Ылмыстар институты



Pdf көрінісі
бет4/31
Дата25.12.2022
өлшемі0,71 Mb.
#59475
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31
арасындағы себепті байланыс. Тек қарақшылық құрамының аяқталу кезеңі 
алғашқы қылмыстық қызмет сатысына көшірілгендіктен келте қылмыс 
құрамы ретінде берілген. Ал қорқытып алушылық формальдық құрам 
ретінде сипатталған. Яғни, қылмыстың объективтік жағының міндетті белгісі 
ретінде қылмыстық іс – қимыл қарастырылған. 
Меншікке қарсы қылмыстарда іс – қимыл көбінесе белсенді әрекет 
сипатында болады. Тек қана алдау немесе сенімге қиянат жасау жолымен 
мүліктік зиян келтіру әрекетсіздік арқылы жасалына алады. Мүлікті 
абайсыздықта жою немесе бүлдіру барысында да әректсіздік болуы мүмкін. 
Қылмыстық нәтиже әруақытта да материалдық сипатта болады да, мүліктік 
зиян келтіруден көрінеді. Көп жағдайда қылмыстық нәтижені меншік иесіне 
немесе өзге де адамдарға келтірілген тікелей нақты залал құрайды. Тек қана, 
алдау немесе сенімге қиянат жасау жолымен мүліктік зиян келтіру кезінде 
залал жіберіліп алынған табыс нысанында болуы мүмкін. 
Меншікке қарсы қылмыстардың көпшілігінің объективтік жағының 
міндетті белгісі – қылмысты жасау әдісі (күш қолданып, күш қолданбай
жасырын немесе ашық) болып табылады. 
Меншікке қарсы қылмыстардың ішіндегі тек біреуі ғана абайсыздық 
нысанындағы кінәмен жасалынады – ол бөтеннің мүлкін абайсыздықта жою 
немесе бүлдіру арқылы жасалған қылмыс, ал қалған қылмыстар тек 
қасақаналықпен жасалынады. Осыған байланысты тек бөтеннің мүлкін 



қасақана жою немесе бүлдіру тікелей немесе жанама қасақаналықпен 
жасалынады да, қалғандары тек тікелей қасақаналықпен жасалынады. 
Жалпы ережелерге сәйкес меншікке қарсы қылмыстардың субъектісі – 
жалпы субъект болып табылады. Тек бір ғана қылмыста – бөтеннің мүлкін 
иелену немесе ысырап етуде ғана арнайы субъектісі болып табылады. Кейбір 
қылмыс құрамдарында арнайы субъект ауырлататын белгі ретінде берілген. 
Мысалы: адамның қызмет бабын пайдаланып алаяқтық жасауы. 
Қылмыстық жауаптылық туындайтын жас мөлшеріне қатысты меншікке 
қарсы барлық қылмыстарды екі топқа бөліп қарастыруымызға болады. Келесі 
қылмыстар үшін 16 жастан жауаптылық туындайды: алаяқтық, бөтеннің 
мүлкін иелену және ысырап ету, алдау немесе сенімге қиянат жасау жолымен 
мүліктік зиян келтіру, көрінеу қылмыстық жолмен табылған мүлікті сатып 
алу немесе сату, интеллектуалдық меншік құқықтарын бұзу, жерге заттай 
құқықтарды бұзу, бөтен адамның мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру, бөтен 
адамның мүлкін абайсызда жою немесе бүлдіру. Ұрлық, тонау, қарақшылық, 
қорқытып алушылық, автокөлікті ұрлау мақсатынсыз заңсыз иелену, 
ауырлататын жағдайда бөтеннің мүлкін қасақан жою немесе бүлдіру үшін 
жауаптылық 14 жастан бастап туындайды. 
Мүлікке қарсы қылмыстар қылмыс құрамының субъективтік белгілеріне 
байланысты пайда табу мақсатында және пайда табу мақсатынсыз болып 
бөлінеді. 
Пайда табу мақсатындағы қылмыстардың субъективтік жағының міндетті 
белгісі - пайда табуды көздеу немесе сондай себептер. Сонымен қатар, пайда 
табу мақсатындағы қылмыстарды, олардың объективтік жақтарының 
белгілеріне қарай, мүлікті алумен байланысты талан – таражға салу деп 
аталған қылмыстарға және талан - таражбен байланысты емес қылмыстарға 
бөлуге болады. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне сәйкес 
талан – таражға ұрлық, алаяқтық, бөтеннің мүлкін иелену және ысырап ету, 
тонау, қарақшылық және ерекше құнды заттарды ұрлау жатқызылады. 
Талан – таражбен байланысты емес қылмыстарды: қорқытып алушылық, 
алдау немесе сенімге қиянат жасау жолымен мүліктік зиян келтіру, көрінеу 
қылмыстық жолмен табылған мүлікті сатып алу немесе сату, автомобильді 
немесе өзге де көлік құралдарын ұрлау мақсатынсыз заңсыз иелену құрайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет