Ылым министрлігі


Дәріске әдістемелік нұсқау



бет78/85
Дата02.03.2023
өлшемі1,66 Mb.
#71225
түріБағдарламасы
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   85
Дәріске әдістемелік нұсқау:
Дәрістің тақырыбымен жұмыс жасау барысында көрсеткіштер жүйесінің негізінде ҰЕЖ экономикалық процесстерді және олардың нәтижелерін сипаттайды, осы процесстер арасындағы байланысты көрсетеді. Сондықтан, ҰЕЖ – экономиканың өзіндік үлгісі, ел экономикасын, оның аймақтарын және секторларын бір біріне өзара байланысқан баланстар/шот/негізінде, өнімдер қозғалысының ағынын көрсетуге және олардың қаржылық эквиваленттерін экономикалық агенттер арасында олармен әртүрлі экономикалық операциялар жасау процессінде пайдалануын комплексті зерттейді.


Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:

  1. Ұлттық шоттар- халықаралық практикада қолданылатын баланстық есептеулердің жиынтығы.

  2. Ұлттық шоттарды құру принциптері: міндеті, үлгісі, шоттардың мазмұны.

  3. Ұлттық шоттар жүйесінің макроэкономикалық көрсеткіштерін есептеу әдіснамасы.

  4. Саларалық баланс ұлттық есеп жүйесін интеграциялау құралы.

  5. ҰУЖ-дегі салаларалық баланстың үлгісі.

  6. Саларалық баланс көрсеткіштерінің экономикалық мағынасы.

  7. Тікелей шығын коэффициентерін есептеу.

Дәріс 29. Халықтың тұрмыс деңгейінің статистикасы.

  1. Халықтың тұрмыс деңгейі ұғымы және оны статистикалық зерттеудің міндеттері.

  2. Халықтың тұрмыс деңгейінің көрсеткіштер жүйесі.



Дәрістің мақсаты: халықтың тұрмыс деңгейінің көрсеткіштер жүйесін, үй шаруашылығы табысының көрсеткіштерін, үй шаруашылығының ақырғы тұтыну шығындары, күнкөріс деңгейінің ең төменгі шегін қарастыру.
Тақырып бойынша негізгі түсініктер: тұрғындардың кірісі, тұрғындардың ақша салымы, қоғамдық тұтыну қоры, еңбекақы төлемі, чалықтың материалдық игілікті және қызметті тұтынуы, халықтың мүлкі, жанұяның мүлкі, халықтың бюджет уақтысы, моральдық статистика
Дәрістің конспектісі
1 сұрақ. Тұрғындардың тұрмыс деңгейі - бұл адамдарды материалдық игілікпен, тұрмыстық және мәдениет қызметпен канағаттанадыру дәрежесі мен деңгейінің әлеуметтік-экономикалық категориясы.
Материалдық игілік - бұл тамақ өнімдері, киім, аяқ киім, тұрмыстық және мәдениет бұйымдары, пәтер-үйлер.
Тұрмыстық қызметке коммуналдық, қызметтер, оның ішінде байланыс пен көлік қызметі, тұрмыстық қызмет көрсету денсаулық мекемелерінің қызметі.
Мәдениет саласындағы қызмет - бұл көркем өнер мен білім беру, мәдениет мекемелерінің қызмет көрсетуі. Тұрмыс деңгейі халыктың тұрмыс халін сипаттайтын негізгі элементі ретінде "тұрмыс жағдайы" деген кең мағынаны білдіреді.
Тұрмыс деңгейін статистикалык зерттеудің негізгі бағыты мен мақсаты төмендегідей:

  1. тұрғындардың әлеуметтік-экономикалық тұрмыстық жағдайын жан-жақты және жалпы сипаттау;

  2. демографиялық, жеке әлеуметтік топтар мен тұрмыстык жағдайының деңгейіне байланысты топтардың арасындағы айырмашылықты, қоғамның әлеуметтік-экономикалық тұрғысынан бағалау;

  3. әр түрлі әлеуметтік-экономикалық себептердің тұрмыстық жағдайға әсерінің сипатын және дәрежесін талдау, олардың құрамы мен динамикасын талдау әлеуметтік-экономикалық көмекті қажет ететін жағдайы нашар тұрғындарды бөліп сипаттау.

Тұрмыс деңгейі оның динамикасы дифференциациялық өндіріс күшінің даму деңгейіне, ұлттық байлықтың, мөлшерлі құрамына және жалпы ұлттық өнімді өндіру мен пайдалану.
Бөлу мен кайта бөлу маңыздылыгына байланысты анықталады. Сондықтан түрмыс деңгейі айтарлықтай қиында, көпқырлы категория.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   85




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет