Ылым министрлігі



бет17/85
Дата02.03.2023
өлшемі1,66 Mb.
#71225
түріБағдарламасы
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   85
2 сұрақ. Статистикалық топтау әдiсi деп, қоғамдық құ6ылыстар мен процестердi өздерiне тән белгiлерiне өзара ұқсастығына немесе аса маңызды өзгешелiктерiне, түрлерiне, үлгiлерiне сәйкес бiр-бiрiнен ажыратуға болатын топтар мен iшкi топтарға бөлудi айтады. Топтау әдiсiнiң алдына қойған өз максаты мен мәнi бар. Оның басты мақсаты — жиналған мәлiметтерге талдау жасау үшiн ретке келтiрiп, ықшамдау, өзгермелi белгiлерiне қарай iрiктеу, жиынтық бiрлiктерiн қанша топқа бөлу керек екендiгiн анықтау жеке керсеткiштер жүйесiн белгiлеу. Статистикалкалық топтау бiр үлгiдегi типтік, құрылымдық және талдаулық болып үш түрге бөлiнедi. Бiр үлгiдегi (типтiк) топтаудың мақсаты бiртектес топтарды, типтердi, сыныптарды әлеуметтiк-экономикалық түрлерiне қарай саралау болып табылады. Бiр үлгiдегi топтау төмендегi тәртiп бойынша жүргiзiледi:
1) алдын-ала, пайда болатын типтердi, сыныптарды өздерiне тән сапалық белгiлерiне қарай анықтап, белгiлеп қою;
2) топтау белгiлерiне сай топтарды анықтау;
3) жиналған сандық көрсеткiштердi белгiленген топтарға бөлу.
Бір үлгiдегi топтау экономикалық, әлеуметтiк, демографиялық зерттеу жұмыстарында жиi қолданылады. Сонымен, бір үлгiдегi (типтiк) топтау дегенімiз статистикалық бақылау арқылы жиналған әр түрлi бағыттагы жиынтьқ көрсеткiшiтердi сапалық жағынан бiр жүйеге келтiрiп, топтарға бөлуi және оның қорытынды көрсеткiштеріне талдау жасауды айтады.
Құрылымдық топтау бiртектес, бiркелкi жиынтық бiрлiктерiнің өзгерiсiн өздерiне тән белгiлерiне қарай бөлудi айтады. Бұл топтау әлеуметтiк-экономикалық кұбылыстар мен процестердiң құрамын зерттеу кезiнде кеңiнен қолданады.
Талдаулық топтау. Бiр-бiрiне әсерiн тигiзетiн талдаулық топтаудың себептiк белгiлерi қоғамдық, құбылыстың өзгергендiгiн, ал нәтижелiк белгiлерi сол себептердің тигiзген әсерiн, көрсетедi. Мысалы, жұмысшылардың мамандық дәрежесiн жоғарылату себептік белгiге жататын болса, ал осының салдарынан еңбек өнімділігінің өсуi нәтижелік белгiге жатады.
Статистикалық топтау әдісінің ішіндегі негізгісі қайта топтау тәсілі. Қайта топтау деп алғашқы топтастырылған топтық көрсеткіштерді жаңа топтарға өзгерту әдісін айтады.
Бастапқы топтастырылған топтық көрсеткіштер әлеуметтік-экономикалық құбылыстар мен процестерге талдау жасағанда қойылған талаптарға толық жауап бермейтін болса онда қайта топтау әдісі қолданылады.Ол екі түрлі тәсілмен жүргізіледі:
- бастапқы топтастырылған ұсақ топтардың деңгей аралығын қосып, яғни оларды көбейту арқылы ірі топтарға айналдыру;
- әр жерде жиналып, әр түрлі өңделген топтық көрсеткіштерді бір-бірімен салыстыру үшін бір жүйеге келтіру керек болғанда проценттік үлес бойынша қайта топтастыру.
3 сұрақ. Статистикалық мәліметерді топқа бөлу кзінде әрбір топқа көптеген сандық бірліктердің енгізілуі керек. Және оның мағынасы анық көрсетілуі керек. Мұның барлығы топтау көрсеткіштерінің сандық және сапалық белгілеріне қатысты. Топтау негізгі сапалық белгілеріне қарай берілген болса, онда топтар саны сол белгілердің санына сәйкес келеді. Мысалы, халықтың жыныстық құрамы екі топқа –еркектер мен әйелдерге бөлінсе, ал ұлттық құрамы – сол жерде қанша ұлт тұратын болса, сонша топқа бөлінеді.
Егер топтау негізінде сандық белгілер алынатын болса, онда топтар саны сол белгілердің мөлшеріне (көлеміне) және олардың өзгермелілігіне байланысты болады. Сонымен, сипатталатын топтау өздерінің өзгермелі мәндеріне сәйкес бүтін және деңгей аралықты топтауға бөлінеді. Топтау кезінде топтық белгілері бүтін санмен берілетін болса, онда ол бүтін санды өзгермелі топтауға жатқызылады. Ал ондағы бөлшекпен алынған топтар саны сол берілген белгілердің мәніне сәйкес келеді. Мысалы, жұмысшылардың мамандық дәрежесі немесе отбасындағы баланың саны және т.б. Мұндай топтауды жүргізу жеңіл болады және сандық көрсеткіштері анық көрсетіледі.
Егер топтау белігілері бүтін санмен емес, деңгей аралықты санмен берілетін болса, онда деңгей аралықты топтау деп аталады. Денгей аралықты топтауды жүргізбес бүрын, ең алдымен топтық саны мен деңгей аралығының шамасын анықтап алуымыз қажет. Мұны шешу алға қойылған топтаудың мәні мен мақсатына, зерттеу зерзатының (объектісінің) көлеміне, сандық көрсеткіштердің мөлшеріне қарауымыз керек. Статистикалық топтау кезінде әрбір топтың деңгей аралығының шамасы тұрақты, бірдей немесе тұрақсыз әр түрлі өзгермелі сандармен берілуі мүмкін. Егер топтау белгісінің сандық шамасында онша көп ауытқу болмаса, онда тұрақты
денгей аралықты топтау әдісін қолдануға болады. Тұрақсыз деңгей аралықты шама үдемелі немесе кему бағытында болуы мүмкін, ал тұрақты деңгей аралықты шамада, шектік сандық көрсеткіштер барлық топтар үшін бірдей болады. Денгей аралығының тұрақты шамасын есептеу алдында ең үлкен және ең кіші сандық мәнінің шамасын анықтап алу қажет. Онда оның тұрақты шамасы мына формула бойынша анықталады:
d=Хкөп—Хаз/n
d - денгей аралығының тұрақты шамасы, Хквп және Хаз топтау белгісінің ең үлкен және ең кіші саңдық мәндерінің шамасы, n - топтың саны.
Сонымен, әрбір топтың жоғары және төменгі шектерінің арасындағы сандық өзгеріс, яғни айырмашылық топтаудың денгей аралығының тұрақты шамасы деп атайды. Төменде деңгей аралығының тұрақты шамасын анықтау үшін мысал ретінде 25 зауыттық көрсеткіштері берілген:

5-кесте. Деңгей аралығының тұрақты шамасы



Зауыттардың рет нөмірі

Негізгі қордың орташа жылдық құны, мың тенге

Шығарылатын өнім, мың тенге

1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25

10,6
7,4
5,6
12,6
3,1
10,7
5,0
7,7
12,8
1,9
5,4
4,3
4,8
2,5
10,0
11,2
2,0
1,5
9,0
13,5
7,1
6,3
8,4
9,6
8,8

8,0
4,3
4,9
11,6
3,5
8,4
4,3
6,6
11,9
2,1
4,1
4,0
4,4
2,2
8,0
10,9
2,1
1,6
7,7
12,6
4,9
4,3
6,6
10,6
8,1

Берілген мөліметтер бойынша зауыттарды негізгі қорлардың жылдық құнына қарай деңгей аралығы бірдей 4 топқа бөлу керек болса, онда деңгей аралығының тұрақты шамасы
d=Хкөп—Хаз/n=13,5-1,5/4=3,0 мың теңгеге тең болады.
Енді әрбір топтың деңгей аралығының төменгі және жоғарғы шекарасын (шегін) анықтаймыз. Берілген мәліметтердің сандык көрсеткіштеріне байланысты бірінші топтың төменгі шегінің мәні 1,5 мың теңгеге деңгей аралығының тұрақты шамасы 3,0 мың теңгені қосу арқылы осы топтың жоғаргы шегінің сандық мәнін табамыз, яғни ол 4,5 мың теңгеге (1,5+3,0=4,5) тең болады. Енді екінші топтың деңгей аралығының мәнін табу үшін бірінші топтың үлкен мәнін екінші тоштың кіші мәні ретінде аламыз да, оған тағы да деңгей аралығының тұрақты шамасы 3,0 мың теңге қосып, екінші топтың деңгей аралығының жоғары мәнін табамыз, енді ол 7,5 мың теңгеге (4,5+3,0=7,5) тең болады. Ос тәсілмен келесі топтардың да деңгей аралығының төменгі және жоғарғы шектерінің сандық мәндерін есептеуге болады.
Демек, жоғарыда берілген көрсеткіштердің топтық мәндері бойынша деңгей аралықтары бірдей 4 топ қүрдық жене о л төмендегідей түрде жазылған: 1,5-нан 4,5-га дейін; 4,5-нан 7,5-га дейін; 7,5-нан 10,5-га шейін жөне 10,5-нан 13,5-га шейін.
Кейінгі кездері бұл жазуларды -пан, -нен, -дан, -ден, -тан, -тен, -га жалғаулары мен дейін, шейін деген шылаулардың орнына жеңілдетілген мағынада сызықша "-" белгісі қойылады да, 4.5-кестеде көрсетілген топтау түрінде жазылады.
Топтау мәндерінің мағынасына байланысты мынандай жағдайды ескерген жөн болады: 4,5 мың теңгелік негізгі қоры бар зауыт топтаудың қатар жатқан тобының жоғарғы және төменгі сатысында екі рет кездеседі. Онда оны қай топқа жатқызуымыз қажет, 1-топқа ма, жоқ әлде 2-топқа ма? Оны анықтау үшін мына ережені естен шыгармау керек:
а) топтау негізінің барлығында әр топтың екі шегі бірдей көрсетілген болса, онда оның сол жағындағы мәні осы топқа да оң жағындағы мәні келесі топқа жатқызылады. 4,5 екінші топқа, ал 7,5 үшінші топқа кіргізіледі; ә) топтау негізінің алғашқы және соңғы тобы ашық, ал ол топтары жабық түрде берілетін болса, онда оны анықтау үшін топтаудың ең соңғы тобына назар аударуымыз қажет Егер соңғы топ белгілі бір саннан жоғары (13,5-тен жоғары) деп берілсе, онда әрбір топтың үлкен мәні сол топқа жатқызылады. Ал соңғы топ белгілі бір саннан және одан жоғары (І3,5-тен және одан жоғары) деп көрсетілсе, онда ол келесі топтың кіші мәні ретінде сол топқа жатқызылады.
6-кесте - Зауыттарды орташа жылдық негізгі қоры бойынша топтау

Зауыттардың негізгі қор бойынша топтау, мың тенге

Зауыттар саны

Негізгі қордың ортша жылдық құны, мың тенге

Шығарылған өнім көлемі, мың тенге

Барлығы

Бір зауытқа шаққанда

Барлығы

Бір зауытқа шаққанда

1,5-4,5
4,5-7,5
7,5-10,5
10,5-13,5
Áàðëû¹û:

6
7
6
6
25

15,3
41,6
53,5
71,4
181,8

2,5
5,9
8,9
11,9
7,3

15,5
33,2
47,6
63,4
159,7

2,6
4,7
7,9
10,6
6,4

Көп жағдайда деңгей аралықты топтаудың шекарасын бірнеше түрмен жазуға болады және ол іс жүзінде еркін жүргізіледі. Егер топтаудың негізіне алынып отырған шама бүтін санмен берілген болса, онда 1-топтың денгей аралығының жоғары шегінен 2-топтың деңгей аралығының төменгі шегінің 4 санға ғана айырмашылығы болады. Мысалы, 0-5, 6-10, 11-15 және тағы сол сияқты деп анықтап топтауға болады. Егер топтау негізінің шамасы бөлшекті санмен сипатталса, онда деңгей аралығының жоғары және төменгі шамалары деңгейдің бір бөлігіндей ғана айырмашылықта болады. Мысалы, 1,0-5,4; 5,5-10,0; 10,1-15,0 және т.с.с. Бұл топтау әдісі зерттеп отырған жиынтық туралы кең шынайы, нақты сипаттама беретін және бір-бірімен тығыз байланысты көрсеткіштер жүйесінің зандылығын анықтайтын статистикалық жұмыстың негізгі бір сатысы болып табылады. Атап айтқанда, 5-кестеден біз мынандай заңдылықты байқаймыз. Зауыттардың негізгі қоры неғурлым көп болатын болса, соғурлым олардың экономикалық басқа көрсеткіштері де жоғары болады. Мысалы, негізгі қордың мөлшері мен өндірілген өнімнің арасында өзара байланыс бар екенін байқау қиын емес. Сонымен негізгі қор мөлшері неғұрлым жоғары болған сайын өндірілген өнім көлемі де соғұрлым көбейеді. Сондай-ақ, басқа да көрсеткіштерді есептеп, талдау жасауға және олардың арасындағы өзара байланыстылықты толық анықтауға мумкіншілік туады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   85




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет