Ылым министрлігі


Дәріс 1: Статистика пәні мен міндеттері



бет2/85
Дата02.03.2023
өлшемі1,66 Mb.
#71225
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   85
Дәріс 1: Статистика пәні мен міндеттері.
1. Статистика туралы жалпы түсінік және оның даму процестері.

  1. Статистика пәні мен міндеттер.

  2. Статистикалық әдістер және оның зерттеу кезеңдері



Дәрістің мақсаты: Статистика туралы жалпы түсінік, оның дамуы және әдістері мен зерттеу кезеңдері туралы студенттерге жалпы мәліметтер беру
Тақырып бойынша негізгі түсініктер: статистика, жиынтық бірлік, сандық белгі, сапалық белгі, статистикалық бақылау, статистикалық топтау, жинақтау, өңдеу, статистикалық қорытынды, талдау.
Дәрістің конспектісі
1 сұрақ. Статистика – бұл сандық көрсеткіштердің жиынтығы. Ол уақыт өткен сайын өзара байланыста әрқашан дамып, жетіліп, толығып отырады. Ондағы сандық көрсеткіштер арқылы мемлекетіміздің саяси және әлеуметтік–экономикалық даму немесе кему процестерін толығымен көруге болады. Сонымен бірге статистикалық сандық көрсеткіштерді қолданып, оған талдау жасау арқылы болашаққа, яғни белгілі бір кезеңге болжам жасауға толық мүмкіндік туады.
Қазіргі кезеңде «статистика» термині төмендегідей әртүрлі мағынады қолданылып жүр:

  • статистикалық органдар арқылы көптеген қоғамдық құбылыстардың өзгерістерін жүйелі түрде есепке алу;

  • статистика – статистикалық жинақтарда, анықтамаларда, мерзімді баспасөздерде жарияланатын сандық көрсеткіштер;

  • статистика – қоғамдық ғылымның бір саласы және оның өзіне тән жеке пәні мен зерттеу әдістері бар ғылым.

Статистика қоғамдық ғылым ретінде бертінде пайда болды және оның даму кезеңдерінің өзінше тарихы бар. Статистика ғылымының даму процесін, бастамасын ХVII ғасырдың аяқ кезінен Англиядан бастайды. Оның негізін ағылшын ғалымдары Джон Граунт (1620 – 1674) пен Вильям Петтидің (1523 – 1687) «Саяси арифметика» атты еңбегі қалады.
Статистика дамуының екінші бір бастауы «Саяси арифметикамен» бір мезгілде шыққан неміс ғалымы Г. Конрингтің (1605 – 1681) еңбектерінде қалыптаса бастаған мемлекеттану ғылымында жатыр.
Статистиканың одан әрі дамуына көптеген ғалымдар өздерінің ғылыми еңбектерімен атсалысты. Олардың ішінде мына ғалымдардың аттарын атамай кетуге болмайды: неміс ғалымы Г. Ахенваль (1719 – 1772), бельгия ғалымы А. Кетле (1796 – 1874), англия ғалымы А. Боули (1869 – 1957) және тағы басқалары.
ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың басында статистика ғылымы қарыштап дами бастады. Оған көптеген ғалымдар мен статистиктердің сіңірген еңбектері дәлел бола алады. Мысалы, математикалық статистиканың ықтималдық теориясын қолдану арқылы көптеген сандық көрсеткіштерді есептеу тәсілі анықталады. Бұл салада П.Л. Чебышев, А.А. Марков, А.М. Ляпунов, С.Н. Бернштейн сияқты атақты математиктер елеулі еңбек етті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   85




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет