2 сұрақ. Статистикада графиктік әдіс төмендегі келтірілген мәселелерді шешу үшін маңызды:
1) статистикалық кәрсеткіштерді салыстыру;
2) зерттелетін жиынтықтың құрамы мен құрылымын сипаттау;
3) уақыт мерзіміне сәйкес құбылыстағы болған өзгерістердің өсіңкілігін бақылау;
4) кұбылыстардың, өзара байланыстылығын білу;
5) кеңістіктегі орналасуын және таратпалық дәрежесін анықтау үшін маңызды.
3 сұрақ. Графикалық әдістің ішіндегі ең жиі колданылатын және көп тараған түрі. Диаграмма – (diagramma) ~ грек сөзі. Бейне, сурет, сызбадеген мағынаны білдіреді.
Бағаналы диаграмма. Бұл - статистикалық көрсеткіштерді өзара салыстыру үшін ең көп қолданылатын диаграмманың жай түрі Мұны құрастыру кезінде әрбір көрсетілген көрсеткіштердің ені бірдей, ал биіктігі сандық мәліметтерге байланысты әр түрлі, бірақ масштабтары біркелкі болып келеді. Бағаналы диаграмманы құру үшін алдымен тік бұрышты жазықтық жүйесінің кординатын сызып алу керек, Содан кейін (шаманың негізін бірдей мөлшерде абцисса өсіне, ал бағананың биіктігін сандық мөлшерге қарай координата өсіне орналастырамыз.
Егер сандық көрсеткіштерді бейнелейтін тік бұрыштағы бағаналарды тігінен емес, көлденеңінен орналастыратын болсақ, ондағы құрылған графигіміз жолды немесе ленталы диаграммаға айналады.
Құрылымды диаграмма статастикалық жиынтықтардың құрамьн салыстыру үшін қолданылады. Құрылымның салыстырмалы көрсеткіштері жалпы жиынтықтың жеке бөлшектерінің үлесін, яғни оның бірнеше бөліктерге бөлінуін көрсетеді. Құрылымды диаграмманың сандық көрсеткіштері нақты түрде және процент есебімен берілуі мумкін.
Шаршылы диаграмма. Кейбір жагдайларда статистикалық сандық көрсеткіштерді салыстыру үшін бейнелеудің шаршылы түрі қолданылады. Оның баганалы немесе жолды диаграммалардан айырмашылыгы сол, мұнда бейнелеуге құбылыстың көлем мөлшері алынады. Сондықтан салыстыруга берілген статистикалық мәліметтерді бейнелеу үшін алдымен саңдық көрсеткіштердің шаршы түбірден шығатын мәнін тауып алуымыз қажет.
Шеңберлі диаграмма. Негізгі біркелкі берілген нақты шаманың өзара қарым-қатынасын шеңбер көлемі арқылы бейнелеуді шеңберлі диаграмма дейміз, Секторлық диаграмма. Мұнда берілген мәліметтер шеңбер арқылы көрсетіледі, яғни құрылымньң салыстырмалы көрсеткіштері жиынтықтың жеке бөліктерінің үлесін көрсетеді. Ол үшін сызылған шеңбердіц 360 градусын 100 процентке тең деп аламыз (I проценті 3,6 градусқа тең).
Сызықтық диаграмма. Диаграммалардың іішндегі ең жиі кездесетіні - сызықтық диаграмма. Осы түр өсіңкілік қатарларды немесе өзара байланысты көрсеткіштерін көрнекті бейне арқылы көрсету үшін қолданылады.
Сызықтық диаграмманың басқа түрлерімен салыстырғанда ар-тықшылығы мынада: көрсетілген өсіңкілік қатардын, көрсеткіштері үзіліссіз сызық түрінде көрсетіледі. Сондықтан мұны құру үшін тік бұрыштың координаты қолданылады, яғни графиктің абсцисса өсіне уақыт мерзімі, ал координата өсіне өсіңкілік қатардың көрсеткіштері орналастырылады.
Картограмма немесе статистакалық карта деп, кестеде көрсетілген көрсеткіштер жиынтықтарын көрнекті түрде әр түрлі белгілері арқылы жеке бейнелеуді, яғни экономикалық-географиялық бірліктері (ауыл, аудан, облыс, мемлекет) бойынша құбылыстарды, процестерді, өзгерістерді түрлі-түсті бояулар контурлы картада көрсету жолдарын айтады. Графикалық әдістің бұл түрі бір шаршы километрге келетін халықтың орташа тығыздығын сипаттау үшін қолданылады.
Картограмма құрылыстық мәніне, қолданылуына қарай бедерлі және нүктелі больш екі түрге бөлшеді Осының ішіндегі жиі қолданылатыны — бедерлі түрі оны кейбір жағдайларда белгілі бір фон үстіндегі бедер деп те атайды. Картограмманың бұл түрі берілген көрсеткіштердің мәліметтердің арасьнда өзара айырмашылықтар болған жағдайда қолданылады, яғни сол өзгерістерді түрлі-түсті бояулар арқылы жеке суреттейді. Кейде бояулардың орнына түрлі (штрихты) сызықтар сызу аркылы да көрсетіледі. Бірақ көрсеткіштің мөлшері артқан сайын бояумен сызықтар қоюлана түседі.
Картодиаграмма географиялық контурлы картаға әр түрлі белгілер арқылы диаграммалар түсіру деген ұғымды білдіреді. Түсірілген бейнелеріне байланысты картодиаграмма бағаналы, тік бұрышты, шаршылы және шеңберлі болып төртке бөлінеді. Бірақ сандық көрсеткіштеріне байланысты көрсетілген түрлі белгілеріміздің көлемдері өзгеріп отырады.
Картограмма мен картодиаграммада да өздеріне тән кемшіліктер кездеседі. Олардың кемішліктері - жеке бөлік ішіндегі сол кездегі айырмашылықтар мен өсіңкіліктерді нақты көрсете алмауы. Соған карамастан статистикалық мәліметтердің графикалық бейнесін көрсету үшін жиі қолданылады.