Ылмыстар институты



Pdf көрінісі
бет2/31
Дата25.12.2022
өлшемі0,71 Mb.
#59475
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31
 
 



 
 
1 МЕНШІККЕ ҚАРСЫ ҚЫЛМЫСТАР ИНСТИТУТЫ
1.1 Меншікке қарсы қылмыстардың қылмыстық –құқықтық сипаты
 
Қылмыстық құқықта меншік иесінің құқықтары меншік нысандарына 
қарамастан тең дәрежеде қорғалынады. Меншік нысандарының барлық 
түрлерінің тең түрде қылмыстық құқықтық қорғалынуы үшін қылмыстық заң 
қылмыстық жауаптылықтың негізін, шегін, қолданылатын санкция түрлерін 
бірдей етіп белгілеген. Меншік нысандарының тең қорғалынуы үшін: 
қылмыстық заң біріншіден, әртүрлі меншік нысандарына қол сұғатын ұқсас 
іс - әрекеттерді бірыңғай саралауды белгілеген; екіншіден, меншікке, оның 
нысандарына қарамастан қол сұғушылық үшін қылмыстың ауырлататын 
немесе аса ауырлатын белгілерін де бірдей белгілеген; үшіншіден, меншік 
нысандарына қарамастан оған қылмысты қол сұғушылық үшін заңда 
жазаның бірдей түрлері және шегі белгіленген. 
Әлеуметтік құндылықтар жүйесінде меншікке құқық адамның әлеуметтік 
игіліктерінің ішіндегі ең маңыздысы ретінде саналады. Сондықтан кең 
мағынада алғанда бұл игілікке қол сұғушылық адамның өз басына қол 
сұғушылықпен парапар. Меншікке қылмыстық қол сұғушылықтан қорғау 
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің негізгі міндеттерінің 
бірі болып табылады. 
Меншікке қарсы қылмыстарды кейде мүліктік қылмыстар деп те атайды. 
1922 және 1926- жылдардағы Қылмыстық кодекстердің тиісті тарауларының 
тақырыптары осылай деп аталған. Бұл екі түсінік бірдей, себебі меншікке 
қарсы жасалған қылмыстардың көпшілігінің заты мүлік болып табылады . 
Меншікке қарсы қылмыстар деп - мүліктің меншік иесіне немесе өзге 
иеленушісіне залал келтіре отырып немесе залал қаупін тудырумен 
байланысты ҚК-те көзделген нысандар арқылы жасалатын қасақаналық 
немесе абайсыздық іс-әрекеттерді айтамыз. 
Меншікке қарсы қылмыстардың топтық объектісін меншік иесінің 
иелену, пайдалану немесе оған билік ету құқығын құрайтын меншікке 
байланысты қоғамдық қатынастар құрайды. 
Меншікке қарсы қылмыстардың тікелей объектісі болып меншіктің кез – 
келген нысаны табылады. Меншіктің нақты нысаны қылмыстық 
жауаптылыққа және адамның мінез – құлқын саралауға әсерін тигізбесе де, 
қылмыстық іс бойынша анықталынуы міндетті болып табылады, себебі: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет