«икс-тен» «зет-ке» дейінгі ұрпақтар теориясы



Дата06.01.2022
өлшемі18,59 Kb.
#11830
Байланысты:
Баяндама ЗЕД


«ИКС-тен» «ЗЕТ-ке» дейінгі ұрпақтар теориясы

Ұрпақтар қақтығысы – өміршең тақырып, бірақ бүгінде болып көрмегендей танымал. Бұқаралық ақпарат құралдары Икстер, бэби-бумерлер, Z-gen ү-Ұрпақ деген жаңа терминдерге толы. Әлеуметтік желілерде Миллениалдар мен Хоумлендерлер психологиясының ерекшеліктері қызу талқылануда. Дүние жүзінің кейбір елдерінде онлайн білім алу жақсы жолға қойылып, жеткілікті деңгейде дамып жатса, басқа елдерде бастауы да жасалмаған. Бірақ қай елді алсаңызда үлкендерге қарағанда, жастар өзгеріске бейім, жаңаны тез қабылдауға дайын болатынын көріп жүрміз. Қазіргі таңда бизнес құрылымдарда кеңінен қолданылып жүрген «Ұрпақтар теориясының» негізін қалаған Уильям Штраус және Нил Хоув ұрпақтардың ұрпардың ерекшілігі мен айырмашылығын зерттеп қана қоймай, түрлі ұрпақтар ұстанатын құндылықтардың өзгеше болатыны және оларды тудыратын себептерге, атап айтқанда, саяси-әлеуметтік жағдайларға, қоғамның техникалық даму деңгейіне және сол заманның маңызды оқиғаларына тоқталды. Олардың 1991 жылғы «Ұрпақтар» атты алғашқы кітабы жарық көрген. Авторлар бір ұрпаққа шамамен 20 жыл аралығында дүниеге келген адамдарды топтастырады, сонда бір ұрпақты белгілі бір тарихи кезеңде өмір сүру, ортақ көзқарас, мінез-құлық, ұқсас қылықтар іспетті факторлар біріктіреді.

Тарихта әр 20 жыл аралығында дүниеге келген ұрпақтың өзіне тән атауы мен ерекшеліктері бар екені айтылады.

1943-1961 жылдар аралығында дүниеге келген «Бэби-бум» ұрпағы.

1961-1981 жылдар аралығы – «Х ұрпағы»

1982-2004 жылдар аралығы – «Ү ұрпағы»

2005 жылдан кейін дүниеге келгендер « Z ұрпағы» олар туралы бірнәрсе айту әлі ертерек. Олар үшін басты құндылықтар не екенін нақты ешкім айта алмайды, өйткені кәзіргі кезде уақытта, технологиялар да өте жылдам өзгеріп жатыр.

Егер адамның орташа өмір сүру ұзақтығы 80 жыл десек, онда оның өмірі 20 жылдан тұратын 4 кезеңге бөлінеді: балалық шақ, жастық шақ, орта буын, кәрілік. Өмірінің әр кезеңінде адам басқа ұрпақтың өкілдерімен кездесіп, араласып жатады. Кейбірінің арасында анық алшақтық болуы да, болмауы да мүмкін.



Икстар, игректер және зеттер кімдер?

Басқаша айтқанда, бұл біз және біздің балаларымыз.



Х-ұрпағы жоғарыда айтылғандай (1961-1981) – жиһанкездерБұл интернетке дейінгі дәуірдің тірі куәгерлері:) Олардың балалық шағы Кеңес одағы тұсында өтті, ал қырғи-қабақ соғыс кезеңі, Ауғанстандағы соғыс бұл адамдарды индивидуалистерге және реакционерлерге айналдырды. Негізгі ерекшелік белгісі – дербестік. Оларды «мойнына кілт таққан балалар» деп атаған: өздері үйге келіп, өздері тамақ әзірлеген, өздері серуенге шыққан. Бұл балаларға ата-ана көңілі мен қамқорлығы аз бұйырды, есесіне көптеген сыйлықтар алды. Сондықтан, өсе келе, олар ерте есейіп, бұқаралық тұтынушыларға айналды. Оларға тән сипаттамалар: сауаттылық, жаһандық хабардарлық, тек өзіне үміт арту, прагматизм, сындарды жағдайларда өмір сүру қабілеті, құлшыныс, қажырлы еңбек сүйгіштік және сарқылмас төзім қоры.

Y ұрпағы (1982-2004) – батырлар. Басқа атаулары: Миллениалдар, «некст» ұрпағы, «желілік» ұрпақ, жаңғырық-бумерлер. Оларды балалық шағында кездестірдік, Чернобыль апатын, КСРО-ның ыдырауын, лаңкестік әрекеттер мен қарулы қақтығыстарды, дефолтты көрді – бұл, бір қызығы, оларды оптимист, көпшіл, жауапты және сенімді етуге ықпал етті.

Миллениалдарға ақпараттық технологияларды дамуы және жаппай ақпаратқа қолжетімділік, оның ішінде музыка, фильмдер мен кітаптар, сондай-ақ дүниенің кез келген бұрышынан келген адамдармен қарым-қатынас жасау мүмкіндігі ерекше әсер етті. Олардың ерекше белгісі – өзін-өзі жетілдіруге ұмтылу. Жұмыста және оқуда Y ұрпағының өкілдеріне икемді жұмыс кестесі мен креативтілік маңызды болды.



Z ұрпағы (2005 - …) – суреткерлер. Басқа атаулары: ЯЯЯ буыны, Үйден шықпайтындар, Жаңа тұйық ұрпақ, Инноваторлар ұрпағы. Бұл буынға ықпал еткен оқиғалар: әлемдік қаржы-экономикалық дағдарыс, Веб 2.0 және мобильді технологиялардың дамуы.

Зет ұрпағы – сезіммен жұмыс істейді. «Мен қалай айтсам, солай жаса емес, мен істегендей істе»



Бұл балаларға жоғары әлеуметтік белсенділік және үнемі ақпаратпен алмасу қажеттілігі тән. Олар пайымдауы жағынан тәуелсіз және қатаң ережелерді ұнатпайды. Z ұрпағы ойын баласындай өмір сүреді және тең қарым-қатынасты артық санап, беделділерді мойындамайды. Ал ата-аналар өздерінің өмірлік тәжірбиелерімен балаларға оң әсер етіп, үлгі болу арқылы баланың тәрбиесіне ықпал етуі тиіс.

«Дарынды бала – ел болашағы». Біз толерантты ұрпақ тәрбиелеуіміз керек.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет