Бақылау сұрақтары:
1. Талан-таражға салудың түрлерін атаңыз?
2. Талан-таражға салудың нысандары қандай?
3. Талан-таражға салудың қазіргі қолданыстағы заңнамадағы өзгерістері
қандай?
4. Ұсақ мөлшердегі талан-таражға салу мөлшері қандай?
5. Елеулі мөлшердегі талан-таражға салу мөлшері қандай?
6. Ірі мөлшердегі талан-таражды қалай түсінесіз?
Әдебиеттер
1. Модельный уголовный кодекс для госдарств - участников СНГ //
Правоведение, 1996, № 1, 150 с.
2. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі. 27 желтоқсан 1994ж
өзгертулер мен толықтыруларды қоса. Алматы, Жеті Жарғы, 2000ж. 560бет.
3. Курс советского уголовного права. Особенная часть./Под ред. А.А.
Пионтковского. М., 1959г. 810стр.
4. А.Н. Ағыбаев. Қылмыстық құқық. Ерекше бөлім. Алматы, Жеті Жарғы.,
2000ж. 520бет.
5. Уголовное право. Особенная часть./Под ред. И.Я. Козаченко. М., 1998г.
768стр.
21
1.4 Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иеленіп алу немесе ысырап ету
арқылы талан – таражға салу
Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 176-бабы “Сеніп
тапсырылған бөтен мүлікті иемденіп алу немесе ысырап ету” қылмысы
бөтеннің мүлкін талан – таражға салудың нысандарының бірі болып
табылады.
Сонымен сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иеленіп алу немесе ысырап
ету қылмысы пайдакүнемдік ниетімен жасалатын бөтеннің мүлкін заңсыз
талан – таражға салуға жатады.
1959 жылғы ҚазССР ҚК-нің 76-4- бабында талан – таражға салудың
өзінше дербес үш нысаны: иеленіп алу, ысырап ету және қызмет бабын
қиянат жасап талан – таражға салу бір топқа біріктірілген болатын, ал мына
талданып отырған бапта тек иеленіп алу және ысырап ету үшін ғана
қылмыстық жауаптылық көзделген. Заң шығарушы қызмет бабында қиянат
жасап талан – таражға салуды өзінше бөлек құрам ретінде қарастырмайды,
оны қылмыстың ауырлататын белгілерінің қатарына жатқызған (ҚК 176 б. 2-
б. “а” тармағы).
Қазақсан Республикасы Қылмыстық кодексінің 176-бабында көрсетілген
“Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иеленіп алу немесе ысырап ету” қылмысы
талан – таражға салудың екі нысанынан тұрады.
Осы екі нысанды бөлек көрсетудің тек қана теориялық емес, сонымен
қатар практикалық маңызы бар. Өйткені бұл бөлініс кінәлінің әрекетіндегі
талан – таражға салудың нақты нысанын анықтауға мүмкіндік береді. Осы
екі нысанның әрқайсысында өзіне тән қылмысты жасау тәсіліне және оның
аяқталуына байланысты ерекшеліктер бар. Бірақ бұл екі нысанды бір бапта
қарастырудың себебі, иеленіп алуда да, ысырап етуде де алынған мүлік
кінәлінің мемлекетпен немесе ұйыммен сеніп тапсырылған қарауында
болуында. Осы жағдайды пайдалана отырып кінәлі адам мүлікті өз иелігіне
айналдырады.
Бұл белгі осы қылмыстың басқа талан – таражға салудың нысандарына
қарағанда ерекше болып келетіндігін көрсетеді. Яғни, бұл жерде кінәлі адам
мүлікті басқару, жеткізу немесе сақтау сияқты құқығына ие болады. Талан –
таражға салудың басқа нысандарына қарасақ (ұрлық, тонау, қарақшылық
және т. б.) бұл жерде кінәлі адамның мүлікке деген ешқандай қатысы жоқ
немесе қарауылдау ғана тапсырылған.
Талан – таражға салуды иеленіп алу немесе ысырап ету ретінде саралау
үшін кінәлі адамның қылмыс жасау кезінде алынған мүлікке қатысты өз
өкілеттілігін немесе жағдайын қолданғанын анықтау қажет.
Иеленіп алу немесе ысырап ету қылмысын жасау кезінде кінәлінің
мүлікке қатысты белгілі бір құқықтарының болуы мүлікті қылмыстық иелену
және іздерді жоюға жеңілдік және қолайлы жағдай болып табылады.
Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иеленіп алу немесе ысырап ету
қылмысының объектісі - меншік басқаша айтқанда, мүлікті иелену,
пайдалану, оған билік ету жөніндегі қоғамдық қатынастар жиынтығы.
22
Иелену құқығы дегеніміз - мүлікті іс жүзінде иеленуді заңмен қамтамасыз
етілген мүмкіндік арқылы жүзеге асыру.
Пайдалану құқығы дегеніміз - мүліктен оның пайдалы табиғи қасиеттерін
алу және одан пайда көру мүмкіндіктерін заңмен қамтамасыз ету. Пайда-
кіріс, өсім түрінде өнім сипатында болуы мүмкін.
Билік ету құқығы дегеніміз - мүліктің заң жүзіндегі тағдырын шешу.
Меншік иесі өзіне тиесілі мүлікке қатысты өз қалауы бойынша кез-келген
әрекеттер жасауға, соның ішінде, бұл мүлікті басқа адамдардың меншігіне
беріп, иелігінен шығаруға, өзі меншік иесі болып қала отырып оларға мүлікті
иелену, пайдалану және оған билік ету жөніндегі өз өкілеттігін тапсыруға,
мүлікті кепілге беруге және оған басқа да әдістермен ауыртпалық түсіруге,
оларға өзгеше түрде билік етуге құқылы. Меншікке қарсы жасалған әрбір
талан – тараж және басқа да қылмыстар қоғамға қауіпті, себебі ол
көрсетілген қатынастарды бұзады.
Мүлік бұл жерде талан – таражға салудың заты болып табылады. Жалпы
талан – таражға салудың затына тән белгілері бар мүліктер ғана иеленіп
алудың немесе ысырап етудің заты бола алады және ол мүліктің кінәлі
адамға сеніп тапсырылғандығы міндетті шарт болып табылады.
Осы қылмыстың затына мына нышандар (белгілер) тән:
а) Заттық белгі – иеленіп алу немесе ысырап ету әрқашанда материалдық
нәрсе. Сондықтан да, мүліктік қылмыс ретінде, бұл іс-әрекеттің заты
адамның ойы, пікірі бола алмайды.
б) Экономикалық белгісі – иеленіп алудың немесе ысырап етудің
затында, әрқашанда, қандай да бір экономикалық құндылық бар екенін
көрсетеді. Ол құндылық өзінің құнынан, ақшалай бағасынан көрініс табады.
Сондықтан да, табиғат объектісі талан – таражға салудың заты бола алмайды,
себебі оларға адам еңбегі жұмсалмағандықтан олар бағалана алмайды.
в) Заңдық белгі – иеленіп алудың немесе ысырап етудің заты бөтен,
еркін азаматтық айналымда жүрген мүлік қана болатынын көрсетеді. Өз
мүлкін талан-таражға салу меншіктік қатынасты бұзбайды, сондықтан да ол
меншікке қол сұғушылық деп қарастырылмайды.
г) Кінәлі адамға мүлікті сеніп тапсыру белгісі. Яғни, зат болып,
азаматтық құқық бойынша меншік объектісі деп танылған кез келген
бұйымдар мен мүліктер табылады.
Объективтік жағына келетін болсақ кінәлі адамның бөтеннің мүлкін
өзінің немесе басқа адамның пайдасына заңсыз, тегін айналдыру үшін
құқыққа қайшы түрде алып қоюдан көрінетін әрекетті айтамыз. Заңмен
берілген анықтамадан бұл талан – таражға салу түрінің объективтік жағынан
сипаттайтын мына белгілерді көруімізге болады:
а) Мүлікті алу - қылмыс затына заңға қайшы ықпал жасаудың сыртқы
процесін неғұрлым дәл бейнелейді және белгілі бір шамада қылмыстың
объектісіне зиян келтіру тетігін сипаттайды, себебі алу әрқашанда заңсыз
әрекетпен, ұрланған мүліктің меншік қатынастарына қатысатындардың
(жақтардың)
әлеуметтік
байланыстарындағы
құрылымдағы
орнын
өзгертуімен ұштасқан, ол байланысты қалайда бұзады, оның қалыпты
23
дамуына нұқсан келтіреді. Талан – таражға салған адам мүлікке өз
меншігіндей билік жасайды, бірақ заң жүзінде ол меншік иесі бола алмайды.
б) Заңға қайшылық - шындығында да, болжаммен де оған өзінің құқығы
жоқ бөтен мүлікті айыптының алуы. Шындығындағы құқық дегеніміз - сол
мүлікті алуға мүмкіндік беретін заңға негізделген құқықтың болуы.
Қазақстан
Республикасының
Қылмыстық
кодексі
176-бабында
көрсетілген қылмыстың объективтік жағы бөтен мүлікті талан – таражға
салудың екі нысанында жүзеге асырылады. Бұлар иеленіп алу және ысырап
ету болып табылады.
Иеленіп алу дегеніміз - белсенді қызмет жасай отырып субъектінің өзіне
сеніп тапсырылған тауар - материалдық құндылықты алуы, оған заңсыз иелік
орнатуы. Осыған ұқсас пікірді В.А. Владимиров былай деп көрсеткен:
“мемлекеттік немесе қоғамдық мүлікті талан - тараж ету нысаны, кінәлі
адамға сеніп тапсырылған мүлікті алу және оған заңсыз иелік етуден
көрінетін белсенді әрекет“.
Басқа ғалымдардың пікірі бойынша иелену – кінәлі адамға сеніп
тапсырылған мүлікті өзінің меншігіне айналдыру мақсатында ұстап қалу
дейді. Иеленуді жүзеге асыру кезінде кінәлі адам мүлікке байланысты
басқару, жеткізу және сақтау құқықтары шарттан немесе мемлекеттің және
ұйымның тапсырмасы бойынша пайда болады. Сеніп тапсырылған бөтен
мүлікті иелену кезінде кінәлі адам алатын мүлікті мемлекеттің, ұйымның
немесе бөтен мүліктерден оқшауландыруы керек, яғни, алған мүлікті
кеңістікте жылжыту арқылы өз жеке меншігіне қосуы керек.
Тұлғаның әрекеттерінде осы белгілер болмаса ҚР ҚК 176 бабы бойынша
саралауға мүмкіндік болмайды.
Айтып кететін тағы бір жай, ескі кеңес одағы кезінде теорияда кең
тараған иеленіп алу туралы түсінік болған, яғни иелену дегеніміз - бөтен
мүлікті ұстап қалу немесе қайтармау деп есептейтін. Бірақ ұстап қалу мен
қайтармау өзінің психофизикалық негізі мен операциялық мазмұны бойынша
адамның қарапайым әрекетсіздігіне жатады.
Сонымен, бір затты әрекетсіздік жолымен талан – таражға салу мүмкін
емес. Өйткені әрекетсіздік (ұстап қалу немесе қайтармау) иеленудің бір
нысаны ретінде қарастырылмайды, себебі иеленуде енжар әрекет белсенді
әрекет жасалғаннан кейін ғана болады.
Тауып алынған немесе кінәлі адамның қолына кездейсоқ түскен бөтен
мүлікті иемденуді де иеленіп алу (талан – таражға салу) ретінде қарастыруға
болмайды.
Есепке берілген мүлікті қайтарғанда толық болмауы иелену ретінде
қарастырылмайды.
Ысырап ету - сеніп тапсырылған мүлікті тұтынушыдан айыру арқылы
айыптының өз пайдасына немесе басқа адамдардың пайдасына заңсыз және
қайтарымсыз айналдыру. Бұл жағдайда, қандай да бір өкілеттілік жасау ушін
өзіне сеніп тапсырылған мүлікті кінәлі заңсыз жұмсайды, сатады, үшінші
адамдарға береді, не өзі пайдаланады.
24
Ысырап ету - кінәлі адамның сеніп тапсырылған немесе қарауындағы
мүлікті заңсыз пайдалану нысанында жаратумен сипатталады.
Теорияда бұл қылмыс түрін саралау кезінде кейбір ғалымдар ысырап
етуді иеленудің жалғасы ретінде санайды, яғни, кінәлі адам бөтен мүлікті
иеленген соң ысырап етеді деп айтады.
Бірақ, ысырап ету талан - тараждың жеке нысаны болып саналады, және
иеленумен ешқандай байланысы жоқ екендігі бізге мәлім. Ысырап етуді
иеленудің жалғасы деп есептейтін болсақ, онда мүлікті заңсыз иеліктен
шығаруды екі жеке қылмысқа бөлу қажеттілігі туындайды және иелену мен
ысырап ету қылмыстық әрекеттерінің аяқталу сәті екеу болып кетеді. Бірақ
біз кінәлі адамды оған сеніп тапсырылған мүлікті иеленіп, ысырап еткені
үшін қылмыстық жауапкершілікке тарта алмаймыз, себебі ысырап ету өз
басына бөлек қылмыстық әрекет болып табылады. Әрине, кінәлі адам бөтен
мүлікті иеленіп, кейін оны жаратып немесе сатып жібере алады. Бұл әрекет
тек қана иеленіп алу ретінде қарастырылады, себебі бұл жерде әрекеттерінің
қайсысы бірінші жасалынса сол әрекеті бойынша қылмыстық жауаптылық
туындайды. Иелену мен ысырап етуді ажыратып отырған бір жағдай бар бұл
мысалы: ысырап ету кезінде кінәлі адам сеніп тапсырылған мүлікті жаратып
немесе сатып жібергендіктен оны қайтаруға мүмкіндігі болмайды, ал иелену
кезінде заңсыз алынған мүлікті қайтаруға мүмкіндік болады.
Иеленіп алу және ысырап ету аяқталған қылмыс деп саналады, егер
субъект мүлікті тек алып қана қоймай, оны еркін айналымға жіберуге нақты
мүмкіндік алған болса.
Бұл қылмыстың субъективтік жағына келетін болсақ, талан-тараждың
барлық түрлері секілді тек қана тікелей қасақаналықпен жасалынады. Тікелей
ниетпен және пайда табу мақсатымен сипатталады: адам өзіне сеніп
тапсырылған мүлікті заңсыз ұстап не иеліктен шығарып отырғанын сезінеді,
өзінің заңға қайшы әрекетімен меншік иесіне материалдық залал келтіруін
алдын ала біледі және бас пайдасын ойлап сондай болғандықты тілейді.
Демек, иеленіп алуда адам өзіне сеніп тапсырылған мүлікті өзінің жеке
меншігіне айналдыруды тілейді және заңсыз әрекет жасап отырғанын
ұғынады. Ысырап етуде де солай, яғни адам мүліктің оның меншігі еместігін
біледі және осы әрекетімен материалдық зиян келтіре алатынын сезінеді.
Иеленіп алу және ысырап ету қылмысының мақсаты, талан – таражға
салудың міндетті белгісі - пайдакүнемдік болып табылды. Ол мақсат
кінәлінің өз пайдасына, сондай-ақ материалдық жағдайына кінәлі мүдделі
басқа адамдардың пайдасына материалдық, мүліктік табыс келтіруді
көздейді.
Қылмыстың субъектісі арнаулы - жасы он алтыға толған, есі дұрыс, заңды
түрде мүлік тапсырылған адам.
Тек лауазымды ғана емес, сонымен бірге меншік түріне қарамастан
ұйымдарда, кәсіпорындар мен мекемелерде тиісінше қызметтер атқаратын
және атқаратын қызметіне байланысты өзіне сеніп тапсырылған мүлікке
қатысты өкілеттіктерді жүзеге асыратын (бригадир, экспедитор, сатушы,
25
кассир және т. б.) басқа да адам қызмет бабын пайдалану жолымен жасалған
бөтеннің мүлкін заңсыз иемденудің субъектісі болып табылады.
Кінәлі адамның өз қызмет бабын пайдалануы бөтеннің мүлкін заңсыз
иемденудің ауырлататын белгісі болып табылады, осыған байланысты әрекет
ҚК 228, 308 баптары бойынша қосымша саралануды қажет етпейді.
Соттар барлық жағдайда заңсыз иемделінген бөтеннің мүлкінің кінәлі
адамға сеніп тапсырылғанын, оның мүлікті ысырап еткенін не өзі иеленіп
алғанын анықтауға тиіс.
Иеленіп алу мен ысырап етудің субъектілері бірдей, екі жағдайда да
кінәлі адамның мүлікке деген ерекше құқықтық жағдайы болады.
Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иеленіп алу немесе ысырап ету
қылмысының сараланған түрлері бар, олар ҚК 176-бабының 2-ші және 3-ші
бөлігінде көрсетілген.
ҚК 176-бабының 2-ші бөлігінде мынадай сараланушы нысандар
көзделген:
а) адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша;
б) бірнеше рет;
в) қызмет бабын пайдаланып жасау.
Егер қылмысқа бірлесіп жасау туралы күні бұрын уағдаласқан адамдар
қатысса, онда ол әрекетті адамдар тобының алдын - ала сөз байласуы дейміз
(ҚК-31б.2б.) Қылмыс басталарға дейін, оған дайындық кезінде немесе
тікелей оқталар алдында келісімге қол жеткізген болса алдын ала сөз байласу
орын алады. Сөз байласқан кезден қылмыс жасағанға дейінгі аралықтағы
уақыттың маңызы жоқ. Нысаны жағынан сөз байласу - ауызша, жазбаша,
тікелей конклюденттік әрекеттер арқылы (тіл көрсетіп), үнсіз болуы мүмкін.
Бірнеше рет жасауға байланысты ҚК 175-бабының ескертуінде былай
делінген: осы Кодекстің 175-181 баптарында бірнеше рет жасалынған
қылмыс деп осы баптарда, сондай-ақ осы кодекстін 248, 255, 260 баптарында
көзделген бір немесе одан да көп қылмыстардан кейін жасалған қылмыс
танылады.
Қызмет бабын пайдаланып сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иеленіп
алуды және ысырап етуді қызметтік өкілеттігімен қиянат жасаудан ажырата
білу қажет. Бұларды ажырататын критерий - өз қызмет бабын пайдалану
сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иеленіп алудың және ысырап етудің
құрамында сол қылмысты жасау тәсілі ретінде қарастырылған, ал қызметтік
өкілеттігімен қиянат жасаудың құрамында ол іс-әрекеттің өзін сипаттайды.
Мысалы, шикізатты жұмсау нормасын бұзу, өндіріс технологиясын бұзу,
табиғи шығын нормаларын көтеру, т.б. жолдармен жинақталған мүлікті өз
пайдасына айналдыруды қызмет бабын пайдаланып бөтен мүлікті иеленіп
алу ретінде қарастыруға болады. Орындалған жұмыс көлемін асыра жазып,
оны орындаған жұмыскерлердің артық алған ақшасын бөлуді мақсат тұтқан
адамның әрекетін қызмет бабын пайдаланып өзіне сеніп тапсырылған мүлікті
иеленіп алу ретінде саралауға болады.
Әр түрлі комиссияларды, ”меймандарды”, т.б. қабылдау шараларын
ұйымдастыру үшін мемлекеттік немесе қоғамдық қаражатты заңсыз
26
жұмсаған лауазымды адамның әрекетінде иеленіп алудың құрамы болмайды.
Ұйымдасқан топ деп, егер қылмысты бір немесе қылмыс жасау үшін күні
бұрын біріккен адамдардың тұрақты тобы ұйымдасқан қылмыстық топтың
және қылмыстық сыбайластықтың алдын ала сөз байласқан адамдар тобынан
айырмашылығы сол, олар ұйымдасқан және тұрақты болады.
“Қылмыстық топтың және сыбайластықтың ұйымдасқандығын және
тұрақтылығын,
атап
айтқанда,
олардың
құрамының,
ұйымдық
құрылымдарының тұрақтылығы, мөлшерінің ынтымақтастығы, топтағы
тәртіпке және ұйымдастырушының не жетекшінің нұсқауларына бағынуы,
қылмыстық қызметтің формалары мен әдістерінің тұрақтылығы, қылмысты
жоспарлау және мұқият дайындау, қатысушылар арасында рөл бөлу,
қылмысты жасыру шараларын және қылмыстық жолмен тапқан мүлікті
сатуды алдын ала ойластыру сияқты нышандардан көруге болады “-делінген
ҚР Жоғарғы Соты Пленумының қаулысында.
ҚК 176-баптың 3- бөлігінің “б” тармағындағы ірі мөлшердің түсінігі ҚК
175 -бабының ескертуінде былай берілген: осы тараудың баптарында ірі
мөлшер немесе ірі залал деп қылмыс жасалу сәтіне Қазақстан
Республикасының заңдарымен белгіленген айлық есепті көрсеткіштен бес
жүз есе асып түсетін мүліктің құны мен залалдың мөлшері танылады.
ҚК 176-бабы 3-бөлігінің “в” тармағындағы ұрлық немесе қорқытып
алушылық үшін бұрын екі немесе одан да көп рет сотталған адамның жасауы
туралы да ҚК 175-бабының ескертуінде жазылып кеткен. Ескерту: осы
тараудың баптарында, сондай- ақ осы Кодекстің басқа баптарында ұрлық
немесе қорқытып алушылық үшін бұрын сотталған адам деп осы Кодекстің
175-181, 248, 255, 260-баптарында көзделген бір немесе бірнеше қылмыс
үшін сотталған адам танылады.
Достарыңызбен бөлісу: |