Ылым министрлігі


Дәріс 28. Ұлттық шоттар жүйесі, негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер



бет76/85
Дата02.03.2023
өлшемі1,66 Mb.
#71225
түріБағдарламасы
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   85
Дәріс 28. Ұлттық шоттар жүйесі, негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер
1. Ұлттық шоттар жүйесінің макроэкономикалық көрсеткіштерін есептеу әдіснамасы.
2. Саларалық баланс ұлттық есеп жүйесін интеграциялау құралы.
3.ҰШЖ-дегі салаларалық баланстың үлгісі.
4. Саларалық баланс көрсеткіштерінің экономикалық мағынасы.
5. Тікелей шығын коэффициентерін есептеу.


Дәрістің мақсаты: ұлттық шоттарды құру принциптері: міндеті, үлгісі, шоттардың мазмұнынұғыну, ұлттық шоттар жүйесінің макроэкономикалық көрсеткіштерін есептеу әдіснамасын ұғыну, ҰУЖ-дегі салаларалық баланстың үлгісін, саларалық баланс көрсеткіштерінің экономикалық мағынасын, тікелей шығын коэффициентерін есептеу міндеттерін қарастыру.
Тақырып бойынша негізгі түсініктер: өндіріс шоты, табыстардың пайда болу шоты, алғашқы табыстарды бөлу шоты, табыстарды қайта бөлу шоты, қолда бар табысты пайдалану шоты, капиталға байланысты операциялар шоты, қаржы шоты, тауар және қызмет шоты, ағымдағы операциялар шоты, капиталға байланысты операциялар шоты және т.б.
Дәрістің конспектісі
1 сұрақ. Есеп және статистиканың жаңа жүйесін енуі ҰШЖ қатар салааралық балансттың жаңа буынын зерттеуді қарастырады. Салааралық баланс ҰШЖ тұжырымдамасында /САБ ҰШЖ/ - бұл халық шаруашылық негізгі салаларының өзара байланысқан макроэкономикалық көрсеткіштерінің жүйесі., жалпы өнім шығаруды, аралық және түпкі тұтынуды, жалпы жинақ және өнімнің экспорт-импортын біржақтан, шығын және қосымша құнды басқа жағынан. Ол салааралық өндірістік қатынастарды және экономикалық негізгі пропорцияларды, қоғамдық өндірістегі техникалық –экономикалық қарым қатынасты және басқа да бірқатар міндеттерді шешуді жанжақты қарастыруға мүмкіндік береді.
САБ ҰШЖ зерттеу нақты әдістемелік проблемаларды шешуді талап етіп,
баланс жүйесіне қатысты материалды емес қызмет сфераларын және жаңа көрсеткіштерді, үдемелі өндірістің қаржылық аспектілерін және жаңа жүйе көрсеткіштерді бұрын болған жүйе салааралық балансқа сәйкес ХШБ тұжырымдамасымен келістіру, сондай-ақ ұйымдық мәселелердің құрау, жинау және қызмет сферасы туралы және экономика секторы бойынша қазіргі кезеңдегі ақпаратты өңдеу, бұрын бұлар үдемелі өндіріс процессінің көзқарасы бойынша статистикалық зертеудің объектісі болмаған үй шаруашылығы, өндірістік емес қызмет сферасын, «қалған әлем» және басқаларды қосады.
САБ ҰШЖ ағымдағы және салыстырмалы бағада, өндірушілер бағасымен және түпкі пайдаланушылардың ірі статистикалық жұмыс құралдарын қолдану бойынша халық санағына көп дайындықты қажет ететін мероприятияны, ақпарат жинау, экономикалык салаларды іріктеу және т.б. құрады. Зерттеу нәтижесінде халық шаруашылық салаларының телімдерінде алынған жаңа экономикалық макростатистикалық модель бірқатар міндеттерді шешуге мүмкіндік береді:

  • халық шаруашылығының толық жүйе түрінде айтылуына байланысты, материалды өндіріс және материал емес сфера қызметі тең құқылы болуын қарастырады, қоғамдық үдемелі өндірісте қызмет орны көрсетіледі, оның экономикада рөлін және халықтың әл ауқатын қамтамасыз етуін, барлық экономикалық организмнің жұмысына комплексті баға береді.

  • Ресурстар және қорлар ағымы көрсетуге мүмкіншілік береді салалар мен шаруашылық бірліктердің нақты экономикалық өзара әсерінің қарама қарсы көрсетуін / өнім мен қызметтің өндіріушілері арасындағы, өндірушілер және халық, өндірушілер және мемлекет халықпен/.

