Өсіңкілік қатарларды бір негізге келтіру. Егер өсіңкілік қатарлардың көрсеткіштері әртектес қоғамдық құбылыстар мен процестерден тұратын болса, яғни бір-бірімен салыстыруға келмейтін, әр түрлі өлшем бірліктерімен берілген болса, онда оларды салыстырмалы түрде келтіріп, белгілі бір уақыт аралығында болған жағдайларға байланысты қорытынды жасау үшін, нақты (абсолюттік) шамарды қайта өңдеу арқылы өсіңкілік қатардың көрсеткіштерін бір негізге клтіру керек. Мұнда базалық салыстырмалы кезкң үшін бір жылдық көрсеткіш 100 процент есебімен алынады, ал қалған жылдар көрсеткіштері осы жылғы өсу қарқыны арқылы есептеледі және оны мына кестеден көруге болады:
2-кесте Республика бойынша астық өнімдері мен егістік жер көлемі
Кестедегі берілген көрсеткіштерге талдау жасай отырып, мынадай қорытынды жасауға болады. Кейінгі жылдар Республика бойынша егістік көлемімен бірге жалпы түсімнің көлемі де біртіндеп азаюда. Бірақ, жалпы түсімнің кему дәрежесі егістік жер көлеміне қарағанда өте жоғары. Мысалы, 2015 жылғы егістік жер көлемі 2010 жылмен салыстырғанда 19,2%, ал жалпы түсім 66,1% азайғандығын көруге болады.
Сол сияқты халық шаруашылығы салаларын немесе облыстардың әр түрлі көрсеткіштерін бір негізге клтіру арқылы олардың экономикалық дамуын немесе кемуін анықтауға болады. Сонымен, статистикалық талдауда өсіңкілік қатарларды бір негізге келтіру әдісі әртектес құбылыстарды салыстыруға арналған жалғыз ғана тәсіл болып саналады және іс жүзінде кеңінен қолданылады.