Ылым министрлігі


Жылжымалы орташа тегістеу тәсілі



бет50/85
Дата02.03.2023
өлшемі1,66 Mb.
#71225
түріБағдарламасы
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   85
Жылжымалы орташа тегістеу тәсілі. Өсіңкілік қатарлар көрсеткіштерін өңдеу және талдау кезінде қоғамдық құбылыстардың жалпы даму немесе кему бағыты мен оның өзгермелілігін анықтау үшін түрлі себептердің әсерін айқындай отырып, қорытынды жасау үшін жылжымалы орташа тегістеу тәсілі қолданылады. Мұнда есептеуге алынған өсіңкілік қатарлардың сандық мәндері уақыт аралықтарына қарай бірдей мөлшерде болады және көп жағдайда тақ сандық мөлшері бойынша есептеледі. Оны есептеу үшін жылжымалы түрде қатардың алғашқы мүшесін біртіндеп алып тастап, оның орнына қатардың келесі мүшесін қосып отырады. Немесе оны былай да жазуға болады: Бірінші қатардың аралығы екінші қатардың аралығы және т.с.с. жылжымалы түрде жалғаса береді. Осыдан шыққан қосындыны сол мүшенің санына бөлу арқылы жылжымалы орташаның тегістелген мәні анықталады және ол сол қатардың ортасына жазылады.
Енді осы айтылғандарды іс жүзінде көру үшін, жоғарыда берілген 9-кестенің көрсеткіштеріне қайтадан оралайық және жылжымалы орташа тегістеу тәсілін қолдану арқылы есептейік. Есептелінген көрсеткіштер 5-кестеде көрсетілген:
5-кесте Қазақстан бойынша 2015 жылғы ай сайынғы туған балалардың саны, мың адам

Айлар

Туғандардың
саны

Үш айдың
жылжымалы
қосындысы

Үш айдың
жылжымалы
орташа мәні

Бес айдың
жылжымалы
қосындысы

Бес айдың
жылжымалы
орташа мәні



Қаңтар
Ақпан
Наурыз
Сәуір
Мамыр
Маусым
Шілде
Тамыз
Қыркүйек
Қазан
Қараша
желтоқсан



25,2
24,9
25,1
24,2
24,6
24,2
25,0
23,1
23,0
24,1
22,2
21,9

-
75,2
74,2
73,9
73,0
73,8
72,8
71,6
70,7
69,3
68,2
-

-
25,1
24,7
24,6
24,3
24,6
24,3
23,9
23,6
23,1
22,7
-

-
-
124,0
123,0
123,1
121,6
120,4
119,9
117,9
114,8
-
-

-
-
24,8
24,6
24,6
24,3
24,1
24,0
23,6
23,0
-
-

Бұл тәсілді қолданудың негізгі мақсаты мен ерекшілігі сол, мұнда жылжымалы орташа көрсеткіштерге кездейсоқ себептер ешқандай әсерлерін тигізе алмайды. Мұнда секірмелі даму немесе кему прцестері болмайды және оның есептеу әдісінің жеңіл болуына байланысты статистикада жиі қолданылады. Бірақ, бұл тәсілде де өзіне тән жетіспейтін кейбір кемшіліктер кездеседі. Атап айтқанда, жылжымалы орташа қатардың саны жалпы қатарға қарағанда кем және оның өзі орташаны есептеуге алынған мүшелік санға тығыз байланысты болады. Демек жылжымалы орташаны есептеуге алынған қатардың саны өскен сайын, оның орташа мәні жазылатын жоғарғы және төменгі қатарлары біртіндеп кеми береді. Оны 5-кестеден көруге болады.
Сонымен, жылжымалы орташа тегістеу өсіңкілік қатарлар көрсеткіштерінің жалпы даму немесе кему бағытын айқындайтын жай тәсіл болып табылады. Мұнда жаңа орташа қатарлар түзіледі және сол арқылы қоғамдық құбылыстар мен процестер туралы белгілі бір қорытынды жасауға толық болады. Бірақ өсіңкілік қатарлар көрсеткіштерін жетік зерттеу үшін күрделі тәсілдерді қолдануға болады және соның ішінде негізгі түріне жататыны, аналитикалық тегістеу тәсілі болып саналады.
Ағылшын тiлiнде тенденция the trend деп аталады. Тенденция сөзi латынның tandere деген сөзiнiң немiс тiлiнде tendenz деп айтылуынан алынған. Ол қозғалыс, пiкiрлер бағыты, бiрер оқиғаның дамуында байқалатын бағыт, бiрер адамға немесе затқа тән бейiмдiлiк, ұмтылыс, құштар болу деген мағыналарды бiлдiредi.
Жалпы алғанда тенденцияларды анықтаудың түрлi әдiстерi бар. Олардың арасындағы ең қарапайымы — көрсеткiш кезеңiн ұзарту болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   85




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет