Ылым министрлігі



бет43/85
Дата02.03.2023
өлшемі1,66 Mb.
#71225
түріБағдарламасы
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   85
р(1-р) - жалпы жиынтықтағы негізгі бір белгісі бар бірліктер үлесінің шашырандылығы.
Жалпы жиынтықтағы белгісі бар бірліктер үлесінің орнына ішінара бақылаудың көрсеткіштерін, яғни сапалық шашырандыны W (1- W) қолданып, қайта іріктеудің орташа қатесін мына формуламен есептеледі
µW = √ W (1- W) / n
мұндағы µW – ішінара жиынтықтағы негізгі бір белгісі бар бірліктер үлесінің орташа қатесы
W - – ішінара жиынтықтағы негізгі бір белгісі бар бірліктер үлесі
n – бақылауға алынған жиынтық бірліктерінің саны
Егер ішінара іріктеу қайталанбайтын тәсілмен дүргізілген болса, онда мына формулалар арқылы орташа қате есептелінеді.
Орташа шама үшін µх = √ G2/ n *(1-n/N)
Белгінің үлесі үшін µр = √ р(1-р)/ n *(1-n/N)
µW = √ W (1- W) / n * (1-n/N)
Сонымен




Іріктеу тәсілдері

Қайта

Қайталанбайтын

Орташа қате µ:
Орташа шама үшін

µх = √ G2/ n

µх = √ G2/ n *(1-n/N)

Белгінің үлесі үшін

µW = √ W (1- W) / n

µW = √ W (1- W) / n * (1-n/N)

Шекті қате
Орташа шама үшін

х = t √ G2/ n

х = t √ G2/ n*(1-n/N)

Белгінің үлесі үшін

W = t √ W (1- W) / n

W = t √ W (1- W)/n* (1-n/N)

Ішінара бақылау типтік іріктеу тәсілі арқылы жүргізілген болса, онда орташа шама мен белгінің үлесі үшін қатенің шегін анықтау төмендегі берілген формулалар бойынша есептеледі:

Іріктеу әдісі

Орташа шама үшін

Белгінің үлесі үшін

Қайта

х = t √ G2/ n

W = t √ W (1- W) / n

Қайталанбайтын

х = t √ G2/ n*(1-n/N)

W = t √ W (1- W)/n* (1-n/N)

Қорытынды:
Статистикалық ішінара бақылау әдісі деп жалпы жиынтық бірліктерінен зерттеуге кездейсоқ немесе белгілі бір тәртіппен ғылыми негізде алдын ала іріктеліп алынған кейбір бөліктерін айтады. Ал одан шыққан қорытынды көрсеткіштерді жалпы жиынтық көрсеткіштеріне толығымен таратуға, қолдануға болады.
Дәріске әдістемелік нұсқау:
Дәрістің тақырыбымен жұмыс жасау барысында ішінара бақылаудың негізгі әдістері мен тәсілдеріне көңіл бөлу керек. Олардың түрлерінің әрқайсысын нақты білу үшін және ерекшеліктерін талдау үшін әдебиеттердегі осы тақырыптарды тереңдетіп оқу қажет.
Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:

  1. Ішінара бақылау әдісі туралы түсінік. Жиынтық және ішінара бақылау.

  2. Ішінара жиынтықтың құралу әдістері.

  3. Ішінара бақылау нәтижелерін бағалау. Ішінара бақылаудың қажетті бірліктер санын есептеу.

  4. Қайталанбайтын іріктеу дегеніміз не?

  5. Жай кездейсоқ іріктеу тәсілі дегеніміз не?

  6. Механикалық іріктеу тәсілі дегеніміз не?

  7. Типтік іріктеу дегеніміз не?

  8. Сериялық іріктеу дегеніміз не?

  9. Құрама іріктеу дегеніміз не?

  10. Бір сатылы іріктеу дегеніміз не?

  11. Көп сатылы іріктеу дегеніміз не?

  12. Шағын іріктеу дегеніміз не?

  13. Мезеттік бақылау дегеніміз не?

  14. Репрезентативті қате дегеніміз не?

Дәріс 13. Динамикалық қатарлар

  1. Динамикалық қатарлар туралы түсінік және оның түрлері.

  2. Динамикалық қатарды зерттеудің негізгі қағидалары

  3. Динамикалық қатардың негізгі көрсеткіштері, есептеу тәсілдері



Дәрістің мақсаты: Өсіңкілік қатарлардың статистикалық есеп жүргізу кезінде маңыздылығын, ерекшелігін және мақсатын анықтау. Оның түрлерінің қасиеттеріне жекелеп сипаттамалар беру. Сонымен қатар өсіңкілікқатардың негізгі көсеткіштерін есептеу тәсілдерін үйрену және олардың қолданылуын анықтау.
Тақырып бойынша негізгі түсініктер: өсіңкілік қатарлар, толық өсіңкілік қатарлар, толық емес өсіңкілік қатарлар, нақты шамалы өсіңкілік қатар, қатысты шамалы өсіңкілік қатар, орташа шамалы өсіңкілік қатар, нақты өсім, өсу қарқыны, өсім қарқыны, бір пайыз өсімнің нақты мәні.
Дәрістің конспектісі
1 сұрақ. Қоғамдық құбылыстар мен процестер әрқашанда дам үстінде болады,сол себепті әрдайым өзгеріп отырады. Мысалы, халықтың саны мен оның құрамы,өндірілген өнім көлемі, еңбек өнімділігі, орташа еңбекақы мөлшері және т.б. көрсеткіштер уақытқа байланысты өзгермелі болады.
Динамикалық қатарлар деп статистикалық көрсіткіштердің, яғни құбылыстардың, процестердің уақытқа қарай өзгеруін сипаттайтын сандық мәндер тізбегін айтады. Әлеуметтік-экономикалық құбылыстардың уақытқа қарай өзгеруін зерттеуде статистикалық өсіңкілік қатардың атқаратын рөлі өте жоғары. Себебі, осы көрсеткіштер арқылы қоғам өміріндегі құбылыстардың даму,өзгеру процесін талдауға, санауға және негізгі бір қорытынды жасауға болады. Сонымен, статистика органдарында және мемлекетіміздің басқару орындарына өсіңкілік қатарлар көрсеткіштері кеңінен қолданылады және даму немесе кему процестерінің заңдылығы толығымен зерттеледі.
Динамикалық қатарлар негізгі екі бөліктен тұрады. Біріншісі – қатардың дәрежесі, екіншісі – уақыт көрсеткіші, белгісі.
Қоғамдық құбылыстар мен процестердің шамасын, мөлшерін сипаттайтын көрсеткіштің белгілі уақыттағы әрбір сандық мәнін қатардың дәрежесі деп атайды.
Құбылыстар мен процестер болып өткен уақытының мерзіміне қарай, өсіңкілік қатарлар бір мезгілді және уақыт аралықты болып екіге бөлінеді.
Бір мезгілді өсіңкілік қатардың нақты сандық шамалары құбылыстың белгілі бір сәттегі, яғни тәуліктің, айдың, жылдың басында немесе аяғында болған жағдайын сипаттайды.
Уақыт аралықты өсіңкілік қатарлар деп құбылыс мөлшерінің белгілі бір уақыт (тәулік, ай, тоқсан және жыл) ішінде қандай шамада болғанын сипаттайтын көрсеткіштерді айтады.
Динамикалық қатарлар уақыт мерзіміне және онда көрсетілген көрсеткіштерге байланысты толық және толық емес болып екіге бөлінеді.
2 сұрақ. Экономикалық құбылыстардың өзгеру процестерін зерттеу, талдау және есептеу кезінде бірнеше статистикалық көрсеткіштер қолданылады. Бұл көрсеткіштер нақтыабсолютті,қатысты және орташа шамалармен сипатталады.
Осыған орай өсіңкілік қатарлар нақты абсолютті, қатысты және орташа шамалар болып үшке бөлінеді.
Әлеуметтік-экономикалық құбылыстардың өсіңкілігін зерттеу, талдау барысында бірнеше статистикалық көрсеткіштер қолданылады. Олардың көпшілігі нақты немесе қатысты шамамен беріледі және осы көрсеткіштер арқылы белгілі бір ақыт аралығында болған жағдайларға қорытынды жасауға болады.
Статистикада өсіңкілік қатарлар көрсеткіштерін есептеуде мынадай негізгі түрлері қолданылады: нақты(абсолютті) өсім ,өсу қарқыны, өсім қарқыны, бір процент өсімнің нақты (абсолютті) мәні. Бұлардың барлығын есептеу өсіңкілік қатардағы көрсеткіш дәрежелерін бір-бірімен салыстыру нәтижесінде негізделген. Осыған орай салыстырылатын уақыттың дәрежесін ағымдағы деп, ал онымен салыстырылатын уақыттың дәрежесін базалық деп атайды. Өсіңкілік қатардың көрсеткіштерін екі тәсілмен есептеуге болады. Біріншіден, ағымдағы қатардың әрбір дәрежесін оның алдындағы уақыттағы шамасымен салыстырған болса, онда өсіңкіліктің көрсеткіштері тізбектелген тәсілмен есептелінген болып саналады. Екіншіден, әрбір қатардың мәнін белгілі бір тұрақты базалық уақыттың шамасымен салыстырсақ, онда оны тұрақты тәсілмен есептелінген деп атайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   85




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет