстарын тоқтатып, қалам/қарындаштарын партаның үстіне қоюларын өтіну қажет.




  1. Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет