Ылым министрлігі



бет28/85
Дата02.03.2023
өлшемі1,66 Mb.
#71225
түріБағдарламасы
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   85
Дәрістің мақсаты: Статистикалық есеп жүргізудің қорытынды көрсеткіші орташа шаманың мәні мен маңыздылығын айқындау. Оның түрлерінің ерекшеліктерін түсіну және олар бойынша есептер шығару. Мода мен медиананы есептеуді үйрену және ерекшелігін түсіну. Өзгерменің көрсеткіштерінің маңыздылығы мен ерекшеліктерін түсіну.
Тақырып бойынша негізгі түсініктер: орташа шама, арифметикалық орташа шама, геометриялық орташа шама, құрылымдық орташа шама, үйлесімдік орташа шама, шаршылық орташа шама, мода, медиана, статистикалық өзгерме, өзгерменің өрісі, сызықтық ауытқу, шашырандылық, орташа шаршылық ауытқу, өзгерменің коэффициенті.


Дәрістің конспектісі
1 сұрақ. Статистикалық бақылаудың нәтижесінде жиналған мәліметтерді дұрыс өңдеп, жинақтаудың әлеуметтік-экономикалық және статистикалық тәжіребиде атқаратын ролі өте жоғары. Бірақ, бұл көрсеткіштер зерттеп отырған қоғамдық құбылыстар мен процестерге талдау жасауға, жиынтық бірліктерін қорытындылауға жеткіліксіз. Кейбір жағдайда осы көрсеткіштер жиынтығының даму, өзгеру заңдылығын зерттеу және сол сандық мәндер жиынтығын дұрыс дәлдікпен көрсету үшін және берілген бірліктерді дұрыс қамту үшін бәріне ортақ негізгі көрсеткіштер жүйесі керек болады. Мұндай көрсеткіштер орташа шама әдісі арқылы алынады және оны, қорытындылаушы көрсеткіш деп атайды.
Орташа шама деп, біртектес жиынтықты белгілі бір жағдайда және белгілі бір уақытта өздеріне тән белгісі бойынша жинақтап көрсететін орташа сан мөлшерін, яғни біртектес жиынтық бірліктерінің орта есеппен алынатын белгісінің барлық бірліктерге жатқызылатын сандық шамасын айтады. Мысалы, шаруашылық бойынша әр гектардан 20 центнер өнім алынған десек, онда бұл көрсеткіш бір жерде 22 центнер, ендігі бір жерде 18 центнер және тағы басқа көрсеткіш ретінде болып кездесуі мүмкін. Бірақ, 20 центнер деген сандық көрсеткіш осы шаруашылықтың орташа өнімділігінің шамасын көрсетеді.
Статистикада орташа шаманы есептегенде және қолданғанда төменде берілген принциптер мен шарттар толықтай орындалуы тиіс:

  1. Зерттеп отырған құбылыстың, процестің жиынтық бірліктері біртекті болуы шарт.

  2. Орташа шаманы есептегенде оның жеке - дара өзгермелі сандық және сапалық көрсеткіштері толығымен жойылады. Көп сандар заңына байланысты негізгі бөлігінің әрбір бөлікке тән шамасы шығады.

  3. Орташа шаманың көрсекіші статистикалық бақылау нәтижесінде жиналған мәліметтер арқылы есептелінеді. Егер бақылау көрсеткіштері неғұрлым көп болатын болса, соғұрлым орташа шама дұрыс шығады және нақты шындықты көрсетеді.

  4. Зерттеп отырған құбылыстар мен процестердің жеке бөліктерінің рарсында ауытқу болатын жағдайларда орташа шама қолданылады.

Сонымен, жоғарыда келтірілген принциптер мен шарттарды еске ала отырып, орташа шама тек статистикада ғана емес, басқа да ғылым салаларында, басқару, ғылыми – зерттеу жұмыстарнда көптеп қолданылады.
Статистикада зерттеп отырған құбылыстар мен процестердің негізіне, алдына қойған мақсатына және бастапқы берілген көрсеткіштердің мәніне сәйкес, орташа шаманың бірнеше түрі қолдналады, олар мыналар: арифметикалық, геометриялық, құрылымдық, үйлесімдік және шаршылық (квадраттық) орташа шамалар,
Осы көрсетілген орташа шамаларды қолдану барысында оларды қандай жолмен есептеу керек деген теориялық және тәжірибелік күрделі сұрақтар туады. Олай болса, қолда бар деректердің мәніне сәйкес орташа шаманың қандай түрін пайдалансақ, қарастырып отырған белгі варианттарының орташа мәнін дұрыс табамыз? Мәселе осында. Оны есептеу үшін алдымен әрбір нақты жағдайда осы орташа шама нені білдіретінін, оның қандай шамалардың қатынасы арқылы есептелетінін анықтап алуымыз қажет. Содан кейін есептеп шығарылған орташа шаманың өзіне сәйкес әлеуметтік – экономикалық мағынасы болуы тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   85




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет