Ылым министрлігі



бет47/85
Дата02.03.2023
өлшемі1,66 Mb.
#71225
түріБағдарламасы
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   85
Орташа өсім қарқыны. Бұл көрсеткішті есептеу үшін орташа өсу қарқынының көрсеткішінен 1 немесе 100 шегерсе жеткілікті.

2 сұрақ. Қоғамдық құбылыстар мен процестердің сандық көрсеткіштері даму немесе кему дәрежесіне қарай әрқашанда белгілі бір уақытқа байланысты өзгеріп отырады. Бірақ, олардың дұрыс өзгеру заңдылықтарын уақыт бойынша зерттеу, өзара байланыстылықтарын анықтау үшін және сол көрсеткіштерге өңдеу, талдау жұмыстарын жүргізу үшін түрлі статистикалық есептеу тәсілдері қолданылады. Енді солардың ішіндегі ең негізгілерін қарастырайық:
Біртектес өсіңкілік қатарларды салыстырмалы тәсілмен талдау. Бұл тәсілді қолдану кезінде біртектес қоғамдық құбылыстар мен процестердің белгілі бір уақыт кезеңіндегі көрсеткіштерінің өзгергендігі көрсетіледі. Мұндағы көрсетілген көрсеткіштер өзінің мағынасы жағынан және уақыт мерзімдері бойынша әр түрлі экономикалық әкімшілік аумақтарда, облыстарда, аудандарда болған құбылыстардың қалай, қаншалықты өзгергендігін салыстыру арқылы сипаттайды және қысқаша қорытынды жасауға көмектеседі. Бұл көрсеткіштер нақты және қатысты шамамен көрсетіледі. Бұған мысал ретінде 1-кестенің көрсеткіштерін келтірейік:
1-кесте Ақтөбе және Ақмола облыстары бойынша халық шаруашылық салаларындағы жұмысбасты мамандардың саны, мың адам

Жылдар


Ақтөбе

Ақмола

Ақмоланы Ақтөбе облысымен салыстырған-да, %

Нақты өсім

Өсу қарқыны

Ақтөбе


Ақмола


Ақтөбе


Ақмола


1980
1985


1990
1995

54,4
69,3


78,7
87,8

79,6
97,4


106,3
112,6

146,3
140,5


135,1
138,2

-
14,9


9,4
9,0

-
17,5


8,9
6,3

-
127,4


113,6
111,6

-
122,4


109,1
105,9

Кестедегі Берілген көрсеткіштерді салыстыра отырып, мынадай қорытынды жасауға болады: Ақмола облысындағы жұмысбасты мамандар саны Ақтөбе облысымен салыстырғанда өте жоғары. Бірақ, Ақтөбе облысында жұмысбасты мамандардың сандық көрсеткіштерінің аз болуына қарамастан өсу қарқынының жоғарлауына байланысты кейінгі жылдары бұл айырмашылық бірте-бірте кеміп келеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   85




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет