Ылым министрлігі


Дәріс 7: Абсолютті және қатысты шамалар



бет22/85
Дата02.03.2023
өлшемі1,66 Mb.
#71225
түріБағдарламасы
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   85
Дәріс 7: Абсолютті және қатысты шамалар.

  1. Статискадағы қорытындылаушы көрсеткіштер.

  2. Абсолютті шама, оның мәні мен маңызы, түрлері және өлшем бірліктері.

  3. Қатысты шама, оның түрлері

  4. Статистикалық қатысты көрсеткіштерді құрудың жалпы қағидалары



Дәрістің мақсаты: Нақты және қатысты шамалар туралы ақпараттарды жете меңгеру. Оның маңыздылығы мен түрлерін, онда қолданылатын өлшем бірліктерді саралай білу қажет. Сонымен қатар мәліметтердің әр қилылығына қарай қатысты шамалардың қандй түрі қолданылатындығын терең білу қажет.
Тақырып бойынша негізгі түсініктер: нақты шамалар, жеке нақты шамалар, жалпы нақты шамалар, табиғи өлшем бірлік, еңбек өлшем бірлігі, ақшалай өлшем бірлік, қатысты шамалар, жоспардың орындалуының қатысты шамасы, жоспарлық тапсырманың қатысты шамасы, өсіңкілік қатысты шама, құрылымның қатысты шамасы, үйлестік қатысты шама, үдемелілік қатысты шама, салыстырмалы қатысты шама, дәрежелік қатысты шама.
Дәрістің конспектісі
1 сұрақ. Статистикада қорытындылаушы көрсеткіштер өзінің сандық мәніне қарай нақты, қатысты және орташа шамалар арқылы беріледі. Осының ішінде нақты шамалар жиі қолданылады және бастапқы түрі болып табылады. Ол статистикалық бақылау нәтижесінде жиналған мәліметтерді өңдеу, жинау және қосындыдан алынады.
2 сұрақ. Статистикалық нақты шамалардың ғылыми және тәжірибелік жұмыстардағы маңызы мен атқаратын рөлі өте жоғары бағаланады. Себебі, нақты көрсеткіштерді қолдана отырып, әрбір кәсіпорындар мен шаруашылықтардың, мекемелер мен ұйымдардың және т.б. әлеуметтік-экономикалық дамуына немесе кемуіне толық қорытынды жасауға мүмкіндік туады.
Сонымен, статистикалық нақты шамалар деп қоғамдық құбылыстар мен процестердің белгілі бір жердегі және уақыттағы мөлшерін және көлемін, аумағын, деңгейін сипаттайтын нақты сандық көрсеткіштерді айтады.
Нақты шамалар өздерінің сандық көрсеткіштерінің қолданылуына қарай жеке және жалпы немесе жиынтық қосындысы болып екіге бөлінеді. Жеке нақты шамалар жиынтықтың жеке бөліктерінің мөлшерін, көлемін өздеріне ғана тән сандық көрсеткіштер арқылы көрсетеді. Жалпы нақты шамалар жеке нақты шамалардың қосындысынан алынады. Жалпы нақты шамалар қоғамымыздағы болып жатқан әлеуметтік-экономикалық өзгерістерді көрсететін жиынтық көрсеткіштер және оны күрделі зерттеу жұмыстарында пайдаланады. Олай болса, жалпы нақты шамалар статистикалық қорытындылаушы, жинақтаушы көрсеткіші болып саналады.
Нақты шамалар қоғамдық құбылыстар мен процестердің табиғи негізін бейнелейді. Сол себепті зерттеліп отырған объектінің - әлеуметтік-экономикалық жағдайына байланысты көрсетілетін өлшем бірліктері атаулы сандар болып келеді және оны табиғи (натуралдық),еңбек және ақшалай өлшем бірліктерін қолдану арқылы есептейді.
Табиғи (натуралдық) өлшем бірлігі сол қарастырылып отырған аттың,нәрсенің өзіне тән табиғи-физикалық қасиеттеріне байланысты қолданылатын өлшем бірліктері. Оған салмақ, көлем, ұзындық сиақты мөлшерлік өлшем бірліктері жатады. Кейбір жағдайларда сол қаралып отырған заттардың құрамы мен құрылымына байланысты екі түрлі табиғи өлшем бірліктері бір өлшемде қатар қолданылады. Мысалы, пайдаланылған электр қуаттары – киловатт-сағатпен, тасылған жүктер – тонна-километрмен өлшенеді.
Табиғи (натуралдық) өлшеммен қоса шартты өлшем бірліктері де қолданылады. Оған өзінің қолданылуы жағынан бірдей, ал сапалық құрамы жағынан әртүрлі өлшемдерді, заттарды бір өлшемге келтіру арқылы, жалпы көлемін есептеу үшін пайдаланылады. Шартты өлшем бірліктерін қолдану және есептеу кезінде орташа көрсеткіштерді пайдалануға болады. Мысалы , дүкенге 100 қап ұн әкелінген және оның бір қабының орташа салмағы 50 кг десек, онда ұнның жалпы салмағын есептеу үшін орташа салмақты қаптың санына көбейтеміз (50 x 100 = 5000 кг немесе 5,0 тонна). Осы тәсілді қолдана отырып,басқа да көрсеткіштерді есептеуге болады.
Еңбек өлшем бірліктері өнім өндіруге және қызмет көрсетуге жұмсалынған жұмыс уақытының мөлшерін анықтауға арналған. Ол адам – сағат, адам – күн, адам - жыл сияқты өлшем бірліктерін қолдану арқылы өлшенеді, яғни бір адамның бір сағат, күн және жыл ішінде істеген жұмысының нәтижесін көрсетуге болады және оны ақшалай өлшемге айналдыруға тура келеді.
Ақшалай өлшем бірліктері өндірілген өнімнің өзіндік құнын, еңбекақы көлемін, таза пайда мен зиянды, банк несиесімен есептесу және т.б. көрсеткіштерді жинақтау үшін қолданылады. Ақшалай өлшем бірліктеріне тиын немесе тенге жатады. Бірақ, біздің республикамыз бойынша кейінгі жылдары шет елдерден экономикалық және сауда-саттық тауар айналымының өркендеуіне, шетелдік инвестицияның енгізілуіне байланысты доллар мен марка ақша өлшем бірлігі ретінде қолданыла бастады. Сонмен бірге, есеп айырысу үшін ақшалай өлшем бірліктері өте қажет болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   85




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет