Ылым министрлігі



бет79/85
Дата02.03.2023
өлшемі1,66 Mb.
#71225
түріБағдарламасы
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   85
2 сұрақ. Тұрмыс деңгейінің көрсеткіштері.
Тұрмыс денгейін сипаттайтын көрсеткіштер үш түрге бөлінеді:
бірінші - синтездік құнды керсеткіштер (жалпы ұлттық өнім, тұтыну қоры, түрғындардың кірісінің жиынтығы ж. т.б.);
екінші - материалдық игіліктің мөлшерін өлшейтін натуральды көрсеткіштер (жеке мүлікпен қамтамасыздандырылуы тамақ өнімдерін тұтыну, тасылған жолаушылардың саны ж. т.б.);
үшінші -тұрмыстық жағдайын қүрамын бөлу мен оның пропорциясын көрсететін көрсеткіштер (түрғындарды кірісі бойынша топтастыру, кірістің және тұтыну дифференциациясының көрсеткіштері).
Тұрмыс деңгейі алдымен түтыну көрсеткіштерімен сипатталады, бірақ түтыну деңгейі меи құрамы негізінен жеке адамның жанұяның және жалпы қоғамның қарауындағы қорға баиланысты сипатталады.
Сондықтан тұрмыс деңгейінің керсеткіштерінің жүйесіне түтыну көрсеткіштерімен қатар түтыну мүмкіншілігін сипаттайтын бір қатар көрсеткіштерде кіреді. Мысалы, тұтыну мен кіріс деңгейі.
Статистикада пайдаланылатын халықтың тұрмыс деңгейін әлеуметтік дамуын сипаттайтын көрсеткіштер жүйесінің төмендегідей:
-Қоғамның әлеуметтік құрылымы
-Тұрғындардың жұмысбастылығы және еңбек жағдайы
-Еңбеккерлердің қоғамдық өмірі мен мемлекетті басқаруға қатысы
-Тұрғындардың кірісі
-Тұрғындардың ақша салымы
-Қоғамдық тұтыну қоры
-Еңбекақы төлемі
-Тұрғындарға тұрмыстық және әлеуметтік қызмет көрсету, оның ішінде:
(қоғамдық тамақ беру, сауда, байланыс және көлік, халыққа тұрмыстық қызмет көрсету, әлеуметтік қамсыздандыру, халыққа білім беру, мәдениет, өнер)
-Халықтың материалдық игілікті және қызметті тұтынуы
-Халықтың мүлкі
-Жанұяның мүлкі
-Халықтың бюджет уақтысы
-Моральдық статистика.
Кәсіпорын жұмысшылары үшін жалақы түріндегі еңбекақысы кәсіпорынның өндірістік іс-әрекеттеріне қосқан жеке үлесіне сәйкес алатын, жеке табысы болып табылады. Еңбекақының номиналды және шынайы түрін ажыратуға болады. Номиналды еңбекақы- бұл белгілі бір уақыт ішінде жұмысшының өз еңбегі үшін алатын ақша сомасы. Шынайы еңбекақы- бұл сол кезеңдегі баға деңгейі бойынша еңбекақыға келетін тұтыну және қызмет көрсету заттарының саны. Кез-келген кәсіпорынның еңбекақысын төлеуді ұйымдастыру негізінде-еңбекақы қоры; тарифтік жүйе: еңбекақы жүйесі мен нысаны алынады.
Еңбекақы қоры- жалақы мен әлеуметтік сипаттағы төлемдерді төлеуге арналған қаржы көзі. Ол жұмысшылардың орташа тізімдік санын бір жұмысшының орташа еңбекақысына көбейту арқылы немесе жалпы өндірілген өнім құнын еңбекақы нормативіне , яғни, өндірілген өнімнің 1 теңгесіне көбейту арқылы есептеледі. Тарифтік жүйе- еңбекақыны, сала жэне жұмысшы категориясы бойынша жіктеуге арналған. Ол үш элементтен тұрады: тарифтік ставка, тарифтік сетка, тарифті- кәсіптілік анықтама.
Тарифтік ставка- уақыт бірлігіне (сағат, күн, ай) төленетін еңбекақы көлемін анықтайды. Тарифтік ставка (мөлшеріне), жұмыстың ауырлығына, зияндылығына және оның жиілігіне байланысты белгіленеді. Тариф ставкасын анықтау үшін негізгі мемлекет белгіленген минималды еңбекақы деңгейі алынады.
Тарифтік ставка- жұмысшы кәсіптілігіне байланысты еңбекақы қатынасын көрсетеді. Көптеген өндірістік кәсіпорындарда кәсіптілікке байланысты барлық жұмысшылар және алты тарифтік разрядқа жіктеледі. Тарифті- кәсіптілік анықтамалар жұмыс түрлерін олардың күрделілігіне байланысты жіктейді. Анықтамада сәйкес кәсіптілік разрядтағы жұмысшылардың білуі және атқара алуы қажет, сипаттамалар беріледі. Еңбекақы жүйесі мен нысаны- кәсіпорын жұмысшыларының еңбекақысын басқару негізі болып табылады. Еңбекақының екі негізгі нысаны (формасы) бар: мерзімдік және келісімді. Олар еңбекақы жүйесі деп аталынатын бірнеше құрылымынан тұрады.
Еңбекақының келісімді нысаны кезінде -еңбекақы орындалған жұмыстың немесе өндірілген өнімнің әр бірлігіне байланысты анықталады.
Еңбекақы төлеудің бұл нысаны- жұмысшының кәсіптілік дәрежесін арттыруға ынталандыру және оның еңбек өнімділігінің өсіміне мүдделілігін қамтамасыз етеді. Алайда келісімді еңбекақы төлеу жағдайында, өнім сапасының төмендеу, технологиялық прцесстер режимінің бұзылу, қауіпсіздік техника талаптарының қадағаланбауы, материалдық ресурстарды артық жұмсау қаупі туындауы мүмкін.
Келісімді еңбекақы төлеу нысанының төмендегі жүйесі бар: тікелей келісімді, прогрессивті- келісімді, сыйақылық келісімді, аккордтық, жанама-келісімді және т.б. Тікелей келісімді жүйе кезінде- жалақы, өндірілген өнім санын белгіленген ставкаға көбейту арқылы анықталады. Орындалған жұмыс немесе өндірілген өнім бірлігіне көбейтілген ставка төмендегі формула бойынша анықталады:
немесе
мұндағы: т- сағаттық тарифтік ставка, теңге.
Ем - сағаттық орындалған жұмыс мөлшері.
Ум - өнім (жұмыс) бірлігіне уақыт мөлшері, сағат.
Прогрессивті- келісімді еңбекақы жағдайында-мөлшерден артық (тыс) орындалған жұмысқа қосымша еңбекақы төленеді.
Сыйақылық-келісімді еңбекақы жағдайында, жұмысшыға негізгі еңбекақысына қосымша, оның сапалық және сандық көрсеткіштер бойынша қол жеткізген жетістіктеріне байланысты сыйақы түріндегі еңбекақы беріледі.
Жанама-келісімді еңбекақы жағдайында — жұмысшылардың еңбекақысы қызмет көрсету нәтижесіне тәуелді. Аккордтық жүйе жағдайында-еңбекақы көлемі барлық орындалған жұмыс көлеміне байланысты белгіленеді.
Нарықтық экономикасы дамыған мемлекеттер де, әдетте мерзімдік еңбекақы төлеу нысаны кеңінен қолданылады. Мерзімдік еңбекақы төлеу нысаны бойынша жұмысшылардың еңбекақысы, өндірістегі іс жүзінде атқарған жұмыс уақытына байланысты белгіленеді. Оның неғұрлым кең тараған екі жүйесі бар: жай мерзімдік және сыйақылық-мерзімдік. Жай мерзімдік жүйе жағдайында- жұмысшы жеке міндетін 100 пайыздық орындаған жағдайда толық тарифтік ставкасын алады. Тапсырылған жұмыс толық орындалмаған жағдайда, еңбекақы көлемі сәйкесінше қысқарады, алайда ол минималды еңбекақы деңгейінен төмен бола алмайды.
Сыйақылық- мерзімдік жүйе жағдайында- жұмысшыға атқарған жұмыс уақытысына төленетін жалақысына қосымша, қол жеткізген сандық және сапалық жетістіктері үшін тағы да сыйақы түріндегі еңбекақы төленеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   85




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет