Ылым министрлігі



бет44/85
Дата02.03.2023
өлшемі1,66 Mb.
#71225
түріБағдарламасы
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   85
3 сұрақ. Нақты өсім. Бұл өсіңкілік қатардың жай түрі болып саналады. Мұнда өсіңкілік қатарда көрсетілген көрсеткіштер дәрежелерінің белгілі бір уақыт аралығындағы нақты өсу мен кему жылдамдығының мөлшерін анықтау үшін есептеледі. Нақты өсімнің шамасы салыстырылып отырған көрсеткіш дәрежелерінің айырмасына тең болады және оның мәні оң не теріс шамаға немесе нөлге тең болуы да мүмкін.
Егер әр уақыттың дәрежесінен белгілі бір тұрақты базалық уақыттың дәрежесін шегеретін болсақ, онда нақты өсім тұрақты тәсілмен есептелінеді. Ал ол мына формула бойынша табылады:

мұнда - тұрақты базалық уақыттың дәрежесі
- ағымдағы уақыттың дәрежесі
- ағымдағы уақыттың дәрежесі
і- қатардың реттік нөмірі
Егер уақыттың дәрежесінен өзінің алдында тұрған уақытдәрежесін шегеретін болсақ,онда тізбекті тәсілмен есептелген нақты өсім анықталады және мына формуламен анықталады:

мұнда - ағымдағы уақыттың дәрежесі
- ағымдағы уақыттың алдында тұрған дәрежесі
Сонымен нақты өсім өсіңілік қатарлар дәрежесінің әрбір кейінгі уақыттың алдыңғы уақыттан сандық шамасы бойынша қаншаға азайғанын немесе көбейгенін көрсетеді.
Өсіңкілік дәрежелерін зерттеу кезінде нақты өсімнен басқа қорытындылаушы көрсеткіш ретінде , яғни қоғамдық құбылыстар мен процестердің өзгеру жылдамдығын сипаттайтын салыстырмалы шамалар да қолданылады. Оған жататындар: өсу қарқыны мен өсім қарқыны.
Өсу қарқыны. Бұл көрсеткіш әрбір ағымдағы уақыт дәрежесінің алдыңғы уақыт дәрежесімен салыстырғанда қаншаға көп, не аз екенін сипаттайды, яғни осы екі уақыт көрсеткіштерінің бір-біріне қатысты шамасы арқылы есептелінеді. Өсу қарқыны коэффициентпен немесе процентпен өлшенеді.
Нақты өсім сияқты өсу қарқыны да тұрақты және тізбектелген тәсілмен есептеледі. Егер өсіңкілік қатардағы әрбір уақыт дәрежесін тұрақты бір базалық уақыт дәрежесіне бөлетін болсақ, онда оны тұрақты өсу қарқынының коэффициенті деп атайды және ол мынадай формула арқылы есептеледі:

мұнда өсу қарқынының коэффициенті;
тұрақты базалық уақытының дәрежесі;
ағымдағы уақыттың дәрежесі.
Егер қатардың әрбір уақыттағы дәрежесінің өзінің алдында тұрған уақыт дәрежесіне бөлетін болсақ, онда өсу қарқынының коэффициенті тізбектелген тәсілмен есептелген болып саналады және мына формула бойынша есептеледі:

мұнда ағымдағы уақыттың дәрежесі;
ағымдағы уақыттың алдында тұрған дәрежесі.
Өсім қарқыны. Өсіңкілік қатардың бұл көрсеткіші нақты өсімнің салыстырмалы шамасын көрсетеді. Бұл көрсеткіш коэффициент пен процент өлшемдерімен өлщенеді және оны анықтау үшін нақты өсімнің шамасын базалық ретінде алынған уақыт дәрежесіне бөлу керек. Бұл көрсеткіштер те екі тәсілмен есептелінеді. Егер өсім қарқыны тұрақты базалық уақыт дәрежесі арқылы есептелсе, онда оны тұрақты өсім қарқыны, ал егер базалық уақыт дәрежесі өзгермелі болса, онда оны тізбетелген өсім қарқыны деп атайды. Өсім қарқыны есептеу үшін төмендегі формулалар қолданылады:
- тұрақты тәсіл;
- тізбектелген тәсіл,
мұнда - өсім қарқыны;
- нақты өсім,
- тұрақты базалық өсім,
- ағымдағы уақыттың алдында тұрған дәрежесі.
Егер өсу қарқынының көрсеткіштері есептелініп берілген болса, онда өсім қарқынын анықтау және жұмыс көлемін азайтып, есептеуді жеңілдету үшін өсу қарқынынан 1 немесе 100 шегеру арқылы да табуға болады. Ол мына формула арқылы жүзеге асады:
немесе Ө ,
мұнда - өсу қарқыны(коэффициент есебімен);
Ө - өсу қарқыны (процент есебімен);
Бір процент өсімнің нақты мәні. Бұл көрсеткіштің экономикада атқаратын рөлі өте жоғары. Себебі мұнда өсімнің әрбір процентінің нақты мәні қаншаға және қалай өзгергені көрсетіледі. Оны есептеу үшін әр уақыттағы нақты өсімнің шамасын, сол кездегі өсім қарқынына бөледі және оның мәні тізбектелген тәсіл арқылы мына формула бойынша есептеледі:
А = немесе
мұнда бір процент өсімнің нақты мәні;
нақты өсім;
өсім қарқыны;
ағымдағы уақыттың алдына тұрған дәрежесі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   85




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет