Иіс сезу және көру нервтері: құрылысы, қызметі, зақымдану симптомдары, зерттеу әдістері



бет84/87
Дата10.01.2023
өлшемі0,56 Mb.
#60772
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   87
ПАЗ-ға тәуелділіктің патогенезі..
•Қазіргі ғылыми фактарға сүйенгенде, ПАЗ-ға тәуелділіктің дамуының нейрофизиологиялық механизмі мидың бағаналы және лимбикалық құрлмында, олардың “қосымша қорек” деп атанатын аймақтарында негізделеді. Бұл жүйе эмоционалды жағдайдың, психофизикалық тонустың, адам тәртібін, оның сыртқы ортаға бейімделуін реттелуін қамтамасыз етеді.
• Көптеген зерттеулердің нәтижелеріне сүйеніп келесідей қорытындыға келуге болады: ПАЗдың мидың нейрохимиялық процесстеріне әсері тәуелділік синдром дамуының негізгі болып табылады. Наркотикалық препараттардың массивті әсер етуі мидың барлық нейрохимиялық жүйелерінің дисфункциясына әкеледі, бірақ бұл бұзылыстарының бәрі де наркотәуелділік
синдромының дамуына әкелмейді. әрбір препарат өзінің фармакологиялық спектріне не. Бірақ, тәуелділік синдромын шақыратын заттарда бәріне ортаң фармакологиялық әсер бар-бұл мидың лимбикалың құрылымында, әсіреге “қосымша қорек” жүйесіндегі катехоламинді нейромедиацияға тән әсері. ПАЗ-дың әсері мидың бұл бөлімдерінде деподан катехоламиндер тобының нейромедиаторларының интенсивті лақтырысына әкеледі, бірінші орында дофамин (ДА), одан кейін “қосымша қорек” жүйесінің қозуына әкелетін одан да күшті медиаторлар бөлінеді. Мұндай қозу оқ әсерлі эмоцияларды шақырады. Бос КА-дер метаболизм ферменттері әсерінен тез арада ыдырап кетеді. ПАЗ-ды қайталама қолдану нейромедиаторлар қорының азаюына әкеліп, “қалыпты” импульс келгенде “қосымша қорек” жуйесінде қозудың айқын дылығы жетіспейді. Психофизикалық жағынан адамда бұл көңіл күйдің төмендеуімен, әлсіздік, не , эмоционалды дискомфорт, депрессиялық симптомдармен сипатталары.
•Бұл фонда ПАЗ-ды қолдану деподан нейромедиаторларды қосымша шиғуын шақырып, синапстық қуыста олардың дефицитін уақытша компенсирлейді және мидың лимбикалық құрылымының әрекетін қалыптастырады. Бұл процесс жағдайдың жақсаруы, эмоционалды және психикалық қозу сияқты субъективті сезімдермен қатар жүреді. Бірақ, бос КА қайтадан тез арад ыдырайды да, олардың деңгейі одан сайын төмен-дейді, психоэмоционалды жағдай нашарлайды және осыған байланысты қайта наркотик қолдануға әкеледі

124.Наркологиялық аурулардың алдын-алу түрлері, әсіресе оны қазіргі кезеңде жүзеге асыру.


Наркомания профилактикасы әлеуметтік және медициналық іс шаралардан тұрады. Біздің елімізде халқымыздың мәдени және өміилік дәрежесі үнемі артып келеді, санитарлық жағдай мен медициналық көмек деңгейі артып келеді. Елімізде наркотиктердің өндірілуі, сақталуы және шығарылуы қатаң бақылауда. Осының барлығы наркоманиямее күресудің ең тиімді жетістіктері болып табылады.


Наркомания жөнінде халықтың және дәрігерлердің білімін тереңдету, наркомандарды ерте анықтап, уақытылы және тиімді диспансерлік ем жүргізу, сондай-ақ, қатаң түрде наркотиктерді есепке алып, сақтау, наркоманияның алдын- алудың сәттілігіне кепіл болып табылады.

125.Үлкен нашақорлық синдромындағы өзгерген реактивтілік синдромы.


А) Наркотикті қолданудың эпизодты түрінен жүйелі қабылдауға ауысумен өзгергенформалары


Б) Наркотиктің алғашқы дозадан бірнеше ретке асып түсетінбір реттік және тәуліктік дозасының жоғарылауымен толеранттылықтың өсуі
В) Шамадан тыс қабылдаған кезде қорғаныс реакцияларының жоғалуы (құсу, жөтел, тері қышуы, ықылық, профузды тер, сілекей ағуы, көздегі ашу т.б)
Г) Эйфорияның азаюы және сапалық өзгеруімен мастану түрініңөзгеруі.
126.Үлкен нашақорлық синдромындағы психикалық тәуелділік синдромы.

Психикалық тәуелділік деп, бұл кезде дәрілік зат қанағаттану сезімін және психикалық күйдің жоғарылауын шақыратын және ләззат алу үшін немесе дискамфорттан құтылу үшін кезеңмен қайта жаңартуды немесе оны үнемі қолдануды қажет ететін жағдайды түсінеміз. Психикалық тәуелділік синдромына наркотикке психикалық (обсессивті) әуестік жатады. Наркотик жөніндегі үнемі ойлармен сипатталатын обсессивті әуестік, қабылдауға жағдай туғанда көңіл-күйдің көтерілуі, наркотик болмаған жағдайда жабырқау, абыржу және мотивтер күресімен бірге жүреді. Сыртқы факторлардың әсерімен күшейіп немесе басылуы мүмкін.


127.Үлкен нашақорлық синдромындағы физикалық тәуелділік синдромы.


Физикалық тәуелділік деп, наркотикті қолдануды тоқтатқаннан кейін немесе оның әсерінің арнайы антогонисттермен нейтрализациялануы кезінде пайда болатын қарқынды психикалық және сомато-неврологиялық бұзылыстармен көрініс беретін адаптивті жағдайды түсінеміз. Бұл жағдай абстинентті синдром деп аталады. Абстинентті синдром сол наркотикті немесе ұқсас фармокологиялық әсері бар затты қайталап енгізгенде жеңілдейді немесе толықбасылады. Абстинентті синдромның клиникалық көріністері, оның түзілу мерзімі және ПАЗ-ға тәуелділіктің әр түрінде ұзақтығы әрқилы. Абстинентті синдромның жедел және кешіккен кезеңін, және де псевдоабстинентті синдром немесе «құрғақ абстиненцияны» ажыратады. Физикалық тәуелділікке мотивтер күресімен бірге жүрмейтін, тұла бойын жаулап алумен және наркотизацияға күшті тартылыспен көрінетін наркотикке компульсивті әуестік тән. Компульсивті әуестік интоксикация болмаған кезде, басқаша айтқанда абстинентті синдром кезінде, ремиссия кезеңінде және де мастану жағдайында да көрініс беруі мүмкін, ол мөлшерлік бақылауды жоғалтуға және наркотикті шамадан тыс қабылдауға алып келеді.


128.Созылмалы наркотизация әсерінің синдромы.


Наркотизация салдары синдромы тұлғаның энергетикалық төмендеуімен оның потенциалының сөнуімен, психопатизациямен, интелектуальды- мнестикалық бұзылыстарымен және де соматоневрологиялық сферадағы өзгерістерге алып келетін полижүйелі сипаттағы трофикалық бұзылыстармен.


Созылмалы наркотизация салдары синдромының клиникалық көріністері ПАЗ-ға тәуелділіктің әртүрінде әрқилы болып келеді.
129.Емдеудің бастапқы кезеңін анықтау үшін абстинентті жағдайды диагностикалау критерийлері.

Абстинентгі синдром психикалык, неврологиялык, соматикалык бұзылыстар


түрінде көрінеді. Абстинентті синдром кезінде айкын психикалык бұзылыстар тізімі бакыланады: көңіл-күйі төмендейді, мұңды күйге түседі. Наукастар тітіркенгіш, кейде ашуланшак, күдікшіл, мотивсіз коркыныш, өзін-өзі кінәлау идеяларын сезінеді. Алкоголиктерде абстиненция жағдайында көру және есту галлюцинациялары пайда болуы мүмкін. ¥йкысы үрейшіл, үзілісті, оянғанда тынығу сезімі болмайды. Абстинентті синдром вазовегетативті және неврологиялык бұзылыстармен көрінеді: тахикардия, гипертензия, аяк-колдың және бүкіл дене треморы, ауыз куысының кұрғауы, бас айналуы, тәбеттің жоғалуы, айкын әлсіздік.
Абстинентті синдромға айкын неврологиялык синдромдар тән, олардың ішінде жиі кездесетіні және көзге түсетіні аяк кол, бас, тіл треморы болып
табылады. Әсіресе кол саусактарының треморы, Ромберг позасында тұра алмау айкын көрініс береді. Бет және каңка бұлшык етгерінің фибриллиярлы дірілдері бакылануы мүмкін. Екі жакты сіңірлік рефлекстердің тепе-тең жоғарылауы бакыланады, вегетативті регуляция бұзылысы бет және алакан гипергидрозымен, тері мәрмәрлығымен, бет гиперемиясымен, әсіресе, мұрынның, склералар иктериялығы және олардың тамырларының кеңеюімен көрінеді.

130.Наркологиядағы ургентті жағдайлары бар науқастарды басқару тактикасы.


Жиі кездесетін ургентті жағдайлар:


- психомоторлы қозу
- суицидтік мінез-құлық
- тамақтан бас тарту
- алкогольді делирий-ауыр ағымды делирий
- эпилепсиялық статус
- фебрилді шизофрения
- қатерлі нейролептикалық синдром
- психотропты заттармен улану




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   87




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет