Иіс сезу және көру нервтері: құрылысы, қызметі, зақымдану симптомдары, зерттеу әдістері


Есту анализаторларының зақымдалуы



бет9/87
Дата10.01.2023
өлшемі0,56 Mb.
#60772
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   87
Есту анализаторларының зақымдалуы:
Есту нервтерінің жартылай зақымдалуы кезінде есту қабілетті төмендейді яғни Гипакузия немесе саңырау болып қалады анакузия.
Есту нервтерінің ми бағаныныдағы алдыңғы және үстіңгі ядролары зақымданса, зақымдалған жақтағы құлағы мүлдем естімей қалады.
Есту анализаторларының ми қыртысына тоғысатын ұшы зақымданса, жалған дыбыстар естіледі қарапайым дыбыстардан бастап музыкалық әуендерге тіпті күрделі дыбыстарға дейін естіледі, кейде осыдан кейін эпелептикалық ұстамалар болатындығы кездеседі.
Вестибулярлық анализатор зақымдануына байланысты дененің тепе-тепендігі бұзылуымен вестибулярлық атаксия мен қоса қосымша белгілер болады. Олар бас айналу, лоқсып құсу, жүрек айну, жүрек соғуынығ баяулауы.


Қосымша нерв зақымдануы.
Қосымша нерв немесе оның ядролары бір жағынан зақымданса, басты немесе мойынды сау жағына қарай қимылдату, бұру қиындайды. Зақымданған жағындағы жауырыны төмен түсіп, иығы салбырап қалады.
Қосымша нервтің орталық невроны тітіркенсе, бас зақымданған жаққа бұрылып дірілдейді, мойыны қисаяды, басты изеңдейді.
Ми нервтерінің сопақша мидағы қиымлдатқыш ядролары екі жағынан бірдей зақымданса бульбар синдромы пайда болады. Таңдай, көмей жіне жұтқыншақ бұлшық еттері қиымлдамай қалады, маңқалап сөйлейді назолалия, дыбысы ақырындап гипофония және үні шықпай қалады афония, жұтыну қиындайды дисфагия, жұтыну рефлексі төмендейді немесе жоғалады, тілдің бұлышық еттері семіп қалады атрофия олардың талшықтары дірілдейді.


.6.Тіл жұтқыншақ және кезбе нервтері: құрылысы, қызметі, зақымдану симптомдары, зерттеу әдістері.
IX Nervus glossopharyngeus, тілжұтқыншақ нерв, аралас.
Бұл аралас нервтарға жататындықтан оның құрамында сезгіш, қимылдатқыш және вегетативтік талшықтар бар.
Үшінші желбезек доғасы нерві даму үрдісінде нервтердің X жұбынан бөлінген. Онда үш текті талшықтар болады. Жұтқыншақ, дабыл қуысы, тілдің шырышты қабаты, бадамшалар және таңдай доғалықтары рецепторларынан шығатын афферентті талшықтар: Жұтқыншақ бұлшықеттерінің біреуін-m.styloparyngeus нервтендіретін эфферентті талшықтар Glandula parotis үшін эфферентті парасимпатикалық талшықтар. Құрам бөліктерін сәйкес оның үш ядросы болады: nucleus solitaries, оған афферентті түйін-ganglia superius er inferius-тердің жасушаларының орталық өсінділері келеді. Вегетатиті парасимпатикалық ядро-төменгі сілекей бөлетін ядро-торлы құрылымынлда кезбе нервпен ортақ үшінші қозғалыс ядросының-nucleus ambiguous пен жанында шашыраған жасушалардан тұрады. Тіл-жұтқынша нерві түбіршіктері арқылы оливияның артында,кезбе нервтің үстінде сопақша мидан шығып, соңғы нервен бірге мойындырық тесігі арқылы бассүйектен шығады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   87




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет