4 сұрақ. Қайта топтау. Статистикалық топтау өдісінің ішіндегі негізгі және жиі қолданылатын түрі екінші реттік қайта топтау тәсілі. Қайта топтау деп алғашқы топтастырылған топтық көрсет-кіштерді жаңа топтарға өзгерту әдісін айтады.
Бастапқы топтастырылған топтық көрсеткіштер әлеуметтік-экономикалық құбылыстар мен процестерге талдау жасағанда қойылған талаптарға толық жауап бермейтін болса, онда қайта топтау әдісі қолданылады. Ол екі түрлі тәсілмен жүргізіледі: біріншісі - бастапқы топтастырылған ұсақ топтардың денгей аралығын қосып, яғни оларды көбейту арқылы ipi топтарға айналдыру; екіншісі - әр жерде жиналып, әр түрлі өңделген топтық көрсеткіштерді бір-бірімен салыстыру үшін бір жүйеге келтіру керек болғанда проценттік үлесі бойынша қайта топтастыру.
Екі тәсілді де қолдану кезінде жалпы жиынтық мөлшері өзгермейді, ал ішкі сандық құрылымында қандай шамамен берілсе де, түрлі топтық өзгерістер кездеседі.
Қайта топтау әдісін қолдануды іс жүзінде көрсету үшін төмендегі мысалдарға көңіл аударайық:
Бірінші мысал. Төменде зауыттардың негізгі қорлары бойынша топтастырылған көрсеткіштері берілген (7-кесте):
7-кесте - Зауыттардаң негізгі қоры бойынша топтау (бастапқы топтастырылған турі)
зауыттарды негізгі қоры бойынша топтау, млн. теңге
Зауыттар саны, % есебімен
Өндірілген жалпы өнім,
% есебімен
1-3
3-5
5-10
10-15
15-20
20-25
25-30
30-35
35-40
40-45
45-50
50 және одан жоғары
Барлығы
Осы берілген көрсеткіштерге қайта топтау әдісін қолдану арқылы зауыттарды негізгі қоры бойынша төмендегі топтарға бөлеміз. 5-ке дейін, 5-10, 10-30, 30-50, 50 және одан жоғары.
Мұндай жағдайда қайта топтау әдісінің бірінші тәсілі қолданылады, яғни ұсақ топтар денгей аралығын қосып ; көбейту арқылы ipi топтарға айналдырылады және оның қорытындысы бойынша жаңа кесте құрылады (8-кесте):
8-кесте - Зауыттарды негізгі қоры бойынша топтау (кайта топтастырылған түрі)
Зауыттардың негізгі қоры бойынша топтау, млн. тенге
Зауыттар саны, % есебімен
Өндірілген жалпы өнім көлемі, % есебімен
5-ке дейін
5-10
10-30
30-50
50 және одан жоғары
Барлығы
10,3
7,9
78,2
11,6
2,0
100,0
2,7
4,1
69,3
20,3
3,6
100,0
Біздің мақсатымыз - зауыттарды негізгі қордың мөлшері бойынша ұсақ топтардан ipi топтарға айналдырып қана кою емес, оның басқа көрсеткіштермен каңдай заңдылықпен байланысты болатыңдырын анықтау және ұсақ топтарға қараганда ipi топтарға қорытынды талдау жасау жұмыстарын жеңілдету.
Статистикалық мәліметтерді жинақтау кезінде көптеген қызықты сандық көрсеткіштер алынады. Мұнда қоғамдық құбылыстар мен процестердің сандық көлемі және олардың бір-бірінен белгілері бойынша өзгешеліктері көрсетіледі. Бірінші көрсетілген өсіңкілік қатардың зандылықтары және ол алдағы тақырыпта толык, қарастырылады. Ал осы бөлімде жоғарыда көрсетілген көрсеткішттердің екінші жағы қамтылады. Оны статистикада таратпалы қатарлар деп айтады.
Статистикалық таратпалы қатарлар деп, қоғамдық құбылыстар мен процестер туралы сандық көрсеткіштерді өздеріне тән өзгермелі белгілеріне қарай белгілі бір тәртіп бойынша ретке келтіріп, топқа бөлуді айтады. Таратпалы қатарлар берілген белгілеріне қарай сандық және сапалық (атрибуттік) болып екіге белінеді.
Егер жиынтық бірліктері сапалық белгілері бойынша топталып, ретке келтірілетін болса, яғни сапалық белгілердің жеке мәндері белгілі бір анықтама, ұғым түрінде берілетін болса, онда мұндай бөлінуді сапалық таратпалы қатарлар деп атайды. Бұған мысал ретінде халықты жыныстық, ұлттық құрамына, білім дәрежесіне, жұмысшыларды мамандығына қарай бөлуді жатқызуға болады.
Сапалық таратпалы қатарды ретке келтіру кезінде оның сандық көрсеткіштері әр топ бойынша нақты немесе қатысты шама түрінде жеке көрсетіледі.