Арифметикалық орташа индекс. Егер шығарылғын өнімнің саны (q) мен өзіндік құны (z) белгісіз болып, өткен мерзімдегі жалпы шығын (qz) мен өндірілген өнім көлемінің өзгерісі (iq) белгілі болса, онда шығарылғын өнім көлемінің өзгерісін анықтау үшін көлемдік индексті қолданамыз.
Iz = ∑q1*z0 /∑ q0*z0 , бұдан iq = q1 /q0 → q1 = iq * q0
Iz = ∑q1*z0 /∑ q0*z0 = ∑ iq * q0 *z0 /∑ q0*z0
Яғни өткен мерзімдегі жалпы шығынды көлемдік жеке дара индексе көбейту арқылы агрегатты индексті арифметикалық орташа индексе түрлендіреміз.
Үйлесімділік орташа индекс. Егер ағымдағы мерзімде шығарылғын өнімнің саны (q1) мен өзіндік құны (z1) белгісіз болып, өткен мерзімдегі жалпы шығын (q1z1) мен өнімнің өзіндік құны өзгерісі (iz) белгілі болса, онда бұл көрсеткішті сесептеу үшін өзіндік құнның жалпы индексін шығарылғын өнім көлемінің өзгерісін анықтау үшін үйлесімділік орташа индексе түрлендіреміз.
Iz = ∑q1*z1 /∑ q1*z0 , бұдан iz = z1 /z0 → z0 = z1 / iz
Iz = ∑ q1*z1 /∑ q1*z0 = ∑q1*z1 /∑ q1* z1 / iz
Дәріс 18. Индекстер
Динамикалық факторларын талдаудың индекстік әдісі.
Сапалық белгілердің орташа шамаларының индекстері: өзгермелі және тұрақты құрамды индекстер, құрылымдық өзгерістер индексі.
Дәріс 18
Маңызды экономикалық индекстер.
Дәрістің мақсаты: Статистикалық қорытындылаушы көрсеткіштердің ең көп тараған түрі индекстер туралы толық ақпараттар алу. Олардың түрлерінің ерекшеліктерін қарастыру және әрқайсысының мәні мен маңыздылығын ашып көрсету.
Достарыңызбен бөлісу: |