Ылым министрлігі


Дәріс 12. Ішінара бақылау



бет42/85
Дата02.03.2023
өлшемі1,66 Mb.
#71225
түріБағдарламасы
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   85
Дәріс 12. Ішінара бақылау

  1. Ішінара бақылау нәтижелерін бағалау.

  2. Ішінара бақылау бірліктерінің санын анықтау.

  3. Ішінара бақылау мәліметтерін бас жиынтыққа тарату.



Дәрістің мақсаты: Ішінара бақылау әдісі туралы түсінігін беру, іріктеудің жалпы және ішінара бақылау тәртібімен, ішінара жиынтықтың құралу көздерін, қажетті санын есептеу әдістемесімен таныстыру.
Тақырып бойынша негізгі түсініктер: ішінара бақылау, іріктеу, жай зерттеу, жалып жиынтық, ішінара жиытық, шашыранды, ықтималдылық, сенім коэффициенті, іріктеуде жіберілетін қате, бірліктер үлесі және т.б.


Дәрістің конспектісі
1 сұрақ. Қате деп нақты факті мен зерттеу көрсткіштерінің арасындағы сәйкессіздікті айырмашылықты айтады. Оның өзі тіркеу қатесі және ішінара бақылауда жіберілетін репрезентативті өкілдікті қате болып екіге бөлінеді.
Тіркеу қатесі әлеуметтік экономикалық құбылыстар мен процестерге әсерін тигізетін себептерді дұрыс анықтамау салдарынан туатын қате. Ол жұрыс жазбаудан, бұрмалаушылықтан, қате есптеуден, арнайы мамандығы жоқтығынан, т.б. себептерден туады. Ол жаппай және ішінара бақылау түрлерде де кездесе береді.
Репрезентативті қате деп ішінара бақылаудан алынған сипаттамалар ( ,W ) мен жалпы жиынтық сипаттамалар ( , P) арасындағы айырмашылықты айтады. Қатенің бұл түрі тіркеу қатесі жіберілмегенде, тек ішінара бақылау жүргізілгенде ғана болады. Егер жалпы жиынтық пен ішінара бақылаудың арасындағы айырмашылық көп болмаса, яғни біріне бірі жақын болатын болса, онда мұндай іріктеу репрезентативті болып саналады. Демек ішінара бақылауда жіберілген қатенің шамасы неғұрлым аз болған сайын, ал жалпы жиынтық көрсеткіштерін дұрыс көрсете алады.
2 сұрақ. Статистикада репрезентативті қате жүйелі және кездейсоқ болып екіге бөлінеді. Репрезентативті жүйелі қате жалпы жиынтық бірліктерінен кездейсоқ іріктеу принциптері дұрыс жүргізілмеген жағдайда пайда болатын қатені айтады. Мысалы, жалпы жиынтықтан тексеруге тек сапалы немесе сапасыз өнімдер іріктеліп алынды делік. Олай болса, 1 жағдайда жалпы жиынтықтың салалық үлесін жасанды түрде көбейтеміз, 2 жағдайда кемітеміз. Сонымен екі жиынтықтың орташа және қатысты көрсеткіштері арасындағы айырмашылық өздеріне тән белгілі бір бөлігі арқылы жағымды (+) немесе жағымсыз (-) болып келеді. Немесе оны мына формуламен беруге болады: Орташа шама үшін - = ±∆х
үлесі үшін W – P = ±∆W
Репрезентативті кездейсоқ қате деп ішінара бақылау мен жалпы жиынтық көрсеткіштерінің арасындағы кездейсоқ айырмашылықты айтады.
Статистикада ішінара іріктеудің орташа қатесін гректің µ әрпімен белгілейді. Және оның шамасы жалпы жиынтықтағы өзгерменің дәрежесі (G2) , ішінара бақылауға алынған бірліктің мөлшеріне (n) тығыз байланысты болады.
Сонымен бірге орташа қате қайта және қайталанбайтын іріктеу әдістерінің қолданылуына байланысты екі түрлі формуламен есептеледі: 1- орташа шама үшін, 2- белгінің үлесі үшін.
3 сұрақ. Қайта кездейсоқ іріктеудің орташа қатесі белгінің орташа шамасы үшін мына формуламен есептеледі.
µх = √ G2/ n
мұндағы µх – іріктеудің орташа қатесі
G2 – жалпы жиынтықтағы өзгерменің дәрежесі, шашырандылық
n – бақылауға алынған жиынтық белгілердің саны
Егер ішінара бақылау белгінің үлес салмағы үшін қолданылса, онда қайта кездейсоқ іріктеудің орташа қатесі мына формуламен есептеледі.
µр = √ р(1-р)/ n
мұндағы µр – жалпы жиынтықтағы сапалы белгі үлесінің орташа қатесі
р – жалпы жиынтықтағы белгі үлесі
n – бақылауға алынған жиынтық бірліктерінің саны


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   85




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет