Тікелей қатысу арқылы жинау. Егер бақылаута жататын зерзаттың әрбір жиынтық бірліктерін арнайы адамның өзі өлшеу, санау арқылы есепке алатын, тіркейтін болса, онда оны тікелей /сұрау арқылы мәліметтер жинау тәсілі деп атайды. Мысалы, құнды тауарлар мен бағалы бұйымдарды түгендеу (тізімге алу), тағамдарды санау және т.б. Бұл тәсіл статистикалық зерттеудің жетілген түрі болып саналады және одан алынған мәліметтер нақты, толық больш келеді.
Құжаттар арқылы жинау. Егер статистикалық бақылау жүргізу кезінде қажетті мәліметтер тиісті құжаттармен куәландырылса, яғни есеп беру формаларының негізінде жиналған болса, онда оны құжаттар арқылы мәліметтер жинау тәсілі деп атайды. Біздің қоғамымызда статистикалық мәліметтер негізгі есеп, беру формаларын толтыру арқылы жиналады. Және ондағы көрсеткіштер халық шаруашылығысалаларында больш жатқан жалпы өзгерістерді толығымен, жаи-жақты суреттейді. Сондықтан, статистика органда-рына әрбір кәсіпорын, мекеме, ұжым міндетті түрде және белгіленген уақытта қажетті мәліметтерді тапсырады, ал олар оғaн талдау жұмыстарын жүргізеді.
Сұрақ-жауап арқылы жинау. Кейбір жағдайларда қажетті мәліметтерді тікелей өлшеу, санау немесе құжаттар арқылы жинауға мұмкіндік болмайды. Ондай кезде керекті мәліметтерді жинау үшін сұрақ-жауап тәсілдері қолданылады.
4 сұрақ. Статистикальщ сұрақ-жауап тәсілі деп керек мәліметтерді сұралушы адамдардың айтқандары бойынша сұрақ немесе санақ қағаздарына жазып алу арқылы жинауды айтады. (Мысалы, халық санағы кезінде есепші санақ қағазда адамдардың өз аузымея айтқандары бойынша толтырады. Сұрақ-жауап арқылы мәліметтер жинау ауызша немесе жазбаша түрде жүргізіледі және оның экспедициялық, тілшілік, сауал-сұрақтыңжәне өзін-өзі тіркеу сияқты бірнеше жолдары бар.
Экспедицаялық тәсілмен мәліметтерді жинау кезінде арнайы дайықдықтан өткен адамдар (санақшылар немесе тіркеушілер) сұралушымен келісілген уақытта кездесіп, қажетті мәліметтерді ауызша сұрау арқылы санақ немесе сұрақ қағаздарына толтырады да, сондықтан оны статистика мекемелеріне өткізеді. Бұл тәсіл тікелей халық санағын жүргізу кездерінде қолданылады және оған мемлекет тарапынан көптеген қаржы жұмсалынады. Сонымен қатар, бұл тәсіл қажырлы еңбекті қажет етеді жөне соған орай жиналған мәліметтердің сапасы өте жоғары болады.
Өзін-өзі тіркеу төсілі. Бұл тәсілмен мәліметтер жинау үшін статистика мекемелерінің қызметкерлері (есепшілер, санақшылар, тіркеушілер) сұралушыларға арнайы үлгідегі сұрақ қағаздарьш таратып береді, оны қалай толтыру керек екенді-гін түсіндіреді. Содан кейін толтырған бланкілерді жинап алады да, сол жерде дұрыстығын тексереді, жіберілген қателері болса, түзету енгізеді, соңынан оны статистика органдарына тапсырады. Бүл тәсіл көбіне жұмысшылардың, қызметкерлердің және ұжымшар мүшелерінің отбасы бюджетін зерттеу немесе түрлі санақтар жүргізу кездерінде қолданылады.
Тілшілік тәсілімен қажетті мәліметтерді жинау байланыс бөлімшелері арқылы ерікті түрде жүргізіледі. Оның ерекшелігі сол, мұнда статистика мекемелері мәліметтер жинау үшін арнайы іріктеліп алынған адамдардың мекен-жайына сұрақ қағаздарын және оны қалай толтыру керектігі туралы нұсқауларды байланыс бөлімшелері арқылы жібереді. Кейіннен толтырылған бланкілер келісімді мезгілде статистика мекемелеріне қайтарылады. Тілшілік тәсілмен мәліметтер жинауға жұмсалынған шығындар басқа тәсілдермен салыстырғанда барынша аз алады және -олар тез жиналады. Бірақ, камту деңгейі толық болмайды. Сонымен қатар, мұндағы жиналған мәліметтердің дұрыстығын сол жерді тексеруге ешқандай мүмкінішліктің жоқ екендігіне байланысты, оның сапалық жағы басқа тәсілдермен салыстырғанда төмендеу болады.
Сауал-сұрақтық тәсілмен керекті мәліметтерді жинау сұралушының келісімі бойынша ерікті түрде жүргізіледі. Оны жүргізу үшін сұралушылардың белгіленген тобына сұрақ қағаздары таратылып беріледі және ол жедел толтырылады. Бірақ, мұнда жіберілген бланкілердің санына қарағанда, толтырыльш қайтарылғандарының саны біршама аз және сапасы жағынан төмен болады. Себебі, кейбір сұралушылар сұрақ қалпында көрсетілген сұрақтардың жауабын дұрыс толтырмай, басқалай жауаптар беруі де мүмкін. Бұл тәсі ерекшілігі сол, мұнда сұралушы адамның аты-жөні, мекен жайы көрсетілмейді.
Нарықтық экономикаға көшу кезеңіңде бұл тәсілдің рөлі жоғары көтерілді. Себебі, көптеген ғылыми мекемелер мен қоғамдық ұйымдар көпшіліктің ой-пікірлерін білу үшін ақпарат құралдары арқылы әлеуметгік және демографиялық зерттеу жұмысттарын жиі жүргізе бастады. Сонымен бірге сауал-сұрақтың жауабын пікір алысу арқылы да жинауға болады.
Қазіргі талапқа сай электронды есептегіш машиналар мен кoмпьютepлep жүйесінің кеңінен енуіне байланысты статистикалық бақылау жүргізу, оны топтау және қорытындылау жұмыстары жоғары дәрежеге көтеріледі. Осыған орай мәліметтердің автоматтандырылған қоймасы (банкасы) пайда болды және көрсеткіштердің сапасы жогарылады.