  • ХШБ өзгешелігі ол экономиканы және бір мезгілде мынандай шаруашылық құралдары, қаржылық ресурстарды, бюджет, салық, еңбек ақы төлеу қоры және пайда, товар айналысы және күрделі салым, табыс және шығыс, шаруашылық субъектілерінің активі және пассиві және т.б. ұйымдастырып үйлестіруге мүмкіншілік береді.

  • Қаржылық ағымдардың талдау мүмкіншілігін анықтау, құн айналымының және салалық шаруашылық қызметтің ерекшелену заңдылығы

  • Бар шаруашылық сондай-ақ олардың жекелеген сектор және салаларының дамуының болжау мүмкіншілігін береді

2 сұрақ. САБ ҰШЖ схемасы САБ ҰШЖ схемасына ұқсас және олар төрт квадранттардан тұрады, бірақ бұрынғы баланстан өзгешелігі төртінші квадрант бос/ашық/ болады. Жаңа баланста ҰШЖ тұжырымдамасы және идеологиясына сәйкес қайта бөлу операциясы оның басқа бөліктерінде көрсетіледі.
ҰШЖ салааралық балансының схемасы

Шығару
шығындар

Аралық тұтыну

Ақырғы пайдалану

Жалпы шығару

Материалды өндіріс сферасы

Материал емес қызметтің сферасы

Ақырғы тұтыну

Жалпы тұтыну

экспорт

импорт

Үй шаруашылығы

Жалпы мем. басқару және қоғамдық ұйымдар

Негізгі капиталдың жалпы жинағы

Айналым құралдарының өзгерісі

Аралық шығындар

Матер. өндіріс және материалды өндіріс емес сфера

1 2
1 квадрант


3 4

11 13 14 15 17

2 квадрант


10 12 16 18




Қосымша құн

Айналым капиталын тұтыну. Таза қосымша құн

5 6

3 квадрант


7 8


Х х х х х х

Х х х х х









Жалпы құн




























Ішкі квадрант/1/ салалардың өзара байланысын, ҰШЖ түсінігі бойынша аралық тұтынуды көрсетеді, бұнда тек өндіріс сферасындағы тұтыну емес, материалды емес сфера қызметін сипаттайды. 2 сыртқы қанат квадрантында жалпы ішкі өнімнің түпкі пайдалану құрылымы келтіріледі, 3 төменгі қанат кварантында ЖІӨ құрылу құны көрсетіледі.
1квадрантта САБ ҰШЖ /шахмат таблицасы/ жолдар және бағандар бойынша материал өндірісі және материал өндірісі емес қызмет /ағарту, денсаулық, мәдениет, ғылым, басқару, қорғаныс және басқалары/ салалары жазылады.
2 квадранта жолдар өндіріс салаларына сәйкес келіп, онда әр саланың түпкі пайдалану және жалпы жинақ салымы көрсетіледі. 1 және 2 салымның квадранттарының жиыны жалпы шығару құнын көрсетеді. 2 квадранттың бағаналары түпкі пайдалану категориясын ұсынады: үй шаруашылығының түпкі тұтынуын жалпы мемлекеттік басқару мекемелерінің түпкі тұтыну шығыстарын және коммерциялық емес /қоғамдық/ ұйымдардың, негізгі капиталдың жалпы жинағын және материалды айналым қорларының өзгерісін, сондай-ақ товар және қызметтің экспорт және импорт көрсеткіштерін.
САБ ҰШЖ түпкі тұтыну /2 квадранттың көрсеткіштері/ негізгі қордың толық құнын қосады, сондай-ақ материал емес қызметтің түпкі пайдалануын.
3 квадрантта САБ ҰШЖ бағаналар өндіріс салаларына сәйкес, ал жолдар – қосылған құнның негізгі компоненттеріне / еңбек ақы төлеу, өндіріске салық субсидиясыз, пайда, негізгі капиталды тұтыну, аралас табыс/. САБ ҰШЖ колонкалары бойынша жеке салалардың өнімді жалпы шығыру құнының құрылымын көрсетеді, олар аралық тұтынудан тұрады, /1квадрант/, яғни қанша өнім әр халық шаруашылық салаларында өз өнімін өндіру үшін пайдаланылуын, сондай-ақ қосымша құнды /3квадрант/көрсетеді. САБ ҰШЖ жолдарында өнімнің натуралды мүліктік құрамын көрсетеді, жоғарыда аталғандар басқа салалардың /1квадрант/ аралық тұтынуларына пайдаланылады және белгілі саланың 2 квадрант/ түпкі пайдалануын. Әр сала бойынша өнімді жалпы пайдалануы олардың жалпы ресурстарына тең.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   85




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет