Психоматорлы қозу кезінде алғашқы көмек Науқасты физикалық шектеу үшін медицина қызметкерлері күшпен ұстап тұрады. Науқасты байлауға немесе фиксацияның жарақаттайтын әдістерін қолдануға болмайды. Науқасты кроватқа немесе еденге арқасымен жатқызып ұстайды немесе аяқ-қолын простыньямен жеңіл түрде фиксациялайды. Фиксациялағанда нервтер мен қантамырлардың қысылып қалмауын, буындардың шығып кетпеуін, кеуде клеткасының экскурциясының бұзылуынан болатын тыныс алудың қиындауының алдын алуымыз керек. Нейролептиктер гипотония шақыратын болғандықтан оларды абайлап қолдану керек. Алдын ала қан қысымын өлшейміз. Бұрын психофармакологиялық заттарды қолданбаған науқас болса аз дозада қолданамыз. 50-70 мг аминазин немесе тизерцин, 5мг дроперидол қолданады. Бұрын нейролептиктер қолданған науқас болса қозуды басу үшін 100-200 мг аминазин, 75-100 мг тизерцин, 10 мг дроперидолға дейін қолдануға болады. Коллапстардың алдын алу үшін бір мезгілде тері астына 2 мл кордиамин енгізу керек.Нейролептиктерге қарсы көрсеткіші бар науқастарға транквилизаторлар қолдану қажет. Қозуды басу үшін транквилизаторлар қолданамыз: S.Diazepami 0.5% - 2.0–6.0 көктамырға немесе
S.Phenazepami 0.1% - 2.0-4.0 бұлшықетке
Дәрілік препараттың дозасы науқастың жағдайына бйланысты тағайындалады. Транквилизаторларды енгізбестен бұрын оған қарсы көрсеткіштердің бар жоқтығын анықтап алу керек.
Суицидтік мінез құлықта алғашқы көмекНауқасты тыныштандыру керек. Антидепресанттар тағайындау қажет. Бірақ тез әсері болмағандықтан нейролептиктер және транквилвзаторлар қоланады. 25-75 мг тизерцин, 15-30мг реланиум,30-75 мг сонапаксті бір тәулікте қолдану керек. Науқасты психолог немесе психиатрға жолдап дер кезінде ем жүргізу керек. Әйтпесе суицидтік іс әрекеттер қайталануы мүмкін.
Тамақтан бас тарту кезіндегі алғашқы көмек:Науқасты тыныштандыру керек. Антидепресанттар тағайындау қажет. Бірақ тез әсері болмағандықтан нейролептиктер және транквилвзаторлар қоланады. 25-75 мг тизерцин, 15-30мг реланиум,30-75 мг сонапаксті бір тәулікте қолдану керек. Науқасты психолог немесе психиатрға жолдап дер кезінде ем жүргізу керек. Әйтпесе суицидтік іс әрекеттер қайталануы мүмкін.