Ылым министрлігі



бет41/85
Дата02.03.2023
өлшемі1,66 Mb.
#71225
түріБағдарламасы
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   85
ni =n * (Ni / N)
мұндағы ni - ішінара бақылауға алынған i-ші топтағы жиынтық бірлік саны
n - ішінара жиынтық бірлік саны
Ni - жалпы жиынтық бірлігіндегі i-ші топтағы жиынтық бірлік саны
N - жалпы жиынтық бірлік саны.
2 кесте – Студенттердің факультет бойынша бөлінуі

Факультеттердің №

Студенттердің саны

Әр факультеттегі студенттердің үлесі, % есебімен Ni

Ішінара бақылауға іріктеліп алынғандары ni

I

3000

30

1500*30/100=450

II

2600

26

1500*26/100=390

III

2500

25

1500*25/100=375

IV

1900

19

1500*19/100=285

Барлығы

10000

100

1500

с= 1500 n= 100
Көбіне бұл іріктеуде пропорциялық іріктеу деп аталады. Типтік тәсіл қайта әдіс немесе қайталанбайтын арқылы іріктеліп алынады.
Сериялық іріктеу. Мұнда жалпы жиынтық бірліктерінен іріктеп алу кездейсоқ жеке дара жүргізімей, сериялармен топтармен алынып, әр серия, топ бірліктері жаппай бақылауға толығымен алынады. Ал одан шыққан қорытынды көрсеткіштер жалпы жиынтыққа таратылады. Мұнда қайта нмесе қайталанбайтын іріктеу тәсілі қолданылады. Мысалы, 2 кесте бойынша әр топта 25 студ бар деп, 10000 студентті 25-ке бөліп, 400 топты аламыз, Енді осы топтардың 10% зерттеу керек болса, онда кездейсоқ 40 топты (400*10/100) аламыз. Содан соң олардың барлығына бақылау жасаймыз.
Құрама іріктеу. Мұнда жоғарыда көрсетілген іріктеу тәсілдерінің бірнеш түрі қатар қолданылады. Құрама іріктеудің көрсеткіштерін есептеу әр түрлі тәсілмен есептеледі. Осыға орай оның өзі бір сатылы және көп сатылы екіге бөлінеді.
Бір сатылы іріктеуде іріктеліп алынған бірліктер сол мезетте зерттеліп, тез қорытынды жасалады. Мысалы, спортлото ойындары жай кездейсоқ тәсілмен бір рет ойналады.
Көп сатылы іріктеуде жалпы жиынтықтың алдымен ірі топтарға, содан соң көлемі, мөлшері бойынша кіші және одан да кіші топтарға бөлу арқылы бақылауға алынатын топты немесе жеке бірлікті іріктеп алғанша ақырына дейін бірнеше сатыда жүргізіледі. Мысалы, республика бойынша зерттеу жүргізетін болсақ, онда алдымен облысты, содан кейін оның ішінен ауданды, одан кеңшар мен ұжымшарды іріктеп аламыз.
Шағын іріктеу. Егер ішінара бақылау кезінде іріктеуге алынған бірліктердің сандық көлемі 20-дан аспаса, онда оны шағын іріктеу деп атайды.
Мезеттік бақылау. Мұндазерттеуге барлық жиынтық бірліктері тлық қатысады, бірақ белгілі бір уақыт мезеті бойынша ғана керекті мәліметтерді жинақтайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   85




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет