Ылым министрлігі



бет40/85
Дата02.03.2023
өлшемі1,66 Mb.
#71225
түріБағдарламасы
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   85
G2 = ∑(х- )2f/∑f =(14-15,1)2*60+(15-15,1)2*150+(16-15,1)2*90/ 60+150+90=0,49 ц
4. Ішінара жиынтықтың шашырандылығы (ішінара шашыранды)
Gi2 = ∑(х- )2fi /∑fi =(14-15)2*8+(15-15)2*15+(16-15)2*7/ 8+15+7=0,5 ц
5. Жалпы жиынтық бойынша 15 ц және одан жоғары түсім беретін жер көлемінің үлесі
P = M / N = 240/300 =0,8 немесе 80%
М = 150+90=240 (т8с3мдер3 с2йкес3нше 15,16 ц/га)
6. Ішінара бақылау бойынша 15 ц және одан жоғары түсім беретін жер көлемінің үлесі
W=m/n = 22/30 = 0,73 немесе 73%
m = 15+7=22
Яғни жалпы жиынтық пен ішінара бақылауға алынған бірліктердің есптелген көрсеткіштерін бір бірімен салыстырғанда бұл екуінің арасындағы айырмашылық өте аз екендігі байқалады. Демек, ішінара бақылау дұрыс жүргізілген.
2 сұрақ. Жағдайға байланысты жалпы жиынтықтан ішінара бақылауға алынатын жиынтық бірліктерін іріктеп алу әр түрлі тәсілдермен жүргізіледі. Соның бірі бақылауға іріктеліп алынған жиынтық бірліктерінің зерттеуге екінші рет қатысатындығы немесе қатыспайтындығына байланысты қайта іріктеу және қайталанбайтын іріктеу әдістері болып екіге бөлінеді. Егер жалпы жиынтықтан іріктеліп алынған бірліктер тексеріліп, зерттеуден өткен соң қайтадан жалпы жиынтыққа қосылып, келесі бақылау кезінде екінші рет тексеруге қатысатын болса, онда оны қайта іріктеу деп атаймыз. Бұл әдісте жалпы жиынтық бірліктерінің барлығының бақылауға алыну мүмкіншіліктері бірдей болады.
Егер жалпы жиынтықтан бір рет іріктеліп алынған бірліктер тексеріліп, зерттеуден өткен соң қайтадан жалпы жиынтыққа қосылмайтын болса, онда оны қайталанбайтын іріктеу деп атаймыз. Мұнжа жаңа бірліктердің бақылауға алынуына сәйкес қалғандарының тексеруге алыну мүмкіншіліктері жоғарылай түседі.
Қайталанбайтын іріктеу әдісіне жаңа бірліктер біртіндеп қосылып отырады, ал қайта іріктеуде сол алынған бірліктер зерттеудің аяғына дейін өзгермейді. Сондықтан қайталанбайтын іріктеу қайта іріктеу әдісіне қарағанда жиі қолданылады және алынған қорытынды көрсеткіштер дәлдікті көрсетеді.
Жиынтық бірліктерінен іріктеп алу түрлі жағдайларға байланысты жекелеген, топталған, құрастырылған болып бөлінеді. Жекелеген іріктеуде әрбір бірлік бірінен соң бірі жеке іріктеліп алынады. Топталған іріктеуде зерттеуге алынған топтың барлық бірліктері толығымен алынады. Ал құрастырылғанда жекелеген және топтама әдістердің құрамы бірге алынады.
Статистикада жалпы жиынтықтан ішінара бақылау бірліктерін іріктеп алу әр түрлі тәсілдермен жүргізіледі. Соның ішінде ең жиі қолданылатын түрлеріне жататындары мыналар: жай кездейсоқ, механикалық, типтік және сериялы іріктеу.
Жай кездейсоқ іріктеу тәсілі деп жалпы жиынтықтың арасынан ішінара бақылауға алынатын бірліктерді кездейсоқ немесе жеребе арқылы іріктеп алуды айтады.
Механикалық іріктеу тәсілі. Мұнда жалпы жиынтық бірліктерінен белгілі бір қашықтықта жатқан бөліктері өзіндік тәртіппен іріктеліп алынады. Мысалы, шығарылатын өнім көлемі 1000 дана болса, онда оладың әрбір 5-сі немесе 10-сы бірліктері тексеруге алынады. Ол үшін алдын ала жалпы жиынтықтың тізім жасалады және бірліктер мөлшері пропорциялы үлесіне қарай анықталады. Пропорциялық үлесін табу үшін бірлікті іріктеу мөлшеріне бөлеміз немесе оны былай жазуға болады: 1/10; 1/20 т.с.с.№ Механикалық іріктеу қайталанбайтын әдіс арқылы жүргізіледі.
Типтік іріктеу. Ішінара бақылаудың бұл тәсілінде жалпы жиынтық бірліктері өздеріне тән типтік белгілері бойынша жеке топтарға бөлінеді. Сосын пропорциялық үлес арқылы әр топтан кездейсоқ немесе механикалық тәсілмен зерттелуге жататын бірліктер және іріктеліп алынады. Мысалы ЖОО 4 факультетінде 10000 студент бар. Олардың ішінен 1500 студентті типтік белгілері бойынша іріктеп алуымыз қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   85




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет