Дәріс 27. Ұлттық шоттар жүйесі, негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер Ұлттық шоттар- халықаралық тәжірибеде қолданылатын баланстық есептеулер жиынтығының әдістері
Ұлттық шоттарды құру принциптері: міндеті, үлгісі, шоттардың мазмұны.
Дәрістің мақсаты:ұлттық шоттарды құру принциптері: міндеті, үлгісі, шоттардың мазмұнынұғыну, ұлттық шоттар жүйесінің макроэкономикалық көрсеткіштерін есептеу әдіснамасын ұғыну, ҰУЖ-дегі салаларалық баланстың үлгісін, саларалық баланс көрсеткіштерінің экономикалық мағынасын, тікелей шығын коэффициентерін есептеу міндеттерін қарастыру.
Тақырып бойынша негізгі түсініктер:өндіріс шоты, табыстардың пайда болу шоты, алғашқы табыстарды бөлу шоты, табыстарды қайта бөлу шоты, қолда бар табысты пайдалану шоты, капиталға байланысты операциялар шоты, қаржы шоты, тауар және қызмет шоты, ағымдағы операциялар шоты, капиталға байланысты операциялар шоты және т.б.
Дәрістің конспектісі 1 сұрақ. Ұлттық есептеу – Бастапқы, бухгалтерлік және статистикалық жедел есеп, барлық экономикалық қызметтің түрлерін қамтитын, әдістемелік қағидалардың бірлігіне негізделген және секторлар деңгейінде ҰЕЖ құруды жүргізетін жүйе. БҰҰ-ның ұлттық шоттар саласындағы бірінші стандарты 1953 жылы, екінші стандарты 1968 жылы , үшінші версиясы 1993 жылы қабылданды. Қазақстанда ұлттық шоттар 1994 жылдан құрылады.
Ұлттық есептеу жүйесі (ҰЕЖ) – шоттар мен кестелердің жиыны түрінде берілген өзара байланысты экономикалық көрсеткіштердің жүйесі, ҰЕЖ объектісі - өнім өндіру, қызмет көрсету, табысты бөлу операцияларының ұлттық деңгейдегі жиынтығы.
ҰЕЖ былай анықталуы мүмкін яғни статистикалық көрсеткіштер мен жіктелу жүйесі, белгілі шоттар және таблица жиыны түрінде ұсынылып, макроэкономикалық қызметтің нәтижесін сипаттайды.
ҰЕЖ негізінде экономиканың жұмыс істейтін әр түрлі өндіріс процессі стадиясының макроэкономикалық көрсеткіштерінің жалпылама жүйесі жатыр: өнімді өндіру және қызмет; ағарту, бөлу, қайта бөлу және табысты түпкі пайдалану; жалпы қорларды әртүрлі активтерді жинауға пайдалану /жиналу шотында/; сыртқы экономикалық байланыс (қалған әлем шоттары) және экономикалық қызметтердің басқа стадиялары.
Көрсеткіштер жүйесінің негізінде ҰЕЖ экономикалық процесстерді және олардың нәтижелерін сипаттайды, осы процесстер арасындағы байланысты көрсетеді. Сондықтан, ҰЕЖ – экономиканың өзіндік үлгісі, ел экономикасын, оның аймақтарын және секторларын бір біріне өзара байланысқан баланстар/шот/негізінде, өнімдер қозғалысының ағынын көрсетуге және олардың қаржылық эквиваленттерін экономикалық аганттер арасында олармен әртүрлі экономикалық операциялар жасау процессінде пайдалануын комплексті зерттейді..
Отандық статистикада макроэкокнимикалық процесстерді және олардың нәтижесін халақ шаруашылығы есебі мен жоспарлы балансын/ХШБ/ дайындауда баланс әдісін пайдаланатын едәуір тәжірибе жинақталған. Бірақта ХШБ мен ҰЕЖ арасында ежептәуір айырма бар. Оларды талдағанда ҰЕЖ-ні таңдауға мүмкіншілік берді, яғни ол нарықтық экономиканың қажетіне жауап береді. ҰЕЖ сектор бойынша табыс пен шығыстың және толық экономиканың баланс теңдігін қамтамасыз етеді, үздіксіз өндіріс процессі тек қана материалдық береке ғана құрмайды, қызметте ұсынады, ҰЕЖ оның қаржылық аспектісінің сипаттамасына құрмет береді.