Қылмыстық-атқару құқығы бойынша дәрістер Дәріс



Pdf көрінісі
бет2/14
Дата06.02.2023
өлшемі245,6 Kb.
#65556
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Байланысты:
УИП каз. лекция

2 Дәріс.
 
ҚР Қылмыстық атқару заңнамасы қылмыстық жазаны өтеу және атқару процессіне 
байланысты туындайтын қоғамдық қатынастардың кешенін реттейтін заңдар жүйесін 
көрсететін жалпы қазақстандық заңнамалар бөлігі. 
Қылмыстық атқару заңнамасы-қылмыстық жазаны атқару және өтеудің тәртібі және 
жағдайын реттейтін және сотталушыларға түзеу құрамын қолдануға қатысты заңдардың 
жиынтығы. 
Қылмыстық атқару заңнамасы реттеудің пәні болып біріктірілген жазалардың барлық 
түрлерін атқару, сондай-ақ түзеуге әсер ету шарасымен байланысты емес біріктірілмеген, 
сондай-ақ басқа да қылмыстық құқықтық шаралар жатқызылады. 
Қылмыстық атқару заңнамасы мынадай қағидаларды басшылыққа алады. 
1. Заңдылық; 
2. Заң алдында барлығының теңдігі; 
3. Ізгілік; 
4. Демократизм; 
5. Жариялылық; 
6. Жазаны атқаруды жекелеу және даралау; 
7. Түзеу әсерімен жазаларды біріктіру; 
Қылмыстық- атқару құқығының нормасы-құқық қатысу қатысушылары және 
субъектілерінің мінез құлқының үлгісі (мемлекеттік органдар, ұйымдар, қоғамдық 
бірлестіктер, лауазымды адамдар, сотталушылар және жекелеген азаматтар). 
Нормалардың ұйымдарға сәйкес жазаны атқару процесіне қатысты пайда болатын 
қоғамдық қатынастар және сотталушыларға түзеумен әсер етуге қатысты қолданылатын 
шаралар белгіленеді.
Қылмыстық атқару құқығы нормаларының түрлері:
1. Регулятивті (құқық анықтаушы) қылмыстық атқару құқығына қатысушы субъектілер 
және басқа да қатысушылардың құқықтары және міндеттерін анықтайды.Олар 
бөлінеді: 
а) міндеттеуші 
б) тыйым салушы 
в) теңестіруші 
2. Құқық қорғаушылар қылмыстық жазаны атқару процесінде туындайтын құқық 
қатынастарды қорғауды қамтамасыз етуі тиіс. 


3. Мадақтаушы
4. Дефинитивті 
II.Көлеміне байланысты 
1) Негізгі 
2) Нақтылаушы 
III. Мазмұнына байланысты 
1) Материалды 
2) Процессуалды 
Қылмыстық атқару құқығы нормасының құрылымы. 
1. Гипотеза-осылардың болуы жағдайында жағдай немесе оқиға қолдануы тиіс. 
2. Диспозиция-норма тірегі құқық қатынастарына қатысушылар субъектісінің және 
қатысушыларының мінез-құлық ережесі, құқық және міндеттерін анықтайды. 
3. Санкция-белгіленген мінез-құлық ережелерін бұзу салдарынан құқық нормасымен 
көзделеді. Қылмыстық атқару құқығы қылмыстық кодекс нормасын санкциясының 
ерекшелігі болып, олар басқа бапта болуы мүмкін, бірақ ҚР қылмыстық атқару 
құқығында белгіленген ережелерді бұзу негізінде қолданылады. Санкциялар тек 
сотталушыларға қолданылады, басқа да субъектілер әкімшілік немесе еңбек 
құқығы нормасына сәйкес жауапкершілікке тартылады. 
Қылмыстық атқару құқығының нормасының мазмұны 
Жазаны атқаратын және өтейтін субъектілердің құқығы және міндеттері олардың 
қызметін екі бағытта реттейді: жазаны атқару барысында және түзеу әсер етуін қолдану 
үшін
Үкімді атқаруға байланысты бірнеше субъектілердің арасында пайда болатын қылмыстық 
атқару құқықтық қатынастары нәтижесінде олардың құқықтары және міндеттері 
туындайды.
ҚАҚ үкімінің заңды күшіне енген сәттен бастап пайда болады және сотталушылардың 
жазаны өтеуіне дейін жалғасады. 
Жазаны атқару барысында және түзеумен әсер етуді қолдану барысында пайда 
болатын құқықтық қатынастарды бөлу қажет. 
ҚАҚ объектілері- құқықтық қатынасқа байланысты туындайтын құбылыстар және 
заттар.
Заң фактілері ҚАҚ байланысты туындайтын, өзгеретін және тоқтатылатын әрекеттер 
немесе оқиғалар. ҚАҚ- топтарға бөлінеді: 
1. Генералды заң фактілері (соттың заңды күшіне енуі және оны атқаруға жіберу, 
сотпен тағайындалған жазаны ескіру мерзімі және т.б.) . 
2. Күрделі заң құрамы бар әрекеттер. 
3. Нақты құқықтық қатынастар пайда болатын, өзгеретін немесе тоқтатылатын 
фактілер. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет