Оқылған материалдарды бекітуге арналған тест сұрақтары: 1.Орташа шама дегеніміз:
А) Біртектес жиынтықты белгілі бір жағдайда және белгілі бір уақытта өздеріне тән белгісі бойынша жинақтап көрсететін орташа сан мөлшерін, яғни біртектсе жиынтық бірліктерінің орта есеппен алынатын белгісінің барлық бірліктерге жатқызылатын сандық шамасы.
В) Статистикалық мәліметтерді көрсетуі.
С) Статистикалық зерттеуді көрсету.
Д) Статистикалық үилесімді көрсету.
Е) Статистикалық жиынтықты айтады.
2. Арифметикалық орташа шама ол:
А) Салыстырмалы қатысты көрсеткіші.
В) Статистикалық зерттеудің көрсеткіші.
С) Кему процесінің көрсеткіші.
Д) Нақты шамалар.
Е) Жалпы жиынтықтағы өзгермелі белгілердің жеке мәндерінің қосындысы болған жағдай.
3. Арифметикалық орташа шаманың жай түрі ол:
А) Нақты шамалар.
В) Өзгермелі белгілердің мәндерін бір-біріне қосып, одан шыққан қосындыны белгінің санына бөлген.
С) Қатысты шамалар.
Д) Нақты көрсеткіштер.
Е) Қатысты көрсеткіштер.
4. Арифметикалық орташа шаманың формуласы:
А) Хорт=∑Хn/n
В) Хорт=Хn/n
С) Хорт= n-1/∑Хn Д) Хорт=∑Х/n
Е) Хорт=∑Хn-1/n
5. Арифметикалық орташа шаманың санақталған түрі ол:
А) Арифметикалық орташа шама.
В) Геометриалық орташа шама.
С) Егер жиынтықтың әрбір белгісі бір рет емес, бірнеше рет
қайталанатын болса, яғни жиілік бірліктерінің саны берілген болса қолданылуы.
Д) Берілген көрсеткіш тобы.
Е) Үйлесімдік орташа шама.
6. Арифметикалық орташа шаманың салмақталған түрінің формуласы:
А) Хорт=∑Хf/∑f
В) Хорт=Хf/f
С) Хорт= f/Хf
Д) Хорт=f/n
Е) Хорт=n/∑f
7. Үйлесімділік орташа шама ол:
А) Статистикалық қатар.
В) Арифметикалық орташа шама
С) Нақты өзгерістер
Д) Қатысты өзгерістер
Е) Бұл арифметикалық орташа шаманың және өзгертілген түрі.
8. Үйлесімдік орташа шаманың формуласы:
А) Хорт=∑Х/n
В) Хорт=n/∑1/Х
С) Хорт= n/∑Х
Д) Хорт=n/Х
Е) Хорт=∑Хn/n
9. Мода дегеніміз не:
А) Статистикалық қатар.
В) Статистикалық қатардың ең үлкен шамасы.
С) Көрсеткіштер.
Д) Статистикалық қатардың ішінде ең жиі кездесетін белгінің үлкен шамасын айтады, яғни өздерінен сандық қатарда жиеліктің үлкен мәні жатқаны белгілі.
Е) Статистикатық көрсеткіштер.
10. Моданың формуласы:
А) М0=∑У/n
В) М0=ax2+b
С) М0=XМ0+dМ0 ((fМ0-fМ0-1)/(fМ0-fМ0-1)/(fМ0-fМ0+1))
Д) М0=XМ0+dМ0 Е) М0=XМ0+dМ0fМ0 11. Медиана дегеніміз ме:
А) Статистикалық өзгермелі қатардың ортасында жатқан белгі.
В) Статистикалық шашыранды.
С) Шашырандының көрсеткіші.
Д) Көрсеткіштерді түбірлеу.
Е) Өзгерменің көрсеткіштері.
12. Медиананың формуласы:
А) Ме=2/n-1
В) Ме=n/2
С) Ме=n+1/n-1
Д) Ме=n/3
Е) Ме=n+1/2