Жедел алкогольді галлюцинозбен емдеу сыркат наукастар, олардың коғамға
кауіптіліктері нәтижесінде психиатриялык стационарға шұғыл госпитализаци-
ялауды кажет етеді.
Олардың емі кешенді болуы керек. Емнің міндетті компоненті дезинтокси-
кация — алкогольді интоксикация салдарын жою болып табылады. Ол үшін
алкогольді делирий кезіндегіден едәуір аз мөлшерде және аз уакытка дез-
интоксикациялык ерітінділер, витаминотерапия (В тобының дәрумендері)
тағайындалады.
Жедел алкогольді галлюцинозды емдеуде продуктивті психотикалык симп-
томатиканы жою басты міндет болып табылады. Алкогольді галлюционезбен
ауыратын наукастарға психотропты дәрілер тағайындалады: галоперидол
(тәуліктік мөлшері 0,01-0,015 г), тизерцин (тәуліктік дозасы 0,15-0,2 г), эта-
перазин (0,03-0,04 г). Бұл нейролептиктермен емдеуді артериялык кысымды
бакылай отырып, бұлшыкетке енгізуден бастау керек.
Емдеу кезінде аскынулар болуы мүмкін: аллергиялык реакциялар, бұлшык
ет спазмдары және т.б. Әсіресе, тыныс бұлшыкеттерінің спазмы өте кауіпгі.
Нейролептиктердің тәуліктік дозасы бұлшык етке енгізу, ішке кабылдау кезінде
де 3-4 рет кабылдауға бөлінеді. Галлюциноз жойылғаннан соң 1-1,5 аптадан
кейін доза төмендетіледі. Доза төмендетілген соң препаратты бір реттік (кеш-
ке) кабылдауға көшеді. Алкогольді галлюциноздың созылмалы ағымында психотропты дәрілермен
(галоперидол, аминазин, тизерцин) ұзақ ем курсы тағайындалады. Бұл кезде
белсенді витаминотерапия және еңбек терапиясы жүргізіледі.
Алкогольді параноидты емдеу және қалған тұрлерін емдеужалпы принциптері алкогольді галлюциноз емінің принциптерінен айырмашылығы жоқ. Науқас стационарда емделуі
қажет.
Қазақстан республикасында нашақорлыққа және есірткіге қарсы күрес бағдарламасында аталған науқастарды емдеу және алдын алу шаралары қарастырылған.
Есірткіге тәуелділер профилактикасының, диагностикасының, оларды емдеудің, оңалтудың, әлеуметтендірудің қазіргі заманғы технологиялары әзірленді.
Бастапқы профилактикалық бағытта:
әрбір тестіленетін адамның химиялық және психологиялық тәуелділікке тартылу қаупінің дәрежесін анықтай отырып, автоматтандырылған психологиялық тестілеудің компьютерлік бағдарламасын енгізу басталды, онда осы қауіптерді төмендету жөнінде неғұрлым оңтайлы ұсынымдар беріледі;
есірткіге қарсы мектептік және отбасылық бейнеханалар, қағаз және магниттік тасығыштарда мектептік есірткіге қарсы кітапхана құрылды;
"Тиімді отбасының өз бетімен үйрену құралы" және "Тиімді ата-ананың өз бетімен үйрену құралы" дайындалды.
Екінші профилактикалық бағытта есірткіге тәуелділерді диагностикалаудың, емдеудің, оңалтудың бірқатар клиникалық хаттамалары (стандарттары), сондай-ақ наркологиялық көмектің және наркологиялық қызметтердің түр-түрінің әртүрлі бағдарламалары әзірленді.
Үшінші профилактикалық бағытта:
"нашақорлық" диагнозы бар адамдарды медициналық-әлеуметтік оңалтуға бағытталған бағдарламалар және қызметтердің тиісті түр-түрі әзірленді;
Павлодар және Теміртау қалаларында "метадондық" алмастыру терапиясын енгізудің пилоттық жобалары басталды.
Жастарды және үкіметтік емес ұйымдарды тарта отырып, республикалық және өңірлік деңгейлерде мемлекеттік органдардың есірткіге қарсы қызметін үйлестіру жөніндегі жұмыс басталды.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Нашақорлықтың медициналық-әлеуметтік проблемалары республикалық ғылыми-практикалық орталығы (бұдан әрі - РҒПО) Біріккен Ұлттар Ұйымының Есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасының
(бұдан әрі - БҰҰ ЕҚБ) Treatnet наркологиялық ауытқу саласындағы наркология және психотерапия проблемалары жөніндегі ресурстық орталықтарының әлемдік желісіне қосылды. Білім беру циклдары, оқу семинарлары, сондай-ақ халықаралық ғылыми-практикалық конференциялар өтінімдер бойынша және БҰҰ ЕҚБ-ның қаржыландыруымен РҒПО-ның базасында өткізіледі.