2 сұрақ. Статистика органдары бастапқы мәліметтерді жинауда ұйымдастырудың негізгі екі жолын, яғни формасын қолданады. Біріншісі - есеп беру, екіншісі- арнайы ұйымдастырылған бақылау.
Статистикалық есеп беру деп кәсіпорындар, мекемелер мен ұйымдар, ұжымшарлар мен кеңшарлар және т.б. өз жұмыстары туралы міндетті түрде арнайы бекітілген құжаттар үлгісінде және белгіленген уақыт аралықтарында керекті мәліметтерді статистика органдарына немесе тиісті органдарға тапсырып отыруды айтамыз.
Осыған орай статистикалық есеп беру екі формада жүргізіледі:
жалпы мемлекеттік есеп беру, яғни барлық кәсіпорындар, мекемелер, ұйымдар және шаруашылықтар өз жұмыстары туралы керекті мәліметтерді міндетті түрде тапсырып отырады. Бұл мәліметтер статистика органдарына бастапқы құжаттар және бухгалтерлік есептер арқылы жинақтастырылады, өңделеді, ал содан кейінмемлекетімізді басқару үшін қолданылады;
ішкі ведомствалық есеп беру, яғни әрбір ведомстваның, министрліктердің өздерінің ішкі істерін басқару үшін қолданылатын мәліметтер жинағы. Оны кейде оперативтік-жедел есеп дейді.
Мемлекеттік және ведомствалық есеп беру формаларыны қолданылуына қарай бір үлгідегі және мамандандырылған болып бөлінеді. Барлық халық шаруашылығы салаларына бір үлгідегі есеп беру формасында көрсетілген көрсеткіштер ортақ, яғни бірдей болады.
Мамандандырылған есеп беру формасында әрбір кәсіпорын, мекеме ұжым немесе шаруашылық өздерінің өндіретін өнімдерінің түрлеріне байланысты ондағы көрсетілетін көрсеткіштер де өзгеріп отырады. Мысалы, Алматы токыма жене темекі фабрикаларының өндіретін өнімдерінін, түрлеріне карай олардың есеп беру формаларында (үлгілерінде) көрсетілетін көрсеткіштердегі айырмашылықтың бары немесе өнеркәсіп пен ауыл шаруашылық арасындағы есеп беру формаларында (үлгілерінде) өзгерістердің бар екендігі анык көрсетіледі.
Есеп беру мерзіміне байланысты мәліметтер тапсыру төмендегідей түрлерге бөлінеді: шұғыл (бір күндік, бес күндік, он күндік, он бес күндік), айлық, тоқсандык, жарты жылдық және жылдық. Жылдық, есептен баскасының барлығы ағымдагы есеп беру түріне жатады. Есеп беру мерзімінің аралығы неғүрлым алшақ болатын болса, соғұрлым ондағы көрсетілетін көрсеткіштер көбірек болады немесе керісінше болып келеді. Сонымен бірге әрбір ecen беру формасының тапсырылатын келісімді мезгілдері дәл көрсетіледі және дер кезінде орындау әр көсіпорынның негізгі міндеті больш саналады.
Ecen беру формаларындағы мәліметтердің келіп түсуіне, жеткізілуіне қарай почталық және телеграфтық болып екіге бөлінеді. Негізгі, мәліметтер құжат түрінде почта арқылы жеткізіледі, ал телеграф, телетайп, телефон арқылы тек көрсеткіштер ғана беріледі де, соңынан құжаттармен куәландырылады.
Әрбір есеп беру формаларында төмендегідей риквизиттер міндеті түрде көрсетілуі қажет:
1) есеп беру формасының мазмұнын толық көрсететін аты;
2) статистика агенттігінің бекіткен уақыт мерзімі және нөмірі;
мәліметтердің есепке алынған уақыт мерзімі, кезеңі;
есеп берудің кесімді уақыты;
есеп беру формасы жіберілетін мекеменің аты, мекен-жайы;
6) есеп беру формасын жіберген мекеменің аты, мекен-жайы;
7) мекеме, кәсіпорын және шаруашылық бағынатын министрліктің аты;
8) есеп беру формаларында көрсетілген көрсеткіштердің
дұрыстығына, нақтылығына жауап беретін адамдардың қолдары мен аты-жөндері толық көрсетілуі керек.
Жоғарыда көрсетілген талаптарды толығымен орындау есеп жұмыстарын басқару және оның дұрыс ұйымдастырылуы үшін өте қажет. Нарықтық экономикаға эту кезеңінде Қазақстан Республикасының Ұлттық статистика агенттігі Қаржы министрлігімен бірлесе отырып, республикамыздағы қолданылатын (жүргізілетін) есеп беру формаларына айтарлықтай өзгерістер енгізуде және сандық, сапалық (тиімдік) жақтарын қарастыруда. Барлық мемлекеттік органдарға, қоғамдық ұйымдарға, сонымен бірге кәсіпорындардың, мекемелердің, ұжымдардың басшыларына бекітілмеген есеп беру формалары арқылы мәліметтер жинауға рұқсат етілмейді. Мемлекеттік статистика орыңдарына заңсыз түрде пайдаланылған есеп беру формаларын жоюға жөне оны қолданғандарды жауапқа тартуга құқық берілген. Сондықтан, кез-келген зерттеу жұмыстары үшін мәліметтерді жинауда қолданылатын есеп беру формалары статистика органдарының келісімі бойынша ғана жүргізілуі тиіс.
Қазіргі кезде, республикамыздың егемендігі өз қолыа тигеннен бастап статистика органдарының алдарына үлкен міндеттер қойылуда. Яғни статистикалық мәліметтерді жинаудың, топтаудың, өндеудің және қолданатын орындарга дер кезінде жеткізш берудің жаңа технологаялық әдістерін жоғары дәрежеге көтеру олардың басты бағыты болып табылады. Бұл -eceп жуйесін жетілдірудегі жаңа талапқа байланысты автоматтандырылған мәліметтер қоймасын (АМК), автоматтандырылган статистикалық ақпараттар жүйесін (АСАЖ) және ғылыми негізге сүйене отырып, осы заманғы компьютерді кеңінен қолдануды іске асыру деген ұғым.
Арнайы ұйымдастырьшган бақылау. Әлеуметтік-экономикалық құбылыстар мен процестер туралы маңызды да мәнді мәліметтер есеп беру формаларында толық көрсетілмеген жағдайларда, немесе есеп беру арқылы жинауға мүмкіндік жоқ болса, онда сол керекті мәліметтерді жинау үшін арнайы ұйымдастырылған статистикалық бақылау жұмыстары жүргізіледі. Мысалы, әр отбасындағы бала санын немесе әр отбасының азық-түлік және өнеркәсіп тауарларын тұтынуы туралы мөліметтерді тек арнайы ұйымдастырылған бақылау арқылы ғана жинауга болады.
Кейінгі кезде біздің республикамызда әр түрлі арнайы ұйымдастырылган статистикалық бақылау жұмыстары жүргізілуде. Мысалы, оған халық санағы, орнатылмаған құрал-жабдықтар санағы, мал санағы, құнды материалдарды түген-деу, жұмысшылардың, қызметкерлердің және ұжымшар мүшелерінің отбасы бюджетін зерттеу және т.с.с. жатады. Осының ішіндегі ең негізгісі - 9-10 жылда бір рет жүргізілетін халық санаңы. Осындай арнайы ұйымдастырылган статистикалық бақылау жұмыстарының арқасында біз есеп формаларында көрсетілмеген көптеген қызықты мәліметтерге кез боламыз. Оны мемлекетіміздің болашағы үшін әлеуметтік-экономикалыіқ жағынан бағдарлама жасауға, басқару істеріне толығымен қолдана аламыз.
Кейбір жағдайларда арнайы ұйымдастырылған бақылау аркылы есеп беру формаларындағы көрсеткіштердің дұрыстығын тексеруге де болады. Бұған мысал ретінде кәсіпорыннын, мекеменің немесе ұжымның құнды заттары мен бағалы бұйымдарын түгендеуді (тізімге алуды) айтуга болады. Демек, әрбір жүргізілетін арнайы ұйымдастырылган бақылау жұмыстарының жоғары сапалы болып өткізілуі оған дейінгі жүргізілген даярлық жұмыстардың дәрежесіне және оның дер кезінде орындалуына тығъгз байланысты.
3 сұрақ. Керекті мәліметтерді қандай жолмен жинаудың тәсілін анықтау сгатистикалық зертгеу жүмыстарын үйымдастырудың ішіндегі ең күрделі мәселе болъш табылады. Статистикада мәліметтерді жинаудың бірнеше жолы бар, олар тікелей қатысу, іс- құжаттар және сұрақ-жауап арқылы болып үш түрге бөлінеді.