Уақыт аралығын үлкейту. Егер өсіңкілік қатарлар дәрежесі уақыт мерзіміне қарай бір-біріне жақын орналасқан болса, онда олардың даму немесе кему бағытын анықтау үшін, уақыт аралығының шамасы үлкейтіліп, жаңа қатарлар құрастырылады. Мысалы, 3-кестеде Қазақстан бойынша ай сайынғы туған балалардың сандық көрсеткіштері берілген:
3-кесте-Қазақстан бойынша 2015 жылғы ай сайынғы туған балалардың саны, мың адам
Айлар
Туғандардың саны
Айлар
Туғандардың саны
Қаңтар
Ақпан
Наурыз
Сәуір
Мамыр
Маусым
25,2
24,9
25,1
24,2
24,6
24,2
Шілде
Тамыз
Қыркүйек
Қазан
Қараша
Желтоқсан
25,0
23,6
23,0
24,1
22,2
21,9
Осы көрсеткіштерге талдау жасау үшін алдымен уақыт аралығының шамасын үлкейтіп, тоқсандарға бөлінеді, содан кейінорташа айлық дәрежесі есептелініп, бір-бірімен салыстырылады да қысқаша қорытынды жасауға толық мүмкіндік туады. Оны 4-кестеден көруге болады:
4-кесте-Қазақстан бойынша 2015 жылғы әр тоқсандағы туғанбалалардың саны, мың адам