Иіс сезу және көру нервтері: құрылысы, қызметі, зақымдану симптомдары, зерттеу әдістері


Пирамидтік жүйе: Өту жолдарын атап көрсетіңіз. Пирамидтік жүйе зақымдалған кездегі симптомдар мен синдромдар



бет13/87
Дата10.01.2023
өлшемі0,56 Mb.
#60772
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   87
Байланысты:
Иіс сезу ж не к ру нервтері рылысы, ызметі, за ымдану симпто

10.Пирамидтік жүйе: Өту жолдарын атап көрсетіңіз. Пирамидтік жүйе зақымдалған кездегі симптомдар мен синдромдар.

Ерікті қимылдарды іске асыру үшін ми қыртысының нейрондарында пайда болған импульстар жұлынның алдыңғы мүйзіне, одан бұлшық еттерге жетуі қажет. Бұл жол қыртысжұлындық немесе пирамидті жол деп аталады.


Пирамидті жол 2 нейроннан тұрады. Орталық қозғалтқыш нейрон ( ми қыртысының 4-Бродман алаңының 5-қабаты Бец жасушалары) Шеткі қозғалтқыш нейрон ( жұлынның алдыңғы мүйізінің мотонейрондары)
Пирамидті жол түрлері 2 жолдан тұрады:1. Қыртыстық-ядролық, traktus corticonuclearis(corticobulbaris) - ми бағанындағы БМН ядроларында
аяқталады .2. Қыртыс-жұлындық жол, traktus corticospinalis –жұлынның алдыңғы мүйзінің мотонейрондарында аяқталады. Ол жерден шыққан импульс жұлынның
алдыңғы түбірішіктері арқылы шеткі нервтерге беріліп қаңқа бұлшық еттерін қимылдатады.
Қыртыс-жұлын жолының (traktus corticospinalis) – аксондары алдыңғы ортаңғы ирелеңнің 5 - Бец қабатынан басталып, сәулелі тәж құрамында мидың ақ затынан өтіп, ішкі капсуланының артқы тізесі деңгейінде шоғырланып өтіп, ми аяқшаларында кішігірім шоғыр түзеді. Бұл шоғыр ми көпірі арқылы өтіп, сопақша ми деңгейінде төңкерілген ұзын пирамидаға ұқсап тұрады (сол себепті пирамида жолы деп аталады). Сопақша мидың төменгі бөлімінде пирамидті жолдың талшықтарының 80% қарама – қарсы жаққа өтеді – ол латеральды кыртыс-жұлындық жол (tractus corticispinalis lateralis) деп аталады.. Айқаспай қалған
пирамиданың 15-20% талшықтары (аксон) алдыңғы қыртысжұлын жолын түзеді (tractus соrticоsрiпalis апtеriоr). Латеральды кыртыс-жұлын жолы жұлынның бүйір бағанымен төмен түсе отырып, жұлынның әр сегменттеріне тармақтар беріп, төмендей келе жіңішкере түседі.
Қыртыс-ядролық немесе қыртыс – бульбарлық жол.Қыртыс-ядролық жол түзетін талшықтар ортаңғы мидан шыққаннан кейін дорсальды орналасады. БМН ядроларына жетпес бұрын бір бөлігі қарама-қарсы жаққа өтеді, ал бір бөлігі айқаспайды. Қыртыс-ядролық жолдың талшықтары бет және ауыз бұлшық еттерерінің қимылын қамтамасыз ететін невртердің ядроларына
барады: үшкіл нерв, бет нерві, тіл-жұтқыншақ, кезбе, қосымша және тіл асты нерві.
Сондай-ақ 8-Бродман алаңында басталатын импульс көздің сыбайлас(содружественный) қозғалуын қамтамасыз етеді. Оны қыртыс ортаңғы ми жолы деп айтады. Ол көз-қимылдатқыш нерві,шығыршық және әкеткіш нервтерінің сыбайлас қимылдауынқамтамасыз етеді. 8-алаңнан басталатын импульстер көз бұлшық еттерінің жеке кимылдауына жуапты емес. Олар синергично бірге көздің қарама-қарсы жаққа қимылдатады (содружественное
отклонение)
Ерікті қимылдарды іске асыру үшін ми қыртысында пайда болған импульстар бұлшық етке жетуі керек. Оны кортикомускулярлы жол деп айтады. Импульстың келуі 2 нейрондық жолмен қамтамасыз етіледі: 1 – орталық қозғалтқыш нейрон – ми қыртысы алдыңғы ортаңғы иірілімде lobulus paracentralis орналасқан. 2 – нейрон перифериялық қозғалтқыш нейрон – жұлынның алдыңғы мүйізінде орналасқан
ЗАҚЫМДАНУЫ Орталық қозғалтқыш жолдары зақымданғанда, барлық
зақымдану қарама-қарсы жағында бола бермейді. Егер кортикомускулярлы жол қандай да бір деңгейде үзілсе, импуль өтпейді. Сондықтан сәйкес импульс келмеген бұлшық ет
салданады. Парез дегеніміз – қимылдардың толық емес бұзылысы .
Салдану түрлері: Моноплегия – бір мүшенің салдануы ( бір қол не бір аяқ). Гемиплегия - дененің жарты бөлігінің салдануы Параплегия – екі симметриялы мүшенің салдануы (екі қол немесе екі аяқ). Тетраплегия – төрт мүшенің салдануы (екі қол мен екі аяқ)
Орталық салдану;Орталық салдану орталық қозғалтқыш нейронның кез келген
бөлігі зақымданғанда дамиды. Қалыпты жағдайда ереже бойынша «субординация - төменгі жақ жоғарыға бағынады», яғни ми қыртысы жұлындағы рефлекторлық доғаға тежегіш әсер етеді, жұлын бас миына бағынады. Ал пирамидті жол зақымданғандықтан, рефлекторлық аппараттың қызметі жоғарылайды. Сол себепті орталық салдануға тән: Гипертонус,Гиперрефлексия ,Патологиялық рефлекстер
Гипертонус - бұлшық еттер кернелген, тығыз, енжар қимылдарға қасарысу байқалады. Қолдардың спастикалық салдануында, қол кеудеге әкелінген және шынтақ буынында бүгілген, қол басы мен саусақтары пронация қалпында болады.
Сіңір рефлекстерінің жоғарылауы (гиперрефлексия) – жұлынның автоматты қызметінің күшеюін көрсетеді, себебі жоғарыдан тежегіш қызмет зақымданған.
Церебралды салдануда патологиялық рефлекстердің маңызы зор. Аса сезімтал рефлекстер – Бабинский, Россолимо және Бехтерев рефлексі. Оральды рефлекстер екі жақты ядро үстілік tractus cortico-bulbaris зақымдануда пайда болады, яғни
псевдобульбарлы паралич.
1. Субкортикальды зақымдануда (ісік, гематома, инфаркт және т.б.) – қолдың немесе
аяқтың контрлатеральды парезі дамиды. Қолдың майда жұмыстары нашарлайды.
Моноплегия емес монопарез дамиды.2. Ішкі капсуланың зақымдануы – спастикалық гемиплегия дамиды. Бет кейде тіл асты нервінің контрлатеральды салдануы мүмкін.
3. Ми аяқшаларының зақымдануы - контрлатеральды спастикалық гемиплегия
4. Ми көпірінің зақымдануы – контрлатеральды, кейде билатеральды гемиплегия. Әкеткіш және үшкіл нервтің ипсилатеральды зақымдануы мүмкін. Альтернирлеуші синдромдар тән: Вебер, Мияр-Гублер, Фовиль... 5. Пирамиданың зақымдануы – контрлатеральды бос шеткі салдану дамиды. 6. Мойын деңгейінде зақымдану, яғни латеральды пирамидті жол зақақымданады - Өзжағында спастикалық гемиплегия дамиды. Бүйірлік амиотрофиялық склероз немесе шашыранды склероз кезінде кездеседі.7. Кеуде бөлігінде бір жақты зақымданса, ипсилатеральды аяқтың спастикалық моноплегиясы тән. Егер екі жақты зақымданса, спастикалық параплегия дамиды. БАС
және шашыранды склероз ауруларында кездеседі. 8. Жұлынның алдыңғы мүйізі мен түбіршіктері зақымданса, ауру сезімсіз шеткі салдану және сезімталдық бұзылыстары болады. Сегментарлы түрде өтеді, созылмалы үдемелі
үрдістерде \ фасцикулярлы жиырылулар кездеседі. Полиомиелит, Вердниг-Гоффман
спинальды амиотрофиясында кездеседі 9. Алдыңғы түбіршіктің зақымдануы - перифериялық мотонейрон зақымданғандықтан, ипсилатеральды шеткі салдану тән.
10. Мойын, иық, бел, сегізкөз өрімдеры зақымданса, шеткі салдану ауру сезімі және
сезімталдық бұзылыстары болады. 11. Шеткі нерв зақымданғанда, сол нервпен жүйкеленетін бұлшық еттердің шеткі салдануы, сонымен қатар ауру сезімі мен сезімталдық бұзылыстары болады.
ШЕТКІ САЛДАНУ Жұлынның алдыңғы мүйізінде орналасқан шеткі мотонейрон,
БМН ядролары, алдыңғы түбіршік және жұлын мен БМН қозғалтқыш нервтері зақымданғанда, шеткі салдану пайда болады. Шеткі салдануға тән: Гипорефлексия (арефлексия) Гипотония (атония) Реакция перерождения бұлшық еттердің электр тогы әсерінен ширығуының жойылуы Фибрилляция мен фасцикуляция – жеке бұлшық еттердің дірілі
Артқы түбіршік афферентті талшықтарадан, алдыңғы түбіршік эфферентті талшықтардан тұрады. Әр сегменттен түбіршіктерсәйкес омыртқа-арлық тесіктен шығып, жұлын нерві деп аталады. Барлығы 31 жұп жұлын нерві бар. Әр сегменттен
шыққан жұлын нервтері мойын, кеуде, бел өрімдерін түзеді. Өрімдерден шеткі нерв талшықтары шығып, сәйкес бұлшық еттерді иннервациялайды. Шынтақ нерві, кәрі жілік нерві, шоңданай нерві, үлкен жіліншік нерві, кіші жіліншік нерві.... Олардың зақымдануы шеткі салдануға алып келеді. Ол иннервациялайтын аймақта гипотония, гипорефлексия, гипотрофия және вегетативті өзгерістер дамиды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   87




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет