Токсикомания — наркотикалық заттар тізіміне кірмейтін заттарды немесе
дәрілік препараттарды шектен тыс қолдану нәтижесінде туындайтын ауру.
Токсикомания шақыратын заттардың ішінде психотропты препараттар (антидепрессанттар, транквилизаторлар, антипаркинсон-дық) үлкен орын алады. Транквилизаторларды ұзақ уақыт қабылдау нәтижесінде толеранттылық өседі,
препаратты қолдануды тоқтатқанда абстененция құбылысы, қол треморы,
тершеңдік, ұйқысыздық, қорқыныш сезімі пайда болады.
Экстрапирамидалық жүйе зақымдануында қолданатын антипаркинсондық препараттар эйфориялық, мастандырушы және галлюциногенді әсер тудыра-
ды. Бұндай әсер препараттың терапиялық дозасын бірнеше есе артық
қолданғанда болады.
Жедел уланудың 4 сатысын ажыратады: эйфория, өзгерген, жиі тарылған
сана жағдайы, галлюцинациялы және осы күйден шығу. Эйфория сатысы
30—40 минутқа созылады, соңынан сылбырлық, тежелу дамиды, кейде
«салмақсыздық» сезімі, дереализация, уақыт пен қоршаған ортаға байланысты
бағдарлау бұзылысы болады. Кейде науқастардың айтуынша, «мультиктер» деп
аталатын көру галлюцинациялары пайда болады. Токсикомандар кейде осы
әсері үшін антипаркинсондық дәрілерді қолданады. Созылмалы улану
жағдайында психоорганикалық синдром белгілері және психопатия тәрізді
жүріс-тұрыс байқалады.
Ұйықтататын дэрілердішектен тыс қолдандану да токсикомания шақырады
(барбамил, нембутал, ноксироннан басқалары).
Үйықтататын дәрілермен жедел улану жағдайы идеаторлы үрдістердің
тежелуімен, әлсіздік күйімен есеңгіреудің жеңіл дәрежесімен көрінеді. Сөзі
дизартриялы, қозғалыс координациясы бұзылады.
Ұйыктататын препараттарды кейде наркомандар наркотикалык заттармен
бірлестіріп колданады.
Созылмалы уланудың клиникалык көрінісі психоорганикалык синдром бел-
гілерімен көрінеді: тітіркенгіштік, мнестико-интеллектуалды төмендеу, тежелу.
Қазіргі кезде жасөспірімдердің арасында кең тараған үшқыш еріткіштерді