Қылмыс жасаған сезіктілер және айыптыларды қамауға
алу тәртібі және жағдайы
«Қылмыс жасаған сезіктілер және айыптыларды қамауға алу тәртібі және жағдайы
туралы» 30.03.99 жылғы ҚР Заңымен реттелінеді. Қамауға алу екі нысанда жүзеге
асырылады: қылмыс жасаған сезіктіні ұстау және қамау түріндегі
бұлтартпау шарасын
таңдау. Қамауға алу қылмыстық жазаның шарасы болып танылмайды,
ҚР ҚІК139 бабына сәйкес бұлтарпау шарасын қолдану үшін жеткілікті негіздер болуы
қажет:
1 айыпталушы анықтама немесе алдын ала тергеуден жасырылуы мүмкін;
2 айыпталушы немесе сезікті объективті тергеуге кедергі келтіруі мүмкін;
3 айыпталушы қылмыстық іс-әрекетпен айналысуды жалғастыра беруі мүмкін;
4 үкімнін атқарылуын қамтамасыз ету.
Жаза тек кінәлі адам қылмыс жасағандығы үшін кінәлі
деп танылған жағдайда ғана
қолданылуы мүмкін.
Қамауға алу-мемлекет қызметінің әлеуметтік маңызды саяси, оған белгілі бір қағидалар
таралады.
Жоғарыда айтылған заңның 4 бабына сәйкес, қамауға
алу келесідей қағидалармен
жүзеге асырылады.
1. заңдылық
2.кінәсіздік презумциясы
3.азаматтардың заң алдында теңдігі
4.ізгілік
5.адамның ар-ожданын және қадір-қасиетін құрметтеу
6. халықаралық құқық нормаларын сақтау.
Қамауға алу қылмыс жасаған айыпталушыға немесе сезіктіге
дене және психикалық
жарақаттарын келтіретін әрекеттермен жүргізілмеуі тиіс.
Осы қағидаларды ескере отырып сезіктілер және айыпталушылар заңмен көзделген
мекемелерді ғана ұсталады. Қамауға алу тәртібі жүзеге асыратын мекеменің негізгі түрі
болып тергеу изоляторлары танылады. 1қаңтар 2005жылға дейін ІІМ және ҰҚК жүйесінде
болған, ол қазір Әділет министірлігі басқармасына берілген. Қазақстанда 17
ТИЗО бар,
оларда 15мың адам ұсталуда.
Достарыңызбен бөлісу: