Ылмыстар институты



Pdf көрінісі
бет14/31
Дата25.12.2022
өлшемі0,71 Mb.
#59475
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   31
Байланысты:
treatise9312

екіншіден, құқық бұзушының қайсібір әлеуметтік құбылыстар жөніндегі 
көзқарасы, көбінесе сол зат жөніндегі қоғамдық пікірдің мазмұнына сай емес. 
И.Г.Филановскийдің өзі “құқық бұзушының берген бағасы сол құндылыққа 
қоғамның берген моральдық, әлеуметтік және заңдық бағасына қарама-
қайшы” деп жазды. 
Осылайша, қылмыстың мақсаты – ысырап етушінің жеке басының 
қоғамға қарсы бағыттылығының көрінуінің бір нысаны, оның құқықтық 
санасы мен жағымды бейнесінің кемшіліктерінің көрінісі. 
Ысырап етушілердің мақсатты бағыттылық іс-әрекетін талдауымыз бізге 
мынадай деректерді көрсетті: ысырап етушілердің 12,6%- талан-таражды 
спирттік ішімдіктер алуға қаражат табу үшін жасаған, 26%-қымбат мүліктік 
құндылықтарға деген қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін, 4%-ұсақ-түйек 
тірлік ету мақсатында, 2%-сәнді киім сатып алу үшін, 44,4%-өзін өмір сүру 
жабдықтарымен қамсыздандыру үшін және үй шаруашылық заттарын сатып 
алу үшін жасаған, өзгелері жауап беруден бас тартты. Аталған мақсаттардың 
заттық мазмұны – олардың пайдакүнемдік бағыттылығының айқын куәсі. 
Белгілі бір жоғарыда аталған құндылықтарды адам оның орнын өз еңбегімен, 
ақшамен немесе заттай құндылықпен толтырмай, тиісінше, өзге адамдардың 
еңбегінің есебінен, тіпті қоғам мүдделерінің есебінен алуға тырысады. 
Талан-тараждың мақсаты оған жетудің нақты мазмұны мен 
құрамдарынан 
тыс 
әрқашан 
қылмысты 
әрекеттің 
пайдакүнемдік 
бағыттылығының шегінде болады. Бұдан, әрине, мақсаттың мазмұнға, 
ережеге сәйкес ниеттің сипаты да сай келеді дегенді шығарамыз. 
Н.С.Таганцев, “ниет пен мақсат – бұл екі коррелятивті түсініктер” деп 
жазған. Әйтпегенде, адамның кез-келген ерікті әрекеті мақсатты қоюдан, 
оған жету жолдарын анықтаудан, алға қойған мақсатқа жетуге және жүзеге 
асыруға жетелейтін ниеттердің пайда болуынан тұрады, яғни, олар шығарған 
шешімнің объективизациялануынан тұрады. Алайда мұнымен, белгілі 
мазмұнда мақсат ниеттің мазмұнын оған белгілі бір бағыттылық бере отырып 
анықтағанмен олардың мазмұндық сипаттамалары толық сәйкес келеді 
дегенді білдірмейтіндігін ұмытпағанымыз жөн. Мақсат сол іс-әрекеттің
обьективті нәтижесі, ниеттің құрылуына септігін тигізетін ішкі итермелеуші 
күш ретінде қарастырылады. 
Ниет дегеніміз – адамды қоршаған тіршілікті бейнелей отырып, оны 
белгілі бір әрекетте құлшындыратын психикалық күш. 


52 
Ниет пен мақсаттың арасындағы айырмашылық кейде тіпті қарама-
қайшылық көп қылмысты әрекеттерге, оның ішінде ысырап етуге де тән. 
Бөтеннің мүлкін талан-тараж ету тек пайдакүнемдік мақсатпен 
жасалатындығы барлығына белгілі. Ал ниет пайдакүнемдік сипатта болмауы 
да мүмкін. Бірақ пайдакүнемдік мақсатты жүзеге асырудың психологиялық 
негізіне пайдакүнемдік емес сипаттағы ниеттер қызмет етеді деген ереже 
ойға сиярлық па? Бұл сұраққа жауап беру үшін, ең алдымен, пайдакүнемдік 
ниетпен бірге осы қылмыстық әрекетке тән өзге ниеттердің жалпы 
бағыттылығын білуіміз қажет. Талан-тараж етуге шешім қабылдау адамды 
тек пайдакүнімдік мақсаттар емес, көре алмаушылық - жоғарырақ сипаттағы 
ниет, бірігу– біреуге ұқсау сипатындағы ниет, филантропикалық сипаттағы 
(өзге адамдарға көмектесу) ниеттер және өзге де ниеттер итермелеуі мүмкін. 
Көре алмаушылық ниеті мазмұны жағынан пайдакүнемдік ниетпен сай 
келмегенмен, оған өте жақын. Бұл жөнінде В. Даль былай деп жазады: “Көре 
алмаушылық 
ниетте 
пайдакүнемдік 
жоқ. 
Көре 
алмаушылық 
пайдакүнемдіктен, ал пайдакүнемдік көре алмаушылықтан туады”. 
Алайда мұның бәрі мақсаттың сипатын өзгертпейді, ол пайдакүнемдік 
болып қала береді, өйткені паразиттік бағыттағы адам өзі заңсыз байиды 
немесе біреулердің еңбексіз баюына септігін тигізеді. Біздегі деректер 
бойынша, мысалы, ысырап етушілердің 13% өзгелерге ұқсас ниетімен, 15% 
кәсіптік немесе жақындары мен таныстарына материалдық көмек көрсетуді 
тілеп альтруистік ниетпен, 22% көре алмаушылық ниетпен жасаған. 
Алынған материалдық құндылықтардың орнын толтырмай (талан-
тараждағы пайдакүнемдік ниет) баюға құлшыну өз мазмұны жағынан тікелей 
қасақаналықтың ерікті кезеңіне сәйкес келеді, ал оған интеллектуалдық кезең 
- өз әрекеттерінің қоғамдық қауіптілігін ұғыну бөтеннің материалдық 
мүліктік мүдделеріне жалпы алғанда, меншік қатынастарына зиян келетінін 
болжау 
кезеңі 
сәйкес 
келеді. 
Талан-таражда 
мақсат, 
тиісінше, 
қасақаналықтың ерікті кезеңімен сай келіп қана қоймай, оны белгілі бір 
интеллектуалдық мазмұнға толтырады. 
Иеленіп алу мен ысырап етудегі тікелей қасақаналық субьектісінің 
қоғамдық меншік қатынастарына белгілі бір нақты және мүліктік зиян 
келтіруді тілеуінен көрінеді. Еңбексіз жолмен баюға құлшына отырып 
(бөтеннің мүлкін ұрлай отырып) кінәлі баю мақсатына тек қайсібір меншікке 
зиян келтіру жолымен ғана жетуді тілейді және де ол мемлекеттік немесе 
қоғамдық ұйымның, немесе жеке иегердің меншігін қаншалықты азайтса, 
соншалықты мөлшерде байи алады. Ал, талан-тараждалған мүліктің меншік 
иесіне белгілі бір мөлшерде мүліктік зиян келтірмей талан-таражға салуы
мүмкін емес болғандықтан белгілі бір мөлшерде мемлекеттік немесе 
қоғамдық мүлікті, жеке адамның мүлкін азайтуды тілеумен сәйкес келеді. 
Ниеттің жалпы сипаты пайдакүнемдік болса, ол белгілі мөлшерде 
пайдакүнемдік 
мақсаттың 
бағыттылығымен 
анықталады, 
олардың 
қылмыстық қызметінің нақты мақсаттары мен ниеттері әртүрлі болуы 
мүмкін. 


53 
Ысырап етушілер сұраныстарының айырмашылығы олардың, белгілі 
мөлшерде, олар көздеген мақсаттың және қылмыс жасауға итерген ниеттің
мазмұнын анықтайтын материалдық қамтамасыз етілу дәрежесімен 
анықталады. 
Иеленуді дұрыс саралау үшін бөтен мүлкінің орнын толтырмай, 
пайдакүнемдік мақсатта пайдаланғанын білсек те жеткілікті. 
Пайдакүнемдік мақсатқа, ережеге сай, ниеттің бағыттылығы да сәйкес 
келеді. Алайда осы жалпы деректерге тоқтала отырып, оларсыз әділетті жаза 
тағайындау мен талан-тараждауға себепші болатын жағдайларды жою 
әдістерін анықтау елеулі түрде қиынға соғатын қылмыскердің жеке тұлғасы 
туралы деректерді есепке алмай кетуіміз мүмкін. Тиісінше, ниет пен 
мақсаттың қылмыстық-құқықтық (криминология) маңызы талан-тараждың
субьектісінің 
жалпы 
психологиялық 
бағыттылығын 
анықтаумен 
тәмамдалмайды, болмаса ниет жалпы бағыттылықтан басқа әрқашан 
мақсатпен анықталатын нақты мазмұнға толы, бұл қайсібір қылмысты 
әрекеттің нәтижесі жөніндегі оймен байланысты. 
Мақсат, ниет және нәтиже бір - бірімен тығыз байланыста болады. 
Соңғысы біріншісінен пайда болады және олар бір-бірімен шынайы
жанасқан. Ішкі құлшыныс ретінде ниет индивидтің қылмыстық 
белсенділігінің субьективтік себептері болып табыла отырып, іс-әрекеттің 
мақсаты мен оның нәтижесінің арасындағы байланыстырушы буын ретінде 
қатысады. 
Мақсаттың да, ниеттің де негізінде индивидке қатысты, оның мінез-
құлығын тікелей белгілі бір қалыпқа қоятын және құлшындыратын ішкі 
қатынас бар. Фридрих Энгельстің өзі “адамдар өз әрекеттерін өз 
қажеттіліктерінен (мұнда ол адамның басында да бейнеленеді) түсіндірудің 
орнына өз ойларынан түсіндіруге қалыптасып кеткен” деген пікірді әділетті 
түрде айтқан. 
Осылайша, бөтеннің мүлкін ысырап етушілердің әрекеті өмір сүрудің 
сыртқы жағдайларымен ғана емес олардың өмір сүру қағидаларымен де, олар 
қабылдаған және үйренген құндылықтар жүйесімен де, жалпы материалдық 
құндылықтарға, бөтен мүлікке деген қатынасымен де анықталады. Шынайы 
өмірдің өзі көрсеткендей, материалдық қажеттілік немесе қайсібір жайсыз 
өмірлік жағдайлар ысырап етушілерді қылмыс жасауға итереді, өзге 
мүдделерге деген жағымсыз қатынас, пайда табуға құлшыныс, жиі “жоғары” 
көзқарастармен жасырылатын рухани кедейлік те қылмысқа итереді. 
Әрине, материалдық жетіспеушілікті пайдакүнемдік ниеттің таралуынан 
деп түсінуге болмайды. Мұнда сөз тек материалдық жағдайының төмендігі, 
оның қажеттілігі мен мұқтаждығының арасында қарама-қайшылықтарды 
туғызатындығын байқаймыз. Бұл жерде қарама-қайшылықтар, ол объективті 
және субъективті жағдайларға байланысты қандай жолмен шешіледі? 
Қылмыстық жолмен бе, әлде заңды жолмен бе?-деген сұрақтар туындайды. 
Д.А.Кикнадзе жеке тұлға мінез-құлығының психологиялық механизмін 
талдай отырып: “Қоғамдық қажеттіліктер өз кезегінде – ерекше жеке 
сананың нақты мүдделерін, тілектер, құлшыныстар, мақсаттар және тағы 


54 
басқа түріндегі мұқтаждықтарды туғызады. Сана арқылы сезім ниеттенуді 
оятады, ал ниеттену – белгілі бір шешім шығаруға әкеледі. Шешімнен кейін 
әрекеттің кезегі келеді” деп жазады. 
Қажеттіліктердің өзін тиісінше, обьективтік шындық туғызады, оны жеке 
тұлға ниет пен мақсат түрінде ұғынады және ол қылмыстық қызметінің 
мақсаттық ниеттену аясының негізгі көзі болады. Кез-келген қылмыстық 
әрекетте, оның ішінде жеке адам сұранысының адам санасындағы 
бейнеленуін көрсететін қажеттіліктер жатады. Жеке тұлғаның жалпы 
қоғамға, мінез-құлық ережелері мен нормаларына деген қатынасы, оның 
бағалаушылық тағылымы шешуші дәрежеде ең аяғында құрылған 
қажеттіліктерге, олардың тереңдігіне, даму деңгейі мен кеңдігіне байланысты 
болады. Бұл қатынастың мәні жеке тұлғаның (индивидтің) өзіне обьективті 
түрде берілген тіршілік жағдайларын өзіне бекітуінен тұрады. Ысырап 
етушінің қылмыскер ретіндегі тұлғасы бұл мағынада субьектінің әлеуметтік 
ортаға деген өзіндік қатынасын көрсетеді: ол өзінше жете дамыған, тіпті 
кейде кедей, кейде бұзылған немесе артық дамыған қажеттіліктер 
нысанындағы өзінің өмір сүруіндегі жағымсыз жағдайларды алып жүреді. 
Егер қылмыскер өзі талан-таражға салған заттарды ысырап етудің 
сипаты мен ысырап етушінің спирттік ішімдіктерге деген бейімінің 
байланысын зерттесек, онда талан-таражға салудың ысырап етуде мұндай 
тұрпайы қажеттілік, яғни алкагольге бейімділік өзін өте айқын көрсетеді. 
Біздегі деректерге сүйенсек, спирттік ішімдіктерді қолданбайтындардың 
ішіндегілер оларды сатып алуға 
талан-тараждалғанын қаражатты 
сотталғандардың 10% жұмсаған және 40% - дан асатындары талан-
тараждалғанды өмір сүруге қажетті заттарды сатып алу үшін пайдаланған. 
Талан-таражға салынған мүлікті, спирттік ішімдікке жақындығы барлар 
мүлдем басқаша ысырап еткен, олардың 60% талан-тараждалған мүлікті 
спирттік ішімдіктер алуға жұмсаған, ал 15%-ғана өмір сүру заттарын сатып 
алуға жұмсаған. 
Әрине, барлық жағдайларда адамның мінез-құлығының ниеті “тікелей” 
қажеттілікке тіреледі деген тоқтамға келуге болмайды. “Егер қылмыстардың 
ниеттері тек қажеттіліктермен анықталса, қылмыстылықтың негізін табу 
үшін олардың мазмұнын өзгерте салу жеткілікті болар еді”- деп әділетті 
түрде С.А. Тарарухин атаған. 
Қажеттілік ниеттің негізінде жатады, бірақ қажеттілік ниет болып 
табылмайды деген деректі есепке алуымыз керек. Қоғамдық тіршіліктің 
обьективтік жағдайларынан пайда болған қажеттіліктер жеке тұлғаның 
субьективтік, әлеуметтік-психологиялық қасиеттеріне, оның көзқарастарына, 
әлемтануына және бағалаушылық ориентациясына байланысты құқықтық 
немесе құқыққа қайшы әрекеттермен қанағаттандырылады. Аталған жеке 
бастың қасиеттері мен қылмыс жасалған кезеңдегі нақты өмір жағдайларын 
есепке алу мақсатын пайда болу процесін ұғынуға және оларға жету 
құрамдарын анықтауға жол береді. Қажеттілік жеке тұлғаның, мақсат және 
ниетпен байланысты, негізгі қалыптастырушы қасиетіне жататынын назарға 
алуымыз керек: мақсат – бұл қылмыстың қажеттілігі мен ниеттің арасындағы 


55 
“көпір”, ниет ерікті мінез-құлықты туғызатын күшке мақсатпен байланыса 
отырып қана ие болады. Ниет пен мақсаттың арасындағы өзара қатынас 
қажеттілік арқылы өтеді. Сондықтан, Карл Маркс, қажеттілік бір мезгілде 
құлшыныс ретінде де, мақсат ретінде де қатыса алады деген. Тиісінше, 
қажеттілік ниеттің де, мақсаттың да негізінде жатады, міне осы олардың 
арасындағы өзара қатынас пен өзара шарттылықты анықтайды. 
Сонымен қатар, бұл байланысты қарапайым деп есептеуге де болмайды. 
Мұндай байланыстың, егер қылмысты жасаған адамның қажеттіліктері, оның 
қылмыстық қызметінің мақсаттары бір емес, белгілі бір иерархиясы бар 
ниеттердің тобымен байланысты болатынын назарға алсақ, міндетті түрде 
болуы 
сөзсіз. 
Бөтеннің 
мүлкін 
талан-тараждауға 
байланысты 
сотталғандардың ішінен пайдакүнемдік мақсатпен жасағандардың 4,3% 
қызығушылық (интимдік) немесе альтруистік ниеттің әсерін, 7,1% біреулерге 
ұқсағысы келу ниетінің әсерін басынан кешірген. Ысырап етушілік жасап 
сотталғандардың 33,3% пайдакүнемдік ниеттің әсерін, 11,1%-қызығушылық 
(интимдік) және альтуристік ниеттерді басынан кешірген. 
Бірдей обьективтік құбылыстардың (мысалы, белгілі бір құлшынысты 
қанағаттандыру мүмкіндігінің болмауы) бір адам үшін уақыттың әр кезеңінде 
немесе уақыттың бірдей кезеңдерінде түрлі адамдар үшін маңызы әртүрлі 
болуы мүмкін екені белгілі. 
Әлеуметтік 
жағынан 
алып 
қарағанда, 
қылмыскер 
әлеуметтік 
байланыстарды және өзінің соңынан әлеуметтік жауаптылықтың ерекше 
түрін алып жүретін субьектінің әлеуметтік қайшы мінез-құлығының 
қасиеттерінде қалыптастырған байланыстылықты алып жүруші болып 
табылады. 
Құқықтық тұрғыдан алып қарағанда, қылмыскердің әлеуметтік қайшы 
мінез-құлығы, олар үшін әлеуметтік жауаптылықтың өзіндік бір түрі - 
қылмыстық 
жауаптылықты 
көздейтін 
қылмыстық 
заңдылықта 
қарастырылған (қылмыс) қоғамдық қауіпті әрекетті көрсетеді. 
Бөтеннің мүлкін ысырап етушінің жеке басы мен талан-тараж етудің, 
бұлардың бөлінбейтін бөлігін ашатын жалпы әлеуметтік белгісі бар. Бұл 
белгіге ерекше әлеуметтік қасиет әрекеттің қоғамдық қауіптілігі жатады. 
Оның обьективтік мазмұнының сақталуы және дамуына қоғам мүдделі 
қоғамдық қатынастарға әртүрлі әлеуметтік жағдайларда пайда болатын 
шынайы зиян тигізу мүмкіндігі құрайды. 
Осылайша, ысырап етушінің қауіптілігі оның бұрынғы қылмыстық 
әрекетінде емес, ең бастысы оның келешекте талан-таражды жасау 
мүмкіндігінде. 
Адамның бөтеннің мүлкін бірнеше рет қайталап талан-таражға салуы, 
өзінің қажеттіліктерін қылмысты жолмен қанағаттандырудағы жеке 
қатынастарының тұрақтануын көрсетеді. Егер бұл жағдайда адам 
қылмыстық жауаптылыққа тартылмаса, оған ұқсас жағдайда осындай мінез-
құлықты қайталауының мүмкіндігі өсе түседі. 
Сондықтан 
пайдакүнем 
қылмыскердің 
қоғамдық 
қауіптілігінде 
әлеуметтік тіршілікте бөтеннің мүлкін талан-тараждау кезінде, оның 


56 
әлеуметтік бейнесінен, әрекетінің бағыттылығы мен рөлінен табылған 
тұрақты қасиеттері бекітіледі. Міне сондықтан да әлеуметтік белгі ретінде 
қоғамдық қауіптілікті ысырап етушінің жеке тұлғасы түсінігінің негізіне
енгізу қажет. 
Аталған белгі ысырап етушіні, онда өзінің, бөтеннің мүлкін қайтармай 
құқыққа қайшы алып қоюымен байланысты пайдакүнемдік ниетімен, қоғамға 
зиян тигізу қасиеттерімен қоғамға қауіпті жеке тұлға ретінде анықтауға жол 
береді. 
Қылмыскердің жеке басының пайдакүнемдік - өзімшілдік бағыттылығы 
өзге меншік иелерінің, ең аяғы мемлекеттің, қоғамның, жеке адамның 
мүддесіне қайшы жалпы сипат ретінде келешекте тереңдігі бойынша, кеңдігі, 
бекемдігі, көріну айқындылығы, мазмұнының сипаты жағынан нақтылануы 
мүмкін. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет