Ылым министрлігі



бет29/85
Дата02.03.2023
өлшемі1,66 Mb.
#71225
түріБағдарламасы
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   85
2 сұрақ. Арифметикалық орташа шама жалпы жиынтықтағы өзгермелі белгілердің жеке мәндерінің қосындысы болған жағдайда ғана қолданылады.
Көрсеткіштердің жеке мәндерінің мағынасына қарай жай және салмақталған болып бөлінеді.
Жиынтықта әрбір белгі тек бір рет ғана кездессе, онда орташаның жай түрі қолданылады. Ол мына формула арқылы есептелінеді:
х= ,
Мұнда, х- орташа шама
х- белгілердің жеке сандық мәндері
n- белгілердің саны
- жиынтықтың белгісі, яғни х- тің қосындысы
Егер жиынтықтың әрбір белгісі бір рет емес, бірнеше рет қайталанатын болса, онда орташа шаманың салмақталған түрі қолданылады. Ол мына формула бойынша есептеледі:
х= ,
Мұнда, х- орташа шама
х- белгілердің жеке сандық мәндері
f- жиіліктің мәндері
- белгілер мен жиілік мәндерінің көбейтіндісінің қосындысы
- жиіліктің жалпы саны
Үйлесімдік орташа шама – бұл арифметикалық орташа шаманың кері және өзгертілген түрі. Егер өзгермелі қатардың белгілері (х) мен оның жиілік мәндері (f) берілген болса, онда арифметикалық орташа шама қолданылады. Ал кейбір жағдайда, керісінше, өзгермелі қатардың белгілері (х) мен оның жиіліктерінің көбейтіндісі (хf) беріліп, жиілік мәндері (f) белгісіз болуы мүмкін. Онда орташа көбейткішті есептеу үшін үйлесімдік орташа шаманы қолдануға болады.
Сонымен, үйлесімдік орташа шама орташаның негізгі қатынасының алымының мәндері белгілі, бөлімінің мәндері белгісіз болған жағдайларда қолданылады. Бұл анықтаманы былай да айтуға болады: егер берілген мәліметтердің жиілігі, яғни жиынтықтың саны белгісіз болып, басқа көрсеткіштермен көбейтіндісі берілсе, орташа шаманың үйлесімдік түрі қолданылады.
Үйлесімдік орташа шама берілген мәліметтердің экономикалық маңызы мен мәніне, есептеу тәсіліне қарай жай және салмақталған болып екі түрге бөлінеді. Егер өзгермелі қатардың белгілері мен жиіліктерінің көбейтіндісі (хf) бірдей болса немесе бірге тең болса, ондай үйлесімдік орташа шаманың жай түрі қолданылады және ол мына формуламен есептелінеді: n
х = ―
1
∑ −
x
мұнда, х - орташа шама;
n - белгілердің саны;
1
− - белгілердің жеке сандық мәндерінің кері шамасы;
x
∑ - жиынтық белгісі.
Берілген деректе салмақтаушы белгісіз яғни жиілік мәндері (f) көрсетілмей, белгілердің мәндері мен жиіліктерінің көбейтіндісі (хf) ғана берілетін болса , онда үйлесімдік орташа шаманың салмақтанған түрі қолданылады және төменде берілген формула арқылы көрсетіледі:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   85




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет