Ылым министрлігі


Дәріс 3: Статистикалық бақылау



бет9/85
Дата02.03.2023
өлшемі1,66 Mb.
#71225
түріБағдарламасы
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   85
Дәріс 3: Статистикалық бақылау

  1. Статистикалық бақылау түралы түсінік. Бақылауды өткізу кезеңдері.

  2. Статистикалық бақылауды ұйымдастыру нысандары және бақылау түрлері

  3. Статистикалық бақылаудың тәсілдері.

  4. Статистикалық бақылаудың бағдарламалық-әдістемелік мәселелері.



Дәрістің мақсаты: Статистикалық есеп жүргізу кезінде оның ең алғашқы сатысы статистикалық бақылаудың маңыздылығын ашу. Бақылау бағдарлмасындағы сұрақтардың маңыздылығын түсіну. Статистикалық бақылаудың нысандарын, түрлерін, тәсілдерін түсіну. Бақылау кезінде жіберілетін қателіктерді анықтай білу және оларды тексеру тәсілдерін меңгеру.
Тақырып бойынша негізгі түсініктер: статистикалық бақылау, бақылау бағдарламасы, бақылау зерзаты, бақылу бірлігі, статистикалық бланк, статистикалық есеп беру, жаппай бақылау, жартылай бақылау, ішнара бақылау, бақылаудың тәсілдері, статистикалық қате, репрезентативті қате, тіркеу кезінде жіберілетін қате.


Дәрістің конспектісі
1 сұрақ. Статистикалық бақылау деп қоғамдық өмірдің көптеген құбылыстары мен процестері туралы бастапқы мәліметтерді алдын–ала жасалынған бағдарлама бойынша, ғылыми ұйымдастырылған жүйеде тіркеу, жинау тәсілі айтылады.
Статистикалық бақылауды жүргізу, оның бағдарламаларын дұрыс ұйымдастыру–өте күрделі және көптеген білікті мамандар мен ғылыми мекемелердің қатысуы арқылы жасалынатын жұмыс.
Жалпы алғанда статистикалық бақылаудың негізгі мақсаты–зерттеліп отырған зерзаттар туралы шындықты нақты дәлдікпен көрсететін, ғылымға негізделген, сапалы мәліметтерді белгіленген мерзімде жинау. Бұл жөнінде статистикалық бақылаудың алдында төмендегі талаптар толық орындалуы тиіс:

  1. Халық шаруашылығы үшін зерттеліп отырған қоғамдық құбылыстар мен процестердің негізгі мақсаты, ғылыми және тәжірибелік бағалылығы жоғары болуы керек.

  2. Жалпы жиынтыққа әсерін тигізетін себептерді анықтау қажет және қоғамдық құбылыстар мен процестер туралы ұдайы өзгерісте болатын сапалы мәліметтермен қамтамасыз етілуі тиіс.

  3. Статистикалық бақылау арқылы жиналған мәліметтер шындықты, дәлдікті көрсетуі үшін оның сапалылығы жан–жақты ұқыпты түрде, әрі өз уақытында тексерілуі тиіс. Өйткені бақылау көрсеткіштеріндегі орын алған жетіспеушіліктер, кемшіліктер, ауытқушылықтар өңдеу процесінде толық түзету жасауға мүмкіндік бермейді.

  4. Статистикалық бақылау ғылыми негізде, алдын–ала жасалынған бағдарлама негізінде ұйымдастырылған түрде жүргізілуі тиіс және одан алынған мәліметтер дұрыс шешім қабылдау үшін қолданылуы керек.

Сонымен статистикалық бақылау кезінде бастапқы жиналған көрсеткіштерде көптеген кемшіліктер кездесетін болса, онда бақылау жұмысының қорытындысы нәтижесіз болып шығады және алдына қойған мақсатына жете алмайды. Мұның барлығы бақылау бағдарламасы мен ұйымдастыру жұмыстарының дұрыс жолға қойылмағандығынан туындайды.
Статистикалық бақылау - нәтижесінде сандық көрсеткіштер алынатын қандай болмасын статистикалық жұмыстың ең бірінші этапы.
Ұйымдастыру жұмыстарының ішіндегі ең негізгісі - статистикалық бақылауды жүргізудегі алдына қойылған мақсат, оның өзі сол жүргізілетін зерттеудің мәні мен маңызына байланысты. Бұл дегеніміз бақылауды не үшін және қайда жүргізетінімізді, кандай мәлімеггердің жиналатындығын, қалай өндеу керек екендігін, қолданылатын кестенін пішінін және есептеу төсілдерін аныктау болып табыладьі. Сол себепті ста-тистикалық бақылауды ұйымдастыру жөне оның бағдарламасының жасау мағынасы жағынан өте күрделі жұмыс болып есептеледі.
Статистикалық бақылау зерзаты (объектісі). Статистикалық бакылаудың бағдарламасында зерзаты мен бақылау бірліктері дұрыс анықталуы тиіс. Статистикалык бақылау зерзаты дегеніміз - зерттеуге жататын әлеуметтік қүбылыстар мен процестер жиынтығы. Мысалы, өнеркәсіпті зерттеу керек болса, онда бақылау зерзатына Қазакстан Республикасындағы онеркәсіп орындары, ал ауыл шаруашылығын зерттеу қажет болса, онда ұжымшарлар мен кешендер жиынтығы жатады. Ал халық санағын жүргізу қажет болатын болса, онда бақылау зерзатына республикамызда тұратын белгілі бір шекті мезгілдегі бүкіл халық жатады.
Статистикалық бакылау жұмыстарын ғыліыми жүйеде ұймдастыру кезеңінде ең бастысы - бақылау зерзатының шегін дұрыстап анықтау. Егер бақылау зерзатының шегі дұрыс анықталмаған болса, онда оның кейбір бөліктерінің зерттеуден тыс қалуы немесе зерттеуге жатпайтын мүлде басқа зерзаттардың кіріп кетуі де мүмкін. Соңдықтан бақылау зерзатының шегін дүрыс анықтап алу зерттеу кезіндегі мәліметтердің анық та, қанық больш шығуына әсері өте зор. Мысалы, өнеркәсіптің бақылау зерзатын анықтау ушін оның құрамына жататын өнеркәсіп орындарды басқа салаларға жататын кәсіпорындардан айыратын, өздерінің өндіретін өнімдерінің түрлеріне қарай бөлуге болады.
Статистикалық бақылаудың зерзаттары бөлек элементтерден тұрады және оны нысандарына қарай бір-бірінен ажыратуға болады. Сондықтан, ол статистикалық бақылау жүргізудің негізгі көзі болып саналады. Оны статистикалық бақылау бірлігі деп атайды.
Бақылау бірлігі деп, бастапқы статистикалық мәліметтер жиынтығын зерттеуге жататын зерзат құрамының белгілі бір бөлігін айтады. Бақылау бірлігін аңық,тау - зерттеуге жататын жиынтық құрылымына, оның алдына қойған мақсатына, аткаратын міндетіне байланысты. Мысалы, ауыл шаруашылығын зерттеу керек болса, бақылау бірлігі ретінде әрбір ұжымдар мен кеңшар немесе жеке шаруа қожалығы алынады. Егер енбек өнімділігін зерттеу керек болса, бақылау бірлігі ретінде өндірілген өнімнің көлемі, ал жалақы қорын зерттеу керек болса, бақылау бірлігі ретінде жұмысшылардын тізімдік саны алынады. Сонымен, бақылау бірлігіне әрбір кәсіпорын, мекеме, ұжым, оку орны немесе әрбір жұмысшы, қызметкер, ұжымшар мүшесі, оқушы жатады, яғни ол қандай зерзаттардың зерттеуге жататындығына байланысты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   85




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет