Қорытынды: Статистикалық мәліметтерді жинақтаудың маңыздылығы мен мәнін ашып көрсету нақты есеп берудің кепілі. Статистикалық топтау ерекшелігін оқу және оның түрлерінің ерекшеліктерін айыра білу де маңызды мәселелердің бірі. Жоғарыда көрсетілгендерді нақты білу осы тақырыптың қорытынды түйіні болып табылады.
Дәріске әдістемелік нұсқау: Дәрістің тақырыбымен жұмыс жасау барысында статистикалық зерттеудің екінші сатысы жинақтау және топтауға аса назар аудару қажет. Жинақтау және топтаудың түрлерінің ерекшеліктерін жете білу керек. Олардың әрқайсысын нақты білу үшін, әдебиеттердегі осы тақырыпты салыстырып оқу қажет.
Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар: Мәліметтерді жинақтау және оның түрлерін түсіндір.
Топтаудың түрлері және негізгі міндеттері, деңгей аралығын қалай анықтайды?
Қайта топтау және оның тәсілдерін түсіндір.
Статистикалық таратпалы қатарлар және оның элементтері туралы не білесің?
Статистикалық мәліметтерді жинақтау деген не?
Статистикалық топтау әдісі дегеніміз не?
Жай жинақтау дегеніміз не?
Күрделі жинақтау дегеніміз не?
Қайта топтау дегеніміз не?
Статистикалық таратпалы қатарлар дегеніміз не?
Статистикалық топтау дегеніміз не?
Бір үлгідегі (типтік) топтау және оның мақсаты.
Құрылымдық топтау және оның негізгі мақсаты.
Талдаулық топтау, оның мақсаты.
Жай топтау дегеніміз не?
Статистикалық кесте құрастыру ережелері мен оның негізгі бөлшектеріне сипаттама бер.
Статистикалық кесте дегеніміз не?
Статистикалық кестенің үлгісі (макеті) дегеніміз не?