Ылым министрлігі


Дәріс 2 Статистика пәні мен міндеттері



бет5/85
Дата02.03.2023
өлшемі1,66 Mb.
#71225
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   85
Дәріс 2 Статистика пәні мен міндеттері.

  1. Статистиканың негізгі ұғымдары мен категориялары

  2. Статистикалық әдіснаманың ерекшеліктері

  3. Қазақстан Республикасында мемлекеттік статистиканы ұйымдастыру

Дәрістің мақсаты: Статистика туралы жалпы түсінік, оның дамуы және әдістері мен зерттеу кезеңдері туралы студенттерге жалпы мәліметтер беру
Тақырып бойынша негізгі түсініктер: статистика, жиынтық бірлік, сандық белгі, сапалық белгі, статистикалық бақылау, статистикалық топтау, жинақтау, өңдеу, статистикалық қорытынды, талдау.


Дәрістің конспектісі
1 сұрақ. Нарықтық экономикаға өту кезеңінде республикада болып жатқан әлеуметтік-экономикалық құбылыстар мен процестер туралы және олардың даму немесе кему жағдайьн анықтау үшін; жалпы мемлекеттік саясаттың жүргізілуі мен орындалуын қамтамасыз ету үшін; көп салалы халық шаруашылығын басқару үшін түрлі статистикалық мәліметтер кажет. Мұндай мәліметтер кәсіпорындардың, ұйымдар мен мекемелердің, шаруашылықтардың, кооперативтер мен фермерлікшаруашылықтардың және т.б. әр түрлі есептеу жолдары арқылы, яғни оперативтік жедел, бухгалтерлік және статистикалық есеп беру жүйелері арқылы жинақталады, өңделеді және оған талдау жасалынады. Бірақ, осы аталған есеп түрлерінің әрқайсысының алдарына койған мақсаты мен есептеу әдістемелеріне қарай өздеріне тән ерекшеліктері болады. Төменде осы есептердің ерекшеліктерін жеке-жеке қарастырайық:
Оперативті жедел немесе оперативті-техникалық есеп. Оның негізгі мақсаты сол кәсіпорындардың, шаруашылықтардың, бірлестіктер мен ұйымдардың бөліктері мен цехтарында болған жұмыс көрсеткіштеріне, яғни өндірілген дайьн өнімдер мен оның сапасына; жартылай даярланған фабрикаттар мен тетіктердің дайындалуына, шикізаттар мен материалдың жұмсалуына; еңбек құралдарының қолданылуына және т.б. операциялардың жүргізілуіне күнделікті бақылау жасау үшін жүргізіледі. Оперативті жедел есеп арқылы алынған көрсеткіштер күнделікті орындалған шаруашылық операцияларының жұмыс бабын, олардың дұрыстығын қадағалап отыру және басшылық жасау үшін қолданады. Егер жүмыс барысында түрлі себептер мен кемшіліктер кездесетін болса онда оны түзету үшін арнайы шешімдер қабылдауға және оны жүзеге асыруға көмектеседі.
Оперативті есептің көрсеткіштері бастапқы құжаттар бойынша немесе телеграф, телефон арқылы жинақталады және онда бухгалтерлік есеп беру формасында анық көрсетілмейтін негізгі мәліметтер қамтылады. Сондықтан оны дер кезінде берілетін жедел есеп деп те атайды.
Бухгалтерлік есеп. Есептің бүл түрі барлық кәсіпорыңдарда, мекемелер мен ұйымдарда, шаруашылықтар мен бірлестіктерде, шағын жөне жеке кооперативтер мен ұжымдарда жүргізіледі. Бухгалтерлік есеп арқылы әрбір кәсіпорындар, мекемелер және т.б. бойынша ақша қаржыларының қозғалысын, өндірілген өнімнің өзіндік құнын, материалдық шығындар мен оның пайдалануын, еңбекақы мөлшерін, кіріс пен шығыс же­не т. с. с. көрсеткіштердің нақты есебі жүргізіледі. Бұл есепте көрсетілетін көрсеткіштер ресми қүжаттарға сүйеніп жинақталады және оған экономикалық талдау жасалынып, қорытындыланады. Басқа есептермен салыстырғанда, оның ерекшелігі қүжаттылығында және ондағы көрсеткіштердің барлығы ақшалай өлшем бірлігіне айналдыру арқылы көрсетілетіндігіңде.
Бухгалтерлік есептің негізгі мақсаты жүйелі түрде бірыңғай ережелер мен әдістерді қолдана отырып, шаруашылық операциялары туралы мәліметтерді жинақтайды. Басқаруға қажет болатын көрсеткіштерді өз ішінде қолданады және сол арқылы белгілі бір шешімдер қабылдауға көмектеседі. Есептің бүл түрінің негізгі әдістері мыналар: бухгалтерлік баланс, тіркеу, бағалау, калькуляциялау. Ең бастысы, қүжаттылық принципін сақтай отырып, екі жақты жазу ережесіне сай жүргізілетіндігі.
Бухгалтерлік есепке әдістемелік жағынан көмек көрсетіп, басшылық ету жұмысы республика Қаржы министрлігіне жүктелген. Ол Қазақстан Республикасының Ұлттық статисти­ка агенттігімен келісе отырьш бухгалтерлік есеп айырысу шоттарын жөне олардың жоспарын, есеп беру формаларының типтік үлгісін, оларды жүргізу, толтыру әдістері туралы нұсқауларды бекітеді. Оның іс жүзінде қолданылуына бақылау жасап отырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   85




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет