Қорытынды: Тақырыпты қорытындылайтын болсақ, жоғарыда көрсетілген индекстер және оның түрлері статистикалық есеп жүгізу кезінде маңызды орынға ие болады. Статистикалық есеп жүргізу барысында индекстің қандай түрін таңдау қажеттігі маңызды, назар аударарлық мәселенің бірі. Сондықтан индекстер статистикалық есеп жүргізу барысында маңызды рөл атқарады. Индекстердің көрсеткіштері статистикалық есептің қорытынды және маңызды бір бөлігі болып табылады.
Дәріске әдістемелік нұсқау: Дәрістің тақырыбымен жұмыс жасау барысында статистикалық зерттеудің үшінші кезеңінде қолданылатын индекстердің түрлерінің маңыздылығын ашу қажет. Олардың түрлерінің әрқайсысын нақты білу үшін және ерекшеліктерін талдау үшін әдебиеттердегі осы тақырыптарды тереңдетіп оқу қажет.
Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар: Индекс туралы түсінік және ол арқылы қандай мәселелерді шешуге болады?
Дара және жалпы индекстер, есептелуі және қолданылуы.
Орташа индекстер, есептеу және қолдану тәсілдері.
Тұрақты, өзгермелі құрамды индекстер және олардың қолданылуы, есептеу жолдары.
Агрегатты индекстер деген не?
Оқылған материалдарды бекітуге арналған тест сұрақтары: 1. Индекс дегеніміз не:
А) Көрсеткіш, белгі, тізім.
В) Өзгерменің кофиценті
С) Көрсеткіштерді түбірлеу
Д) Шашыранды
Е) Өзгерменің өрісі
2. Индекстік әдіс дегеніміз не:
А) Шашырандыны есептеу
В) Статистика қатарда жатқан көрсеткіш
С) Жеке топтың орташа шама
Д) Жиынтықтың орташа шамасы
Е) Біріне-бірін тікелей қосуға болмайтын белгілерден тұратын күрделі әлеуметтік экономикалық құбылыстардың жеке себептердің үлесін анықтауға қолданылатын және уақытқа байланысты кеңістіктегі орташа сипаттайтын қатысты шаманың ерекше түрі.
3. Жеке индекс дегеніміз не:
А) Статистикалық көрсеткіш
В) Біртектес құбылыстардың екі уақыт аралығындағы нақты көрсеткіш шамаларының қатынасы.
С) Өсу қарқынын есептеу
Д) Арифметикалық орташа шама
Е) Географиялық орташа шама
4. Бағаның жеке индекісі:
А) іq=q1/q0 В) iz=z1/z2 С) z1=iz*z0 Д) ip=p1/p2 Е) yорт=∑y n+1/n
5. Өнімнің жеке индексі:
А) у=у0 В) iz=z1/z2 С) іq=q1/q0 Д) ip=p1/p2 Е) yорт=∑y n+1/n
6. Өнімнің өзіндік құнының жеке дара индексі:
А) iz=z1/z2 В) у=у0 С) іq=q1/q0 Д) ip=p1/p2 Е) yорт=∑y n+1/n
7. Еңбек өнімділігінің жеке индексі:
А) у=кх
В) у=х/к
С) у=ах
Д) ip=p1/p2 Е) it=t0/t
8. Жалпы индекстер ол:
А) Базалық индекстер
В) Тікелей салыстыруға және қосуға келмеqтін элементерден тұратын күрделі қоғамдық құбылыстардың уақытқа байланысты өзгерісі.
С) Тізбелі индекстер
Д) Аграрлық индекстер
Е) Тұрақты индекстер
9. Тауар айналымының жалпы индекстер:
А) у=у0 В) iz=z1/z2 С) іq=q1/q0 Д) Іар=∑p1q1/∑q0p0 Е) yорт=∑y n+1/n
10. Тауар айналымының көлемдік жалпы индексі:
А) у=у0 В) iz=z1/z2 С) Іq=∑p0q1/∑q0p0 Д) іq=q1/q0 Е) yорт=∑y n+1/